Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет150/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Институттар
атты 
шығармасында ерік-жігер тақырыбына өте аз тоқталған болатын. Біз өзіміз 
туралы ойланған кезде, Құдай кейбір адамдарға қарағанда басқаларға 
әлдеқайда артығырақ назар аударатындығы жөнінде келісетіндігімізді 
көрсеткендей көрінді. Неге Інжіл кейбіреулеріне хабар бергенде басқалары 
бұл хабарға бей-жай қарады? Сонда Құдай өз еркімен немесе әділетсіз 
түрде адамдарға көңіл бөліп жатқаны ма? Кальвин бұл әрекетпен мүлде 
келіспейді: шынайы көріністе кейбіреулердің айқын түрде таңдаулы 
болуымен қатар, басқалардың қабылданбауы Құдайдың құпиясының бір 
нысаны ретінде көрінеді
444
. Құдайдың сүйіспеншілігі мен оның әділеттілігі 
өзара келіспеушілік тудыратын бұл сұрақтың ақылға қонымды шешімі 
табылмады. Бұл жағдай Кальвинді тығырыққа тіремеген-ді, себебі ол 
догмаларға қатты қызығушылық тапытпаған болатын. 
Кальвиннің өлімінен кейін, «кальвиншілер» бір жағынан лютерандардан 
және екінші жағынан Рим католиктерінен өздерін ерекшелеп алуы 
қажеттілігін сезінген болатын. Бұған қоса Кальвинді Женевадағы оң қолы 
болған Теодор Беза өмір сүру барысында (1519-1605 жж.) кальвинизмнің 
444 McGrath, A Life of Calvin, pp. 209–245.


396
басқалардан ерекшелеп тұратын айырықша белгісін алдын ала белгіледі. 
Ол парадоксқа лезде логикамен жауабын таба білді. Құдайдың дүниедегі 
барлық нәрсеге күші жететіндігіне құдіретті болғандығына қарағанда, 
адамның өзін-өзі құтқара алуына ештеңе де үлес қоса алмады. Құдай 
өзгермеген және оның жарлықтары әділ және мәңгілік еді: ол осылайша 
ежелгі кезден бастап кейбіреулерін құтқаруға, ал кейбіреулерін мәңгілік 
тозаққа қалдыру туралы шешім қабылдады. Кейбір кальвиншілер бұл ақылға 
қонымсыз көрінген доктринаны қабылдаудан бас тартты. Якоб Арминий 
бұл теологияның жаман мысалы болғандығын айтады, бұлай деуінің себебі: 
олардың Құдай туралы айтқандарының барлығы тек жай адамға қатысты 
болған сияқты деп келтірген. Алайда кальвиншілер Құдайдың кез келген 
басқа құбылыс ретінде объективті түрде талқылана алатынына сенімді 
болды. Басқа протестанттар мен католиктер секілді, олар логика мен 
метафизиканың маңыздылығына тоқталумен қатар, жаңа Аристотелия 
ағымын дамытты. Алайда бұл Фома Аквинскийдің аристотелизмінен 
ерекшеленді, өйткені жаңа теологтар Аристотельдің ой-пікірінің мазмұнына 
өзінің ұтымды әдісі ретінде қызығушылық танытпады. Олар христиандыққа 
белгілі аксиомалар негізінде силлогистикалық шегерімдерден алынуы 
мүмкін когеренталды және ұтымды жүйені сыйлағылары келді. Әрине, 
бұл терең мән-мағынаға ие ирония еді, себебі реформаторлар Құдай 
туралы рационалистік пікірталастарынан бас тартқан болатын. Соңғы 
кезеңдегі кальвинист теологиясы Құдайдың құпия және парадоксының 
бұдан былай поэзия деп қарастырмаған, когерентті, бірақ қорқынышты 
логикамен түсіндірілгенде бұл жағдайдың арты неге әкеп соқтыратынын 
көрсетті. Қасиетті кітап бір рет символдық түрде емес, тікелей сөздіктегі 
мағынасымен түсіндіріле бастағанда, оның Құдай туралы ойының мүмкіндігі 
шектеле бастады. Тура мағынасында жер бетінде болған барлық нәрсе 
үшін жауапты Құдайлық терминін жоспарлау мүмкін емес, оның үстіне 
бұл қарама-қайшылықтарға толы болар еді. Қасиетті кітаптағы «Құдай» 
трансценденталды шындықтың символы болудың орнына, қатыгез әрі 
озбыр тиранға айналады. Тағдыр туралы ілім мұндай жеке кісілік кейіптегі 
Құдайдың шектеулі екенін көрсетеді.


397
Пуритандар өздерінің діни тәжірибесін Кальвинге негіздей отырып, 
Құдай күрес екенін анық көрсетті: бір қызығы олар бақыт та, қайырымдылық 
та көрсете алмады. Олардың журналдары мен өмірбаяны олардың 
құтқарылмайтын нәрсені алдын-ала ойластырып, террорға ұшырағанын 
көрсетеді. Діни тұрғыдан айырбастау «күнәһар» және оның рухани жол 
көрсетушісі өз жанын үшін «күреске» толы зорлық-зомбылықты, азап шеккен 
драмаға айналды. Жиі-жиі шүкір ететіндер өз бағасын жоғалтады немесе 
Құдайға толыққанды байланысты екенін түсініп, Оның рақымынан шынайы 
үмітсіздікті сезінеді. Жалпы алғанда психологиялық түсініспеушілікті 
көрсеткен өзгеріс, аяусыз шеттетілу мен қатар зиянды ауытқуларға әкелді. 
Жаһаннам және лағынетке ұшырау көптеген пуритандарды клиникалық 
депрессияға алып келді: өз-өзіне қол жұмсау кең тарады. Бұл жәйтті 
пуритандар өз өмірлерінде Құдай сияқты күшті көрінген шайтанмен 
байланыстырды
445
. Пуританизмнің пайдалы бір өлшемі де бар еді: ол 
адамзатқа бұрын-соңды құлдық ретінде көрінген, алайда қазір «шақыру» 
деп қарастырылған өз жұмыстарын мақтаныш сезімінің басым болуына 
мүмкіндік жасады. Оның жақындағы қиямет руханияты кейбіреулерге Жаңа 
Американы қанауға жол ашқан болатын. Бірақ оның жаман жағы, Пуритан 
Құдайының алаңдаушылығы және таңдаулылардың арасында болмағандар 
үшін қатал түсінбеушіліктің кеңінен етек алуы ретінде көрінеді. 
Католиктер мен протестанттардың Құдай туралы түсінік- тәжірибесінде 
ұқсастықтар көп; алайда олар бір-біріне жаулықпен қарайды. Тренто 
Кеңесінен (1545-1563 жж.) кейін католиктік дінтанушылар да Құдай 
туралы зерттеулерін жаратылыстану ғылымына сәйкестендіре жеңілдетіп, 
неоаристотельдік теологияға мойынсұнды. Иса Бірлестігінің негізін 
қалаушы Игнатиус Лойола (1491-1556 жж.) сияқты реформаторлар тікелей 
Құдайдың тәжірибесімен протестанттық басымдықты бөлісті және тек қана 
адам баласының өзін жасауының қажет екенін алға тартты. Өзінің алғашқы 
иезуиттері үшін жариялаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет