427
ақылына жұбату сияқты қолданған еді. Ньютон сияқты ғалым үшін тағы да
мұндай қағиданы қабылдау өте қиын болатын. Ғылым арқылы адамдар өткен
шақты бір жаққа тастап, ақиқатты табу үшін алғашқы принциптерден жаңадан
бастауға дайын болулары керек екендігін білген еді. Сонымен бірге дін өнер
сияқты бүгіннің көрінісіне қатысты көзқарас қалыптастыру үшін өткенмен
диалог құрудан тұратын еді көп жағдайда. Адамдарға өмірдің абсолютті
мәні туралы сұрақтармен айналысу мүмкіндігін берген, оларға алға секіру
үшін дәстүр ғана тұғыр бола алады. Сондықтан дін мен өнер ғылым сияқты
маңызды емес. Тағы да он сегізінші ғасырда христиандар христиан сеніміне
жаңа ғылыми тәсілдерді қолдана бастады және Ньютонның көзқарасына
ұқсайтын қағидаларды алға тартты. Англияда Мэтью Тиндаль мен Джон
Толанд сияқты радикал теологтар мистикадан арылған христиандықты
және шынайы рационалистік дін құруды, төркініне оралуды қалайтын.
Достарыңызбен бөлісу: