Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет164/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Философия сөздігінде 
адам үшін тек Құдайға сенудің сансыз құдайға 
сенгеннен де рационалистік және табиғи сипатта екендігін талдады. Негізінде 
оңаша кішкентай ауылдарда және қауымдарда өмір сүретін адамдар Бір 
Құдайдың әміріне бойсұнатындықтарын мәлім еткен еді: көпқұдайлық одан 
кейінгі құбылыс-ты. Ғылым мен рационалистік философия тізе қосып, бір 
Ұлық Құдайдың бар екенін көрсететін еді. Ол 
сөздігінде 
атеизм турасындағы 
ойларының соңында: «Осы барлығынан қандай қорытынды шығарамыз?», - 
деп сұрайды да, оған былай деп жауап береді: 
Атеизмді ұстанатындар үшін және өмірлерін үстел басында өткізгендер 
үшін де тап-таза өмір сүргендеріне қарамастан, бөлмелерінен асып, 
лауазым иелеріне әсер ете алғандықтары үшін де өте зиянды жыртқыш 
және радикалдық сияқты бақытсыз емес болса да, құндылық үшін әр уақыт 
ажалды деген қорытындыны мақұлдады. Мынаны да қоса кетейік. Бүгін әр 
кезеңнен аз атеист бар және философтар тұқымы қалмай жойылған еш 
мақұлық мақсатсыз да ешқандай тұқым болмайтынын, бидайдың иістенген 
қалдықтардан келмегенін қабыл еткелі бері
479

Вольтер атеизмді философтар жоғалтуға жан-тәнімен кіріскен бос сенім 
мен мінез-құлық деп таныды. Оның мәселесі Құдай емес, ақылдың киелі 
өлшеміне қарсы күнә істеген Құдай жайлы қағидалар еді. 
Еуропа яхудилері де жаңа ойлардан әсерленді. Испания яхудиі тегінен 
келген Бенедикт Барух Спиноза (1632-1677) Тәуратқа қатысты еңбектерімен 
479
Бұл
да
сонда
, 57 
б
. [
Философия
сөздігі
, 78 
б
.] 


434
келісімсіздік қалыптастырды және яхуди емес еркін ойшылдар философия 
тобына қосылды. Дамытқан ойлары дәстүрлі иудаизмнен толығымен басқаша 
еді және Декарт сияқты ғылыми ойшылдар мен христиан схоластиктерінен 
әсерленген еді. 1656 жылы жиырма төрт жасында Амстердам синагогасынан 
ресми түрде қуылды. Аластау туралы өкім дауыстап оқылып жатқанда, 
синагоганың сәулелері жамағат толық бір түнекке бөленгенге дейін 
біртіндеп өшірілді. Құдайсыз әлемдегі Спинозаның рухының қараңғылығын 
өздері сезінгендей болды: 
Күндіз-түні қарғыс айтылсын; жатқанда және тұрғанда қарғыс айтылсын; 
кетіп бара жатқанда шығып бара жатқанда қарғыс айтылсын. Раббы енді 
оны кешірмесін және білім бермесін. Құдайдың азабы мен наразылығы 
бұдан былай бұл адамға қарсы жалындап өршісін, оны шариғат кітабында 
жазылған бүкіл қарғыстармен толтырсын және атын аспаннан алып 
тастасын
480
.
Бұдан былай Спиноза Еуропаның ешбір діни қауымдастығына мүше 
емес еді. Ол осы сипатымен еркіндіктің Батысқа сәйкес келетін дүнияуи 
ойдың алғашқы мысалына айналды. Жиырмасынша ғасырдың бас кезінде 
оның символикалық сүргін, қуылу мен дүнияуи құтылу ізденісіне қызыққан 
біразы Спинозаға замана қаһарманы ретінде құрмет көрсетті. 
Спиноза атеист ретінде қабылданды, бірақ Інжілдің Құдайы болмаса да, 
бір Құдайдың барлығына иланған еді. 
Файласуфтар
сияқты философиялық 
тұрғыдан қабылданған ғылыми Құдай тұрғысынан уахи етілген дінді төмен 
қойды. 
A Theologico-Political Treatise 
(«Дін-саяси трактат») деп аталатын 
еңбегінде діни сенім құрылымының жаңсақ түсіндірілгенін тілге тиек етті. 
Бұл «тек қана ынжықтық пен тарапшылдық»
481
, «мағынасыз мистика тізбегі» 
болған еді. Киелі кітап тарихына сыни көзбен қарады. Израилдықтар өздері 
түсінбеген әр құбылысқа «Құдай» есімін берген еді. Пайғамбарлар, мәселен, 
Құдайдың рухынан шабыт алды деп айтылатын, өйткені олар озық ойлы 
және киелі адамдар ретінде қабылданған. Алайда мұндай «шабыт» таңдаулы 
480
Поль
Джонсоннан
үзінді
, A History of the Jews (
Лондон
, 1987), 290 
б

481
Барух
Спиноза
, A Theologico Political Treatise (
ауд

Р
.
Х
.
М

Эльюис
) (
Нью
-
Йорк
, 1951), 6 
б



435
топқа ғана тиесілі емес. Оған табиғи ақылы бар әрбір адам қол жеткізе 
алады: наным жоралғылары мен символдары тек ғылыми, рационалистік 
идеядан мақұрым қалған адам топтары үшін айтуға болады. 
Декарт сияқты, Спиноза да Құдайдың барлығының онтологиялық дәлеліне 
қайта оралды. «Құдай» идеясының өзі де Құдайдың барлығын мақұлдайды, 
өйткені бар болмаған мінсіз бір болмыс өзінен өзі қайшы келеді. Құдайдың 
барлығы мәжбүр еді, өйткені шындыққа қатысты басқа қорытындыға 
келу үшін қажетті нақтылық пен сенімді ол жалғыз өзі қамтамасыз ететін. 
Әлемді ғылымсыз ретінде түсінігіміз бізге оның өзгермес заңдармен 
басқарылатынын көрсетеді. Спинозаға қарағанда, Құдай – жалғыз өзі 
заңдардың принципі, тіршілік ететін бүкіл шексіз заңдардың шоғыры. 
Құдай материалдық болмыс; дүниені басқарған тәртіппен тең және онымен 
бірдей. Ньютон сияқты Спиноза да көне философиялық жайылу идеясына 
оралды. Өйткені Құдай барлық нәрсенің тегінде бар және барлық жерде 
тұрады, материалдық және рухани кейіпте олардың тіршіліктерін реттейтін 
қағида, ереже ретінде тануға болады. Әлемде Құдайдың ісі туралы әңгіме 
қозғау тіршіліктің математикалық және себептік принциптеріне танытудың 
бір жолы еді тек қана. Бұл Құдай құдіретінен айқын түрде жоққа шығару еді. 
Ашық қағида сияқты көрінсе де, Спинозаның Құдайы оған расымен 
де жасырын бір шабыт берді. Тіршілік ететін бүкіл заңдардың жиынтығы 
ретінде Құдай әр нәрсені бірлік пен үйлесім ішінде біріктірген ең ұлық 
мінсіз болмыс. Адамдардар саналарындағы құбылыстарды Декарттың 
айтқаны сияқты ұғынған кезде өз саналарын Құдайдың ажалсыз және 
шексіз болмысына ашар еді. Платон сияқты Спиноза да сезім арқылы 
және өз-өзінен білімнің Құдайдың барлығын, құбылыстардың күшпен 
жинақталуынан да түсіндіргеніне сенетін еді. Білімнен алатын сүйіспеншілік 
пен ләззат, бірте-бірте әр адамның жан түкпіріндегі ойдың шексіз нысаны 
емес, бірақ ойдың қорытындысы және принципі болған иләһи бір болмыстың 
Құдайдың сүйіспеншілігімен тең. Уахи немесе киелі заңның қажеті жоқ. Бұл 
Құдай бүкіл адамзаттың ішіне кіре алады және тек қана Тәураттың шексіз 
табиғи қағидасы. Спиноза ескі метафизиканы жаңа ғылыми желіге әкеліп 
қойды. Оның Құдайы неоплатоншылардың танылмаған Кісісі емес, бірақ 


436
Аквинат сияқты философтар тарапынан танылған абсолюттік болмысқа 
жақын еді. Бірақ православ бірқұдайшылары тарапынан өз іштерінде 
сыналған мистикалық Құдайға де жақын келетін. Яхудилер, христиандар 
мен философтар Спинозаны атеист ретінде көруге бейім тұрды: Шындықтан 
бөліп-жарып қарастыруға болмайтын бұл Құдайға қатысты адамдық еш 
нәрсе жоқ еді. Расымен де Спиноза «Құдай» сөзін тек тарихи себептер үшін 
қолданған: Шындықтың бір бөлімінің «Құдай» және екінші бөлімінің «Құдай 
емес» ретінде бөліне алмайтындығын жақтаған атеистерге қосылды. Құдай 
басқа нәрселерден бөліне алмаса, оның қарапайым бір мәнде бар екенін 
айту мүмкін емес. Негізінде Спинозаның айтқаны біздің ол сөзге көбінесе 
жүктеген мағынаны білдіретін бір Құдай еместігі еді. Бірақ мистиктер 
мен философтар ғасырлар бойы бір мәселені қозғайтын. Біреулері біздің 
білетін әлемнен бөлек «Ешнәрсе» жоқ екенін айтатын. Трансцендентті ең 
саф Құдайдың жоқ еместігіне қарағанда, Спинозаның пантеизмі Каббаланы 
еске салады және радикал мистицизм мен жақын уақытта шыққан атеизм 
арасында бір жақындық бар екенін аңғарамыз. 
Айрықша яхуди философиясын құру мақсаты болмаумен бірге яхудилерге 
заманауи Европаға жол ашқан неміс философы Моисей (Мозес) Мендельсон 
еді (1723-1786). Ол дінмен қатар психология және көркемөнермен де 
шұғылданатын және алғашқы шығармалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет