Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет163/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Жоғалған Жәннаттың 
соңғы екі томында Құдай 
Адамның күнәсін ұрпақтарының қалай өтейтіндігін көрсетіп, оны жұбату 
үшін бас періште Мәкәйілді (Михаил) жібереді. Мәкәйіл құтылу тарихының 
бүкіл жолын Адамға сурет түрінде көрсетеді. Адам Қабылдың Әбілді 
өлтіретінін, топанды және Нұх кемесін, Бабыл мұнарасын, Ибраһимнің дінге 
шақыруын, Мұсаның Мысырдан шығуы мен Синай тауына он әмірді алуын 
көреді. Тәураттың, Құдайдың сәтсіз таңдалған адамдарына ғасырлар бойы 
зұлымдық берген толымсыздығы, Мәкәйілдің түсіндірмесіне қарағанда
оларға барынша рухани заңды аңсату үшін жасалған бір айла. Әлемнің 
477 Paradise Lost, III. 
Кітап
, 113-119, 124-128. 
Жолдар
.


432
келешектегі құтылуының осындай түсіндірмесі Дәуіт патшаның ерліктері, 
Бабылға қудалану, Исаның тууы сияқты хикаяларды баяндаған кезде 
оқушының ақылына мына жағдайларды әкеледі; адам баласына күнәнің 
құнын өтетудің бұдан да жеңіл тура жолы болуы тиіс. Ұдайы сәтсіздіктер 
және ағат істермен бұл шытырман жоспар оқиғасы келешекті де белгілеген 
кезде Бір Құдайдың санасына қатысты күмәндардың көбеюіне жол ашады. 
Мильтонның Құдайы сенім сезімін оятпайды. 
Жоғалған Жәннаттан 
кейін 
ешбір үлкен ағылшын жазушысының метафизикалық әлемді танытуға 
талпынбауы мәнді болуы тиіс. Басқа Спенсерлер мен Мильтондар болған жоқ. 
Бұдан кейін метафизика мен руханият, Джордж Макдональд пен К.С. Льюис 
сияқты барынша қарапайым авторлардың құзырына кірді. Символиканың 
қарымы жетпеген Құдай әлі мазасыздық ішінде еді. 
Жоғалған Жәннаттың 
соңғы жағында Адам мен Хауа жәннат бақшасынан 
аласталып, жерге жіберіледі. Батыста да христиандар әлі Құдай сенімін 
қорғаумен бірге дүнияуи заманның босағасында тұрған еді. Жаңа ақыл 
діні Теизм деп аталатын еді. Бұл дін жаратушы мистицизм мен мифология 
салаларына уақыт бөлген жоқ. 
Уахи мифінен және ұзақ уақыт бойы құлдықта ұстаған бос сенімнен, 
Үштік сияқты дәстүрлі «мистикалардан» теріс айналды. Бұлардың орнына 
адамның талпынысымен ашылатын, кісілік сипаттан ада 
Deus
қа тәуелдіміз 
деп жариялады. Содан кейін ағартушылық қозғалыс өкілі Франсуа-Мари де 
Вольтер 
Philosophical Dictionary 
(«Философия сөздігі») (1764) деп аталатын 
еңбегінде бұл ұлы дінді танытты. Бұл дін бәрінен бұрын барынша қарапайым, 
түсінікті болуы тиіс еді. 
Адамдарды жолдан тайдырмай, әділ үкім жүргізетін көп ахлақ пен аз 
догма үйретуге болмас па еді? Адамға мүмкін болмайтын, кереғар, киеге 
зиян тигізбейтін, адам ұрпағы үшін қауіпті болмайтын және сау ақыл 
иесін мәңгілік жазамен қорқытпайтын дін уағыздауға болмас па? Ақылға 
қайшы қағида үшін жер бетін қанға бөктірген жендеттерсіз сенімін білдіру 
мүмкін емес пе... тек қана бір Құдай, әділет, төзімділік пен адамға табынуды 
үйретудің жолы жоқ па
478

478
Француа
Мэриде
Вольтер
, Philosophical Dictionary (
ауд

Теодор
Бестерман
) (
Лондон
, 1972), 357 
б



433
Ғасырлар бойы көтерем етіп қалдырған сансыз қағидаға иланған 
адамдарды жалықтырғандықтан, шіркеулер бұл жекпе-жекте тек қана 
өздерін кінәлады. Жауап берілетін еді және тіпті оң болатын еді. 
Ағартушылық философтары Құдай идеясын жатсынбады. Олар адамды 
шексіз тозақ отымен қорқытқан православтардың қатал Құдайын жоққа 
шығарды. Осы ретте ақылға қарсы мистика қағидаларын мансұқтады. Бірақ 
бір Ұлық Құдайға деген сенімдері бұзылмай қалды. Вольтер Фернейде 
қақпасының үстіңгі маңдайшасында 
«Deo Erexit Voltaire»
(«Вольтер Құдайға 
жөнелді») деген эпиграфикалық жазуы бар бір ғибадатхана тұрғызды және 
Құдай жоқ болатын болса, оны ойлап табу керек деп, көштің алдына түсіп 
кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет