Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет151/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Spiritual Exercises
(«Рухани зерттеулер») 
445 R. C. Lovelace, «Puritan Spirituality: the Search for a Rightly Reformed Church», in Louis Dupre and Don E. Saliers, eds., Christian 
Spirituality: Post Reformation and Modern (New York and London, 1989), p. 313.


398
еңбегінде рухани өзгеріс жасауды мақсат етті; бұл өзгеріс түбегейлі 
қуанышты болуымен қатар, қайғылы және айналасындағыларды жермен- 
жексен ететін тәжірибе болуы мүмкін болатын. Өзін-өзі тексеруге және 
жеке адами шешім қабылдауға баса назар аудара отырып, жол көрсетушінің 
бақылауында жападан-жалғыз отыз күн уақыт өткізу, тәжірибесі пуританның 
руханилығына айтарлықтай қиын бір іс болып көрінбеді. Зерттеулер 
мистицизмге бастаған жүйелі, тиімділігі жоғары жолды көрсетеді. Мистиктер 
заманауи психоаналитиктер қолданған жұмыс тәсілдерін жиі дамытты және 
қазіргі таңда да зерттеулері католиктер мен ағылшындардың тарапынан 
баламалы түрдегі терапияны қамтамасыз ету үшін қолданылып жатқаны 
қызықты.
Игнатиус жалған мистицизмнің қауіп-қатерге толы екендігін білді. Лурияға 
ұқсап, ол да тыныштық пен қуаныштың маңыздылығын атап көрсетумен қатар, 
шәкіртін кейбір пуритандарды 
Rules for the Discernment of Spirits 
(«Рухтарды 
түсінуге арналған ережелері») шегінен тыс итермелеген эмоциялардың 
артықшылығын ескертеді. Қиыншылық жағдайындағы тәжірибесінде 
Құдайдан және шайтаннан келуі ықтимал әр түрлі сезімдердің ара-жігін 
ажыратты. Құдайдан келген сезімдер: бейбітшілік, үміт, қуаныш пен «ақыл-
ойдың жоғарылауы», ал қайғы-қасірет, жатырқаушылық пен бұрмалау болса, 
«жаман рухтан» келетін. Игнатиустың Құдайға деген сезімі өте өткір еді: бұл 
сезімі оны қуанышты күйден қайғылы жағдайға өзгертетін, бұған қоса, бірде 
ол өзінің онсыз өмір сүре алмайтынын айтты. Алайда ол аса қатты эмоцияны 
күштеп өзгерткен жоқ деген бұл үдеріске сенімділік таныта отырып, жаңа 
бір өмірге қадам басар жолда тәртіпке деген қажеттілігінің маңызын атап 
өтті. Кальвин сияқты, Христиандықты Исамен бірге кездесу ретінде түсінді; 
зерттеулерінде де бұл мәселеге кеңінен тоқталған болатын: қолдағы «барлық 
нәрселерді Құдайдың ізгілігінің және Оның жаратылысқа деген өзінің әсер 
ету көрінісі» деп қарастыратын «Сүйіспеншілікке жол ашқан ой» болды
446

Игнатий үшін дүние Құдай арқылы толы еді. Канонизация барысында оның 
шәкірттері: 
446 The Spiritual Exercies 230.


399
«Біз ең кішігірім нәрселердің өзін Оның киелі рухты Құдайға 
жақындатуына, тіпті ең кішігірім нәрселерде де Ең ұлы екенін жиі-жиі көрдік. 
Игнатий кішкентай өсімдіктер, жапырақтар, гүлдер немесе жемістерді, 
кішкентай жәндіктерді, құртты көргенде жоғарыдағы аспанға көз жүгіртіп, 
сезімнен тыс жатқан нәрселерге дейін қалықтап бара алатындығын
447
» тілге 
тиек еткен болатын.
Пуритандар сияқты, иезуиттер де Құдайды мейірі түскенде монахтардың 
бойына қуат беріп, сенімділік дарыта алатын белсенді күш иесі ретінде 
таныған. Пуритандар Атлант мұхитын кесіп өтіп, Жаңа Англияны қоныстанса, 
иезуит миссионерлері бүкіл әлемді шарлады: Фрэнсис Хавьер (1506-1552 
жж.) Үндістан мен Жапонияда уағыз таратты, Маттео Риччи (1552-1610 
жж.) Інжілді – Қытайға, ал Роберт де Нобили (1577-1656 жж.) Үндістанға 
апарды. Иезуиттардың пуритандарға тағы бір ұқсастығы олардың ғылымға 
құштарлығынан көрінді. Алғашқы ғылыми қоғам ретінде Лондон Корольдік 
қоғамын немесе Академия дель Чиментоны (Тәжірибе Академиясы) емес, 
иезуиттер орденін атау қалыптасқандығын айта кеткен абзал
448
.
Қалай болғанда да, католиктер пуритандардан кем күйзеліске түскен жоқ. 
Мысалы, Игнатиус өзін зор күнәһарлардың бірі деп есептеді және өлгеннен 
кейін өз денесінің боқтыққа тасталып, ит-құсқа жем болуын қалады. 
Дәрігерлер оған ғибадат кезінде өкіріп жылауын әрі қарай да тоқтатпаса, 
көзінен айырылуы мүмкін екендігін ескертті. Жалаңаяқ кармелиттер 
орденіне жататын монах әйелдердің өмір салтына айтулы өзгерістер енгізген 
Тереза де Авиланың көз алдына өзі үшін жаһаннамда әзірленген орынның 
қорқынышты елесі келетін. Ол заманның ұлы әулиелері жербетілік әлем 
мен Жаратушыны өзара ымырасыз кереғарлық деп санады: құтқарылу үшін 
бұл дүниеден және барлық табиғи игіліктерден баз кешу қажет болды. Бүкіл 
өмірін қайырымдылық пен ізгі амалдарға арнаған Венсан де Поль Құдайдан 
өзінің ата-анасына деген сүйіспеншілігінен ада қылуды сұрап жалбарынды. 
Визитандиндер орденінің негізін салған Жанна Франсуаза Шанталь 
447 Quoted in Hugo Rahner SJ, Ignatius the Theologian, trans. Michael Barry (London, 1968), p. 23.
448 Accademia de Cimento: 
Флоренциядағы
жаратылыстану
академиясы
(1657–1667 
жж
.). – 
Аудармашылар
ескертпесі



400
монастырьға кетерінде оны тоқтату үшін табалдырықта кесе-көлденең 
жатып алған өз ұлының үстінен таптап өткен. Ренессанс дәуірі көк пен жерді 
бітістірумен әлектенсе, католиктік Реформация олардың арасын қайта бөліп 
тастады. Бәлкім, Құдай Батыстың реформалаған христиандығына қуат пен 
белсенділік берген шығар, бірақ діндарларды бақытқа кенелте қоймады. 
Реформация кезеңі екі жауласушы тараптағы аласапыранға толы болып, 
мыналардан көрінді: өткенді үздіксіз жоққа шығару, ащы айыптаулар мен 
діннен қуу, күпірліктен шошыну мен түзу жолдан ауытқу, күнәға белшеден 
батқандықты жіті сезіну мен тозақтың үрейлі азабына мойынсұну. 1640 
жылы голландтық католик Корнелий Янсенийдің жаңарған кальвинизмнің 
манифесі іспетті кітабы жарыққа шықты. Қарама-қайшылыққа толы бұл 
шығармада таңдаулы жандардың үркердей тобынан басқа адамдардың 
бәрін мәңгі қарғысқа ұшыратқан Құдайдың қорқынышты бейнесі суреттелді. 
Әрине, бұл кітап кальвиншілердің жанына майдай жақты; олардың пікірінше, 
ол «Жаратушы мейірімінің құдіретті күшін танытатын – реформаланған 
ілімге сәйкесетін және дұрыс доктринаны үйретеді»
449

Еуропада кеңінен белең алған бұл қорқыныш пен күйзелісті қалай 
түсіндіре аламыз? Бұл өте қауіпті кезеңдердің бірі болып есептелді: ғылым 
мен техникаға негізделген қоғамның жаңа түрі пайда бола бастаған және 
өте аз уақыт ішінде бүкіл дүниені жаулап алар еді. Алайда Құдай бұл 
қорқыныштарды жеңілдете алмады. Бұған мысал сефардтық яхудилердің 
Исаак Луриясының мифтерінен табылды. Батыстың христиандары Құдайды 
әрдайым шиеленіске толы деп таныған және бұл өз кезегінде діни 
уайымдарды жеңілдетуді көздеген реформаторлардың да ақыр аяғында 
жағдайды нашарлатқаны көрінеді. Батыстың миллиондаған адамдарды 
мәңгілік қасіретке айналдыруды ойлаған Құдай, Тертуллианның немесе 
Августиннің қараңғы кезеңдерінде қатал Құдайдан гөрі одан да бетер 
қорқынышты құбыжық болып табылды. Мифология мен мистицизмге 
негізделген, аянбай еңбек етудің арқасында Құдайдың өз халқының қайғы-
қасіретіне қарамастан, адамдарға өмір сүруге деген күш-жігер беру үшін, 
449 Quoted in Pelikan, The Christian Doctrine and Modern Culture (Since 1700) (Chicago and London, 1989), p. 39.


401
мифтерді түсіндіруге болатын тұжырымдамасының Құдайдан да әлдеқайда 
белсенді екендігін әңгіменің төркіні ретінде айта аламыз ба?
Шынында да, XVI ғасырдың аяғында Еуропа халқының басым бөлігі 
діннің аса қатты әлсірегенін сезіне бастаған болатын. Католиктердің 
протестанттарға және протестанттардың католиктерге қысым көрсетіп, тіпті 
өлімге қиюларынан басқа жұрт жиренді. Жүздеген адам бөгде көзқарасты 
ұстанғаны үшін құрбан болды. Шыбын жандарын арашалау үшін өте маңызды 
деп саналатын көптеген секталардың адам айтса нанғысыз дәрежеде 
доктриналарды уағыздайтын бірнеше топтарға бөлінуі үрей тудырды. 
Бұдан былай теологиялық таңдау өте көп болды: діни түсіндірмелердің 
көпшілігінің салдарынан адамдардың басым көпшілігі мүгедек болумен 
қатар, тыныштықтарын да жоғалтты. Сенімнің белгілі бір мәртебеге ие 
болудың әр уақытта қиын болғаны сезілген болуы керек. Сонымен, Батыстық 
Құдайдың тарихында адамдардың, Құдайдың ескі жаулары шайтанмен 
байланыстыратын сиқыршылар сияқты көп мөлшерде «атеистерді» көруі 
маңызды бір кезеңі болса керек. Бұл «атеистердің» Құдайдың бар екендігін 
жоққа шығаруларымен қатар, өздерінің секталарына жаңадан адамдарды 
қосып алулары, қоғамның негізіне тәртібіне мойынсұнбағандықтары 
ашық түрде көрінеді. Шын мәнінде, бұл сөзді қазірге заманға лайықты 
қолданғанымыз толыққанды атеизм болуы мүмкін емес еді. Люсьен 
Феврдің «ХVІ ғасырдағы сенімсіздік мәселесі» атты классикалық кітабында 
атап өткеніндей, Құдайдың бар болуын толыққанды мойындау үшін 
тұжырымдамалық қиындықтарды сол уақытта жеңіп шығу әжептеуір үлкен 
іс болатын. Дін адамдардың туу мен шомылдыру рәсімінен бастап, қайтыс 
болып, шіркеу алаңында көмілгенге дейінгі аралықта өз үстемдігін орнатты. 
Күнделікті әрбір істің уақытында орындалуы, дінге мойынсұнушыларды 
дұға етуге шақыру арнайы шіркеу қоңырауларының көмегімен жасалынып 
отырумен қатар, діни тұжырымдамалардың арасында өзара берік 
байланыс орнаған болатын. Сонымен бірге, дін кәсіби және қоғамдық 
өмірде басымдығын көрсетті, қоғамдық ұйымдар мен университеттер діни 
ұйымдар ретінде қарастырылды. Феврдің атап өткеніндей, Құдай мен дін 
барлық жерлерге кеңінен таралғандықтан, ол кезеңде ешкім : «Бұдан былай 


402
біздің өміріміздің бәрі христиан дініне бағынады! Дүниедегі бүкіл нәрсе 
атаулысы дін арқылы басқарылып, реттелетіндіктен өмір сүріп жатқан 
ортамыздың қаншалықты шағын екенін де ойға алмаған
450
. Қандай да бір 
данышпан діннің құрылысы және Құдайдың бар екеніне күмән келтіріп, 
қажетті объективтілікке қол жеткізе алатын болса да, ол өз уақытының 
философиясынан немесе ғылымынан ешқандай қолдау таппаған болар 
еді. Ешкім ғылымға негізделген себептерді анықтағанға дейін, діннің 
қалыптастырған Еуропаның моральдық, эмоционалдық, эстетикалық және 
саяси өміріне үстемдік ететін, Құдайдың бар екенін жоққа шығара алмады. 
Ғылым тарапынан мұндай табыссыз, бас тарту тек қана жеке тұлғалық бір 
қыңырлыққа немесе шынай түрдегі зерттеуді қажет етпейтін өткінші импульс 
болуы мүмкін. Феврдің көрсеткеніндей, жалпы ұлттық қолданыстағы тілдер, 
оның ішінде француз тілінің сөздігінде немесе синтаксисінде скептика деген 
ұғым жоқ. «Абсолюттік», «салыстырмалы», «себеп-салдар», «концепция» 
немесе «түйсік» деген ұғымдар әлі қолданысқа енбеген
451
. Сонымен қатар, 
олардың әлемдегі ешбір қоғамның, өмірлік фактісі ретінде қабылданған 
дінді жоймағанын естен шығармағанымыз жөн. Еуропада XVIII ғасырдың 
соңына шейін Құдайдың бар екенін жоққа шығаратын адамдардың шығуы 
мүмкін емес жағдай еді. 
Олай болса адамдардың бір-біріне «атеист» деп айып тағуының сыры 
неде еді? Француз ғалымы әрі францискалық тәртіпті қатаң ұстанушы 
Марен Мерсенн (1588-1648 жж.) тек Парижде шамамен 50 мың «атеист» 
болғанын мәлімдеді, солай бола тұра «атеистердің» көбісі Құдайға сенім 
білдіргендерін жасырмаған болатын. Сонымен, Мишель Монтанның досы 
Пьер Каррин өзінің «Les Trois Verites» атты еңбегінде (1589 ж) католицизмді 
жақтаған, алайда оның басты жұмысында Де Ла Сагессе ақыл-ойға баса 
назар аударып, адамның Құдайға тек сенім арқылы жете алатындығын 
пайымдаған. Мерсен болса, бұл пікірмен келіспеді және бұны «атеизммен» 
450 Lucien Febvre, The Problem of Unbelief in the Sixteenth Century, the Religion of Rabelais, trans. Beatrice Gottlieb (Cambridge, 
Mass., and London, 1982), p. 351.
451 Cf. ibid., pp. 355–356.


403
теңестірді. «Құдайға сенім білдірмейтіндердің» бірі әрі италиялық 
рационалист Джордано Бруно (1558-1600 жж.) еді. Бруно, әлемнің рухы, 
пайда болу көзі және мақсаты болатын және Стоиктардың Құдайына сенім 
білдірген. Мерсен осы екі кісіні де атеистер деп атады, бұлай деуінің себебі 
олардың бар мәселесі Жоғарғы Жаратылыстың қолданысын жоққа шығаруы 
емес, олармен Құдай тақырыбымен сәйкестенбеуінде еді. Дәл сол сияқты, 
Рим империясының пұтқа табынушылары яхудилер мен христиандарды 
«атеист» ретінде санаған, өйткені олардың Құдай туралы ой-пікірлері 
өздерінің илаһи ойынан өзгеше болды. XVI және XVII ғасырларда «атеист» 
сөзі әлі де полемика аясында орын алған болатын. Шын мәнінде де, XIX 
және XX ғасырдың басында адамдардың «анархист» немесе «коммунист» 
деп атағандары секілді, жауларына «атеист» деп ат беру әбден мүмкін 
болатын еді. 
Реформациядан кейінгі кезеңде адамдар Христиандық тақырыбына атүсті 
қарамайтындықтарын білдірді. «Мыстан кемпір» сияқты (немесе, «анархист» 
және «коммунист») сияқты, «атеист» де құпия бір алаңдаушылықтың 
проекциясы болды. Сенім туралы жасырын алаңдаушылық әсер етті, сенім 
білдіргендерге қоқан-лоққы көрсетіп, ізгілік жолында жігерлендіру үшін 
таңғалдыру тактикасы ретінде қолданылды. Англия теологы Ричард Хукер 
(1554-1600 жж.) өзінің «Шіркеу заңдарының құралы» атты шығармасында 
атеистердің екі түрге бөлінетіндігі туралы жазды. Олар: Құдайға сенбейтін 
ұсақ топ мүшелері және Құдай ешқашан болмағандай өмір сүрген адамдар. 
Бұл пікірді ұстанатын адамдардың қарасы жетіп артылды. Адамдар бұл 
айырмашылықты ұмытылудың аз-ақ алдында еді және, екінші жағынан, 
атеизмнің практикалық түрі аясына шоғырланды. Осылайша, Томас Беддтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет