Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет152/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

«The Theatre of God’s Judgments»
(«Құдай сотының театры», 1597 ж.) еңбегінде 
қиял-ғажайыптарға толы «атеист» Құдайдың берген уәдесін, рухтың 
өлімсіздігі және одан кейінгі өмірді жоққа шығаруда, алайда Құдайдың бар 
екендігін жоққа шығара алмады. Джон Уингфилл өзінің 
«Atheism Closed and 
Open Anatomized»
(«Атеизмнің жабық және ашық анатомиясы», 1634 ж) атты 
трактатында былай деп жазды: «басы бос жаман адам екіжүзді – атеист 
болып есептеледі; батыл, ержүрек және мақтаншақ, айналасындағылардың 


404
бәріне залалын тигізіп жүретіндер де – атеист: өзін дұрыс бағытқа бағыттап 
тәрбиелемей, ешнәрсе үйренбейтін реформаланбайтын адам – бұл да 
атеист
452
ретінде саналды. Ньюфаундлендтың колонизациялану барысында 
септігі тиген валлийлық ақын Уильям Воан (1577-1641 жж.) жалдамалылықты 
көбейткен және қоғамға ашық жолдарға тосқауыл жасағандарды ашық 
түрде атеист деп атаған. Ағылшын драматургы Томас Нэш (1567-1601 жж.) 
өршіл, ашкөз, қомағай, тәкаппар жандардың және жезөкшелердің барлығын 
атеист деп жариялады. «Атеист» атауы қорлау ретінде қолданылды. Ешкім 
өзіне атеист деген жаман аттың тағылғанын қаламаған болатын. Бұл аса 
бір мақтаныш сезім арқылы өмір бойы көтеріп жүретін белгі емес. Бірақ 
XVII және XVIII ғасырларда Батыста адамдар Құдайдың бар екенін жоққа 
шығаруға емес, керісінше, Оны тануға деген ықыластарын оятқан. Олар 
өз осы көзқарастарына тек қана ғылымнан қолдау таба алды. Сонымен 
Реформаторлардың Құдайы жаңа ғылымға оң көзқараспен қарады. Лютер мен 
Кальвин Құдайдың шексіз құдіретіне сенгендіктен, Аристотельдің табиғатқа 
деген көзқарасын өздерінің меншікті күші ретінде қабылдаудан бас тартқан 
болатын. Олар табиғаттың аман қалуын Құдай тарапынан берілген сыйлық 
ретінде қарап өздері үшін ешнәрсе жасамайтын христиан сияқты пассивті 
болғандығына сенді. Кальвин көрінбейтін Құдайдың өзі танымал дәрежеге 
жеткізген жаратылыс әлемін зерттеуге, ашық түрде бұйрық берді. Ғылым мен 
Киелі Кітаптар арасында ешқандай да қақтығыс орын алмады. Құдайдың 
қасиетті кітабында Ол өзін адами шектеуліктерімізге қарай бейімделді; 
қабілетті өз ісінің маманы болған сөз шебері өз тыңдаушыларының 
қабілетіне қарай өзгерткені сияқты. Кальвиннің пайымдауынша, Жаратылыс 
туралы түсінік, «кішкене сәбидің сөйлегенінен» басқа ешнәрсе емес еді: 
осындай жолмен бір-бірімен шатасқан және түсініксіз жұмбақ сырларға 
толы кезеңдерді қарапайым адамдардың Құдайға сенім білдірулері үшін 
олардың менталитетіне орналастыруды мақсат тұтты
453
. Бұндай әрекеттерді 
дәлме-дәл қабылдаудың қажеті жоқ. 
452 Quoted in J. C. Davis, Fear, Myth and History, the Ranters and the Historians (Cambridge, 1986), p. 114.
453 McGrath, A Life of John Calvin, p. 131.


405
Алайда Рим католик шіркеуі әрдайым ашық пікірде болған емес. 1530 
жылы поляк астрономы Николай Коперник өзінің 
De revolutionibus
(«Аспан 
Әлемінің Айналуы») атты трактатын аяқтады және Күннің бүкіл әлемнің 
тура орталығында екенін де дәлелдеп шықты. Қайтыс болғанына көп уақыт 
өтпестен 1543 жылы басылып шыққан кітабы Шіркеудің тиым салынған 
кітаптар тізімінің арасына орналастырылған. 1613 жылы Пиза қаласынан 
шыққан математик Галилео Галилей ойлап тапқан телескоп Коперниктің 
жүйесі екенін дәлелдеді. Бұл жағдай cause celebre
454
болды. Инквизицияға 
шақырту алған Галилео өзінің ғылым жолын және пікірлерінен бас 
тартуға және қанша уақыт екені белгісіз, түрмеге қамауға үкім берілген. 
Католиктердің бәрі де осы шешімге наразы екендіктерін білдірді, бірақ Рим-
католик шіркеуі консервативті рухтың басым болған кезеңінде кез келген 
басқа мекеме ретінде өзгеруіне іштей қарсылық білдірді. Шіркеуді басқа 
институттардан өзгеше қылған нәрсе, ол жеткілікті түрде өзінің билігін 
жүргізе алуы, оппозициялық күштерге қарсы тұру үшін интеллектуалдық 
сәйкестікті енгізуде тиімді баяу әрекет ететін бір машинаның болуы еді. 
Галилеяның айыпталуы ерте кезеңдегі көптеген танымал ғалымдар Марен 
Мерсенн, Рене Декарт және Блез Паскаль өздерінің католик дініне адал 
болса да, Католиктік елдердегі ғылыми зерттеулерге айтарлықтай кедергі 
келтірді. Галилео оқиғасының күрделілігі соншалықты және мен оның 
барлық саяси сипаттамаларына жеке-жеке тоқталғым келмейді. Бірақ бұл 
жерде біздің тақырыбымызға да қатысты маңызды нәрсе бар: Рим католик 
шіркеуі гелиоцентристік теорияны Жаратушы Құдайға деген сенімге қауіп 
төндіргені үшін, айыптаған жоқ, бұның басқа бір себебі: Киелі Кітаптардағы 
Құдайдың сөзіне қайшы келгендігінен тұтқындалған болатын. 
Галилеоның осындай мүшкіл жағдайға түсуі көптеген протестанттарды 
бей-жай қалдырмады. Бұлардың араларынан Лютерге, Кальвинге немесе 
Коперникке айып тағылмаған болатын, алайда Лютердің досы Филип 
Меланктон (1497-1560 жж.) Жердің Күнді айналу қозғалыс идеясынан бас 
тартты, себебі оның тұжырымдамасы Киелі Кітаптың кейбір үзінділеріне 
454
Шулы
сот
ісі
(
фр
.). 


406
қайшы келетін еді. Бұл тек қана протестанттарға ғана тән алаңдаушылық 
емес. Трент кеңесінен кейін католиктер өздерінің Киелі Кітабы – Лос-
Лерамның латын тіліне аударылуы Вилгата тақырыбына жаңадан жан 
бітіргендей болды. Испан инквизиторы 1576 жылғы Кастро Леоновтың сөзі 
бойынша: «Вульгаттың латын тіліндегі редакцияларымен сәйкес келмейтін, 
жалғыз бір сөйлем, мағына, сол тілдегі сөйлемнің бір тармағына, бір 
сөзіне болсын ешқандай өзгерту жасалынбайды
455
. Бұрыннан бізге мәлім 
болғанындай, кейбір рационалистер мен мистиктер бар күш-жігерімен 
киелі кітаптар – Құран немесе Тәуратты тікелей оқып шығудан бас тартып, 
өздерінің дұрыс деп тапқан жолдарымен жүрулерін жалғастыра берген. 
Протестанттар мен католиктер бұдан былай Киелі жазбаларын толық 
түсінуге деген сенімдерін қалыптастырған. Галилео мен Коперниктің 
ғылыми жаңалықтары исмаилиттердің, сопылардың, каббалистердің немесе 
хасихастардың тыныш өмірлерінің бұзылуына себеп болмағанымен, олар 
жаңа литерализмді қабылдаған католиктер мен протестанттарға қиындық 
туғызды. Жердің Күнді айнала қозғалу теориясы Киелі Кітаптағы «Әлемді 
қозғалтуға болмайды», «Күн шығады және өз ұясына батады, батқаннан соң 
өзінің шыққан жеріне қайта кетеді», «Ол айды уақытты білу үшін жаратты. 
Күн де өзінің бататын ұясын біледі
456
» жоғарыда айтылған ойлар осы өлең 
жолдары арқылы үйлесім тауып кетуі мүмкін бе еді? Шіркеу қызметкерлері 
Галилейдің кейбір ұсыныстарына өте қатты наразылық білдірді. Егер шын 
мәнінде дәл оның айтқандай, айда тіршілік көзінің болуы мүмкін болса, 
адамдар Адам атадан пайда бола отырып, Нұхтың кемесінен қалай шығып 
кетуі мүмкін еді? Жер қозғалысының теориясы мен Исаның көкке көтерілуі 
арасында қандай сәйкестік болуы мүмкін? Қасиетті Құранда аспан мен 
жер адамның игілігі үшін жаратылғаны туралы айтылған. Егер Галилеоның 
дәлелдегеніндей, Жер тек қана Күннің айналасында айналатын басқа 
планеталардан бірі болған болса, бұны қалай түсінуге болады? Жәннат 
455 Quoted in Robert S. Westman, «The Copernicans and the Churches», in David 
С
. Lindberg and Ronald E. Numbers, eds., God and 
Nature; Historical Essays in the Encounter Between Christianity and Science (Berkeley, Los Angeles and London, 1986), p. 87.
456
Пс
. 95:10; 
Еккл
. 1:5; 
Пс
. 103:19.


407
және Тозақты о дүниедегі шынайы мекен ретінде есептелді. Бұл мекендер 
өз кезегінде Коперниктің жүйесінде табылуы қиын болған нақты орындар 
деп саналды. Мысалға, Тозақ Дантенің жасағаны сияқты, жердің қақ 
орталығында орналасқан, деген тұжырымдама жасады. Кардинал Роберт 
Беллармин иезуит ғалымы Галилео мәселесі бойынша жаңадан құрылған 
Сенімнің насихатталуы атты Конгресте кеңес берген, дәстүрлі позицияны 
жақтай отырып: «Тозақ – мазардан бөлек жерастындағы мекен». Ол өзінің 
түпкілікті дәлелін жердің орталығында болу керек деген қорытындыға 
келтірді және бұл соңғы тұжырымын «табиғи себепке» сүйене отырып: 
Соңғысы – табиғи, ақылға қонымды ой. Шын мәнінде, періштелер мен 
бойында қасиет пен киелілік орнаған батыл адамдардың мәңгілікке 
тұрақтап қалатын жерінен шайтан мен қара ниетті зұлым адамдардың, 
мүмкіндігінше, олардан ұзақ жерде орналасқандары ақылға қонымды және 
ешқандай да күмән туғызбайды. Тірі кездерінде тек Құдайдың разылығын 
алуды өздерін мақсат еткен адамдардың мекені (қарсыластарымыздың да 
келісімдерімен бірге) аспан әлемі және аспан әлеміне жердің ортасынан 
ұзақ ешбір жер жоқ
457

Белларминнің тұжырымдамалары бүгінгі күні айтарлықтай күлкілі 
болып отыр. Өз сенімдеріндегі барлық парыздарды әрбір әрпіне шейін 
орындап жүрген христиандардың өздері де тозақтың жердің орталығында 
орналасқандығын елестете алмайды. Алайда көптеген күрделі басқа ғылыми 
теориялармен дамытылған космологияның арнайы «Құдай туралы сөз 
етпегендігіне» оларға ойламаған жерден соққы болып тиген болуы керек. 
Мулла Садра мұсылмандарға жәннат пен тозақтың әр адамның ішіндегі 
беймәлім әлемге орналастырған кезде, Беллармин сияқты қара қылды қақ 
жарған мәртебелі шіркеу қызметкерлері олардың негізгі географиялық 
тұрғыдан орнын тура айқындаған. Әзірге каббалистер Киелі Кітаптың 
жаратылыс себебі туралы әңгімелерін әдейі символдық түрде қайтадан 
жариялап, шәкірттерін бұл мифологияны тікелей қабылдауға алдын-ала 
ескерту жасап жатқанда, католиктер мен протестанттар Қасиетті кітаптың 
457 William R. Shea, «Galileo and the Church», in Lindberg and Numbers, eds., God and Nature, p. 125.


408
әрбір ерекшеліктерінің шындық екендігін талап етті. Бұл әрекет өз кезеңінде 
дәстүрлі діни мифологияның жаңа ғылым алдында беделіне нұқсан келтірер 
еді және көптеген адамдардың Құдайға деген сенімінен айырады. Теологтар 
бұл жақындап келе жатқан қиындықты өз халқына алдын-ала ескертулер 
жасап қамданбады. Реформациядан және протестанттар мен католиктердің 
арасындағы жаңа аристотелизмге деген ынта-ықыласынан бастап, олар 
Құдайды кез келген басқа объективті факт ретінде қарастыра бастады. Бұл, 
жағдай сайып келгенде, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы 
жаңа «атеистердің» әлдеқашан Құдайдан бас тартуларына таптырмас себеп 
болған еді. 
Осылайша, Ливанның аса ықпалды иезуит теологы Леонард Кессиус 
(1554-1623 жж.) өзінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет