Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет128/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Алам әл-мисал
исмаилиттердің дүниедегі құбылыстардың ақиқат 
378 Hiqmat al-Ishraq, quoted in Henri Corbin, Spiritual Body and Celestial Earth, From Mazdean Iran to Shiite Iran, trans. Nancy 
Pearson, (London, 1990), pp. 168–69.


327
мәнін түсіндіретін Исламның рухани тарих түйсігімен немесе Ибн Синаның 
өткен бөлімде талқыланған «ангелологиясымен» тығыз байланысты еді. Ке
-
лешектегі бүкіл Ислам мистиктері үшін өз тәжірибелері мен елестерін жора
-
малдау әдісі ретінде мұның маңызы ерекше еді. Сухрауарди шаман болсын, 
мистик болсын, аскет болсын, әртүрлі мәдениеттерде көрініс тапқан, ұқса
-
стықтары көзге ұрып тұрған көріністерді зерттейтін. Бұл құбылысқа қаты
-
сты қызығушылық соңғы уақытта ғана артты. Юнгтің ұжымдық бейсаналық 
ұғымы адамзатқа ортақ шығармашылық қиялды ғылыми тұрғыдан зертте
-
уге деген ұмтылысты көрсетеді. Румын текті америкалық философ Мирча 
Элиаде сынды басқа да ғалымдар антикалық ақындар тудырған дастандар 
мен кейбір ертегілердің осындай экстатикалық саяхаттар мен мистикалық 
самғаулар негізінде қалай өрбігенін түсіндіруге талпынған.
379
Сухрауарди мистиктердің көргендері мен Киелі Кітаптардағы Жәннат, 
Жәһаннам немесе Қиямет Күні сынды символдардың осы әлемдегі тір
-
шілікте бастан кешірген көріністер секілді шындық екенін, бірақ басқаша 
бейнеде болатындығын қуаттаған. Бұларды эмпирикалық тұрғыдан дәлел
-
деу мүмкін емес, бірақ елестету қабілеті арқылы таныла алады. Бұл қабілет 
тылсым көріністерді байқай алатындарға ғаламдағы құбылыстарды рухани 
өлшемде көру мүмкіншілігін береді. Бұл тәжірибе қажетті тәрбиені алмаған
-
дар үшін танылмайтын құбылыс; Бұл Буддистік кемелдіктің міндетті белгілі 
бір моральдық һәм саналық жаттығулардан өткеннен кейін ғана сезілетіні 
сияқты. Біздің барша ойларымыз, идеяларымыз, қалауларымыз, түсіміз және 
көргендеріміз 
алам әл-мисал
дағы шындықтарға сәйкес келеді. Мысалы, Мұ
-
хаммед Пайғамбар бұл аралық әлемге Құдайдың дәргейінің есігіне дей
-
ін жоғарылаған Түнгі Сапар кезінде көтерілген. Сухрауарди яхудиліктегі 
«Тақтағы Мистицизмнің» көрген құбылыстары да назарды күшейтетін руха
-
ни жаттығулар арқылы 
алам әл-мисал
ға жоғарылау арқылы танылған дүни
-
елер деуі мүмкін еді. Осылайша, Құдайға барар жол, философтар айтқандай, 
тек қана ақылға байланып тұрған жоқ, мистиктердің патшалығы саналатын 
бейнелі жарату қабілеті де бұл жолда өте маңызды.
379 Mircea Eliade. Shamanism, p. 508


328
Бүгін Батыстағы көптеген адам атақты бір теолог Құдайды терең мағына
-
дағы елестетудің жемісі десе, таң қалып, қарсы шығуы ғажап емес. Ал мұн
-
дай елес пен бейнелі қабылдаудың о бастан діни қабілет болғандығы анық. 
Жан Поль Сартр бұны 
жоқ нәрсені ойлай алу қабілеті
деп сипаттаған.
380
Адам – болмаған немесе әлі бар екенін көрсетпеген, бірақ болуы мүмкін 
нәрсені алдын ала біле алатын жалғыз мақұлық. Осыған сәйкес, елестету 
қабілеті өнер мен дінде ғана емес, ғылым мен технологияда да біздің негізгі 
жетістіктеріміздің себебі болған. Құдай идеясы – қалай сипатталса да, көрін
-
беген ақиқаттың алғашқы өрнегі; ол барша ішкі проблемаларға қарамастан, 
адамзат баласына мән сыйлайтын шабыт көзі болып келе жатыр. Сезім мү
-
шелері – логикалық негіздеуге келмейтін Құдайды тануымыздың жалғыз 
жолы. Бұл процесс елестете білуші сананың күшімен символдық дүниелерді 
жорамалдау арқылы жүзеге асады. Сухрауарди алға тартқан шындықтары 
бұлыңғыр боп қалса да, адамның рухани тіршілігінде мағыналы әсер қалды
-
ратын бұл символдардың бейнелі түсіндірмесін жасауға тырысады. Символ
-
ды – біз сезім мүшелері арқылы сезінген немесе санамызда тапқан, бірақ 
сол біз тапқан ақиқаттан да жоғары объекті немесе ұғым ретінде сипаттауға 
болады. Ақылдың жалғыз өзі жеке немесе ғаламдық, мәңгі немесе өткін
-
ші құбылыстарда жасырынып жатқан ақиқатты табуға мүмкіндік бермей
-
ді. Бұл шығармашылық елес күші арқылы, мистиктер мен өнер адамдары 
өз түсініктеріне негізгі бастау санаған осы қабілет арқылы шешіледі. Дәл 
өнердегідей, ең ықпалды діни символдар интеллектуалды білім мен адам 
хәлін терең түсінгендер тарапынан жеткізілген символдар. Ғаламат араб 
тілінде жазған әрі шебер мутасаууф болған Сухрауарди мистик болумен 
қатар, шығармашылық тереңдігі ғажап өнер адамы-тұғын. Көріністе бір-
бірімен байланысы жоқ құбылыстарды бір жерге топтаған кезінде білім мен 
мистика, пұтшылдық философия мен бірҚұдайлық діндердің бар сұлулығы 
мұсылмандарға өз символдарын тудыруға және тіршілікте жаңаша мән мен 
ерекшеліктер табуына септесті. 
Сухрауардиден де ықпалы жоғары болған және өмірі, бәлкім, Шығыс 
380 J.-P. Sartre, The Psychology of the Imagination (London, 1972), passim.


329
пен Батыстың жолайырық нүктесі ретінде бағалануға тұрарлық Мухиддин 
Ибн әл-Араби (1165-1240) еді. Оның әкесі Ибн Рушдтың досы-тұғын. Сәтін 
салып, кездескен уақытында Ибн Рушдты жап-жас әл-Арабидің тақуалығы 
қатты қайран қалдырған. Бірақ ауыр науқастанған шағында Мухиддин со
-
пылыққа бой ұрып, отыз жасында Еуропадан Таяу Шығысқа қоныс аудара
-
ды. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет