Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет134/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(тәжалли)
ретінде көретін. Бұл есімдердің кейбірі Құдайдың 
азабы мен қаһарын көрсетсе, кейбірі иләһи реттіліктің табиғатында бар 
мейірім секілді қасиеттерді паш ететін. Мистик тұлға Құдайдың жақын
-
дығын, мейірімі мен сұлулығын барлық жерден иеленіп, бұдан басқа дү
-
ниелерден өзін арылту үшін әрдайым күресте 
(жиһад)
болады. 
Мәснәуи
мұ
-
391 Masnawi. I, 
і
, quoted in Hodgson, The Venture of Islam, (Cambridge, 1922), p. 148


339
сылманға адам өміріндегі трансцендентті қырын табуға және құбылыстар 
ішінде жасырын жатқан ақиқатты көруге шақыратын. Әр нәрсенің ішіндегі 
сырға назар салғызбай, бізді көрсоқыр қылған менмендік, бірақ бұдан бір 
рет құтылдық па, шашыраңқы, бөлек-бөлек болмыс болудан құтылып, барша 
болмыстың Негізі арқылы тұтастыққа жетеміз. Руми де Құдайдың тек қана 
субъективті тәжірибе екенін табанды түрде айтатын. Басқа кісілердің Құдай 
жайлы түсініктеріне құрмет көрсетуіміз қажет екенін ұғындыру мақсатын
-
да Мұса мен шопан арасында болған қызық хикаяны баяндайды. Бір күні 
Мұса бір шопанның жан-тәнімен беріліп, Құдаймен сөйлесіп жатқанына куә 
болады: Құдайдан Оған жәрдем қылуды, Оның киімдерін жууды, биттерден 
тазартуды, ұйқыға бас қойғанда қол-аяғын сүюді сұрайды. Дұғасын: «Сені 
еске алғанда тілім келгені осы аййй мен аһһһ» деп аяқтайды. Мұса қайран 
қалады. Шопан кіммен сөйлестім деп ойлап тұр? Көк пен жердің Жаратушы
-
сымен бе? Көкесімен сөйлесіп жатқандай! Шопан ұялып қалады және үміт
-
сіздікке беріліп шөлге қарай қашады, бірақ Құдай Мұсаны сөгеді. Құдайдың 
қалауы ортодокс сөздер емес, жалынды ғашықтық пен мойынсұнушылық. 
Құдай жайлы сөйлеудің дұрыс жолы осы деген нәрсе жоқ.
Саған ұнамсыз дүние, оған дұрыс,
Біреуге удай көрінген, біреуге – бал.
Кім таза, кім лас, кім думанды, кім тыныш
Маңызды емес, оған мән Мен бермеймін.
Құлшылық күшті, я әсерсіз
Деп тағы да бөлмеймін:
Үнділер құлдық етер өз хәлімен,
Дравид мұсылмандар Үндістанда көргенімен.
Екеуі де Мені ұлықтар, барлығын да құп көрем.
Ұлықтығым қатесіз қылған дұғада емес,
Құлдық еткен сезімде! 
Естімеймін сөздерін, 
Бар маңызы сынықтық қылған хәлінде. 
Шынайылық – қарапайым болған жанның ішінде.


340
Сөзде емес! Ұмыт сұлу тіркесті,
Жалын
керек, жарып шыққан жүректі! 
Досы болшы Жалын шарпып өзекті,
Өртеп жібер бөтен ой мен сөздеріңді кезекті!
392
Құдайы жайындағы әр сөз шопанның 
сөзі
секілді мағынасыз, алайда 
иман еткен жан пәранжаның арасынан ақиқатқа назар салғанында барша 
адами ұғымдардың жаңылыс екенін көреді. 
Мұндай трагедия Еуропа яхудилеріне де жаңа бір Құдай ұғымын қалып
-
тастыруға әсер етті. Батыстың антисемит крест жорықшылары яхуди діни 
топтарға өмір сүру мүмкін еместей қысым жасады және осыған байланысты 
олардың көпшілігі Тақтағы Мистиктердің сезінген трансцендентті Құдайдан 
гөрі нақты, тұлғалық Құдайды қалай бастады. Оныншы ғасырда Калони
-
мостар әулеті Италиядан Алманияға қоныс аударды және өздерімен бірге 
мистикалық әдебиетті де алып өтті. Алайда он екінші ғасырда әртүрлі қы
-
сымдарға ұшыраулары ашкеназ сеніміне жаңаша пессимизм атмосферасын 
туғызды және осы жағдай Калонимос тайпасының үш мүшесінің жазбала
-
рында хатталып қалды. Қартаң раввин Самуил Құдай Қорқынышы 
(Сефер 
һа-Иирақ) 
атты рисаласын 1150 жылы жазған-тын. Раввин Иуда бен Саму
-
ил Сенушілердің Кітабы 
(Сефер Хасидим)
еңбегін және немере інісі Ворм
-
слы раввин Элеазар бен Иуда (1230 ж.ө.) бірнеше трактат пен мистикалық 
мәтін жарыққа шығарған. Бұлар философ немесе жүйелі ойшылдар емес 
және еңбектері идеяларын қол жеткізу мүмкін еместей көрінетін бастау
-
дан алғандарын көрсетеді. Олар кітаптары еврей тіліне аударылған, қатқыл 
түсініктегі философ Сааида бин Юсуф және Франциск Ассилий сынды хри
-
стиан мистиктерінің өте қатты ықпалында болған. Бұл таңғажайып қайнар 
көзден қорытылған әсер алып, Франция мен Алмания яхудилері үшін он 
жетінші ғасырға дейін маңызын жоғалтпаған бір руханилық қалыптасты
-
руға күштері жетті. 
Еске түсіре кетсек, бұл раввиндер Құдай жаратқан ләззат түрлерінен 
392 This Longing, Teaching Stories and Selected Letters of Rumi, trans. and ed. Coleman Banks and John Moyne (Putney, 1988), p. 20.


341
тыйылуды күнә деп жариялайды. Бірақ неміс пиетистер христиан аске
-
тизмін еске түсіретін бір тақуалық жолын уағыздады. Бір Яхуди тек құмар
-
лықтан теріс айналғанда және үйде мал бағып, балалармен ойнау секілді 
істермен уақыт өткізуден тыйылғанда ғана арғы дүниеде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет