Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет132/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(Инсан-и кâмил)
символын қалыптастырды. Мұхаммед 
Пайғамбар өз заманының Кәміл Адамы және иләһи ақиқаттың айрықша 
белсенді символы. 
Бұл ішке бағытталған, елес күшіне иек артқан мистицизм адамның өз 
387 Chittick, «Ibn Arabi and His School», in Nasr, ed., Islamic Spirituality, p. 58.
388 Majid Fakhry, A History of Islamic Philosophy (New York and London, 1970), p. 282.


335
болмысындағы экзистенционалды негізін зерттейтін. Мистиктерді діннің тым 
догматик формасын қалыптастыратын менмендіктерден арылтатын. Әркім 
Құдайдың жеке тәжірибесіне ие бола алатындықтан, ешбір діннің жалғыз 
өзі ғана иләһи сырды толықтай паш ете алмайтындығы белгілі болады. 
Құдай жайлы барлық адамның қабыл етуі тиіс объективті ақиқат жоқ; бұл 
Құдай тұлғалық категориядан жоғары тұрғандықтан, яғни трансцендентті 
болғандықтан, Оның бейіл қойған әрекеттері жайлы болжамдар мағынасыз. 
Басқа біреулердің сенімін терістеп, өз иманын артық көріп, үстемшіл болу – 
жағымды дүние емес, өйткені ешбір дін Құдай жайында толық ақиқатқа ие 
емес. Ибн әл-Араби Құранда да кездесетін, басқа діндерге қатысты позитивті 
позиция қалыптастырды және мұны жаңаша экстремалды толеранттылыққа 
жеткізді: 
Жүрегім менің әр қалыпқа кіре алады, 
Поптар үшін бір монастырь, 
Пұтпарасқа тас мүсін. 
Қарақұрыққа шалғын шөп, 
Шын тақуаға Қағба боп, 
Құран менен Тәуратқа 
Қажет болар бумадай, 
Иманым менің ғашықтық, 
Қай бағытқа керуен басын тура бұрса да,
Тек тура дін өзімде,
Өйткені ол – ғашықтық.
389
Құдайға қауышқан адам синагогада, пұтпарастық храмда, шіркеуде және 
мешітте де дәл өз үйіндегідей сезінеді, өйткені барлығы да Құдай алдында 
қабыл болатын бағытты ұстанады. Ибн әл-Араби «сенім арқылы жаратылған 
Құдай» 
(халқ әл-хақ фил-итиқад) 
сөзін жиі қолданады; егер адамдар белгілі 
бір дін ішінде өздері жаратқан «Құдай» жайлы айтса және мұны Құдайдың 
389 Quoted in R. A. Nicholson, The Mystics of Islam, p. 105.


336
өзімен қатар қойса, бұл төмендету, қорлау сияқты көрінеді. Бұл жерден толе
-
рантсыздық пен фанатизм шығады. Мұндай бейсаналы пұтқа табынушылық 
жайлы Ибн әл-Араби мынадай кеңес береді:
Өзіңді ешқандай сенімге тым қатты байлама, әйтпесе басқалары
-
на сенбей қаласың; бұлай істесең, көптеген жақсылықтан құр қаласың 
және материалдық әлемнің ақиқатын тануға күшің жетпейді. Барлық 
жерде хазыр-нәзір болатын Құдай, қандай да бір сенімнің шеңбері
-
не сыймайды, өйткені Ол «Қайда қарасаң да Алланың жүзін көресің» 
(Құран 2:109) деген. Әркім сенгенін мақтайды; оның Құдайы оның өзі 
жаратқаны және оны мақтаған кезде өзін де мақтайды. Нәтижесінде 
басқалардың сенімін сынайды, әйтпесе нағыз әділ болса, бұлай жаса
-
мас еді, бірақ оның бұлай ғашықтықтан мақұрым қалуы надандығынан 
келіп шығады.
390
Құдайды 
ешқашан 
көре алмаймыз, бірақ әрқайсымыз оның абстрактілі 
болмысын сездіретін, өзіміз ұғынған тұлғалық Есімін білеміз; сондықтан 
біздің кейіптенген Құдай туралы түсінігіміз бұлжымастай болып, өзіміз туған 
ортадағы діни дәстүр арқылы қалыптасады. Ал мистик 
(âриф)
біздің Құдай 
деп жүргеніміздің жәй ғана «періште» немесе иләһи ақиқаттың айрықша 
символы екендігін біледі; бұл ешуақытта Жұмбақ Ақиқаттың дәл өзімен 
шатастырылмауы тиіс. Демек, мистик барлық дінді пайдалы құдайлық аян 
түрінде көреді. Тым догмалық діндердің Құдайы адамдарды майданның 
қарсы шебіндегі тараптарға бөліп жатса, мистиктердің Құдайы – адамзатты 
біріктіруші бір күш.
Ибн әл-Арабидің ілімі мұсылмандардың көпшілігі үшін тым түсініксіз 
болғаны рас, бірақ қарапайым халық арасына кең жайылды. Он екінші 
және он үшінші ғасырларда сопылық азшылықтың қозғалысы болудан қал
-
ды және Ислам империясының көптеген бөлігінде доминант Ислам түсінігі 
хәліне айналды. Бұл кезең – әрбірі өзіне тән мистикалық сенімнің өзгеше 
390 R. A. Nicholson, ed., Eastern Poetry and Prose (Cambridge, 1922), p. 148.


337
түсіндірмесіне ие сопылық 
тариқат
тардың құрылған дәуірі. Сопы шейхтың 
халық арасында ықпалды абыройы бар және әдетте шиит имамдарына тән 
сипатта әулие ретінде құрметке бөленді. Бұл кезең саяси белсенділіктің де 
уақыты: Бағдат халифалығы тарауға шақ тұрды, ал моңғол шапқыншылығы 
салдарынан мұсылман шаһарлары бірінен соң бірі қирап жатты. Халық 
файласуфтардың ұзақтағы және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет