Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет166/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Critique of Pure Re
-
ason 
(«Таза ақылдың сыны») (1781) атты еңбегі Мендельсонның өмірінің 
соңғы он жылы ішінде жарыққа шықты. Кант ағартушылықты «адамның өзі 
көнген өкілдіктен шығуы» немесе сыртқы әмірге сенім арту деп танытты
482

Құдайға апаратын жалғыз жол – ол «практикалық ақыл» деп атаған ахлақи 
ұжданның еркін аймағынан өтетін. Діннің, шіркеулердің қатаң ережеге 
құрылған басшылары адамдардың өз күштеріне сенімін және Оған тәуелді 
болу қайсарлықтарын бөгейтін дұға мен рәсім сияқты көптеген тұзақтарын 
Кант бір шетке лақтырып тастады. Бірақ Құдай идеясының 
per se 
(негізінде) 
қарсы емес еді. Ғасырлар бұрын Ғазалидің жасағаны сияқты, Құдайдың 
барлығына қатысты дәстүрлі тартыстардың жарамсыз екендігін қолдады, 
өйткені біздің санамыз тек уақыт пен кеңістікте орын алған нәрселерді 
ұғына алады және бұл категориядан тыс жатқан шындықтарды ойлануға 
бейім емес. Бірақ адамзаттың бұл шектеулерден асуға және бізге үйлесімді 
бір бүтін шындық көзқарасына қол жеткізетін бірлік принципін іздеу үшін 
табиғи бейімі болғанын да қабылдады. Бұл Құдай идеясы еді. Логикаға 
салғанда Құдайдың барлығын дәлелдеу мүмкін емес, бірақ терістеу де 
мүмкін емес. Құдай идеясы бізге өте қажет. Кең ауқымды әлем идеясын 
құрауымыз үшін идеал шекті бізге ол ғана көрсетеді. 
Сондықтан Кантқа қарағанда Құдай тек қана дін өкілдерінің теріс 
мақсаттарына қолданған құралына айналған. Дана және әр нәрсеге күші 
жететін Құдай идеясы ғылыми зерттеуді әлсіретіп жіберуі мүмкін және бір 
deus ex machina
ға, білімімізді толықтырған Құдайға қарсы босаң бір сенімге 
жол ашар еді. Әсіресе шіркеулердің тарихында терең із қалдырған мұндай 
қатты дауларға жол ашқан жарамсыз ойларға қайнар көз болар еді. Кант 
482
Пеликаннан
үзінді
, Christian Doctrine and Modern Culture, 60 
б



439
атеист дегендерді жоққа шығарды. Замандастары оны адамзаттың жамандық 
сипатын толық түйсінген діндар кісі ретінде сипаттады. Бұл ол үшін Құдай 
идеясын маңызын арттырды. 
Critique of Practical Reason 
(«Практикалық 
ақылдың сыны») еңбегінде Кант моральдық өмір сүру үшін адамдардың 
әділетті сүйіспеншілікпен марапаттайтын билеушіге мұқтаж екендіктерін 
алға тартты. Осы көзқарас аясында Құдай тек қана екінші дәрежелі идея 
ретінде ахлақ жүйесіне қосылды. Діннің орталығы бұдан былай Құдайдың 
мистикасы емес, адамның өзі ғана. Құдайдың бұдан былай әр болмыстың 
негізі жоқ және бізге тіптен қабілетті және ахлақты болу қызметін берген 
стратегиясы болған еді. Бұл адамның бір қадам әрідегі еркіндік қалауына 
қол жеткізу мен осы арқылы бір қарағанда үстірт көрінетін Құдайдан 
толайым бас тартуы ұзаққа созылмайтын еді. Кант дәстүрлі дәлелдердің 
дұрыстығына күмәнданған, негізінде бұлар еш нәрсені дәлелдемейді деп 
көрсеткен Батыстағы алғашқы кісілерді бірі болды. Мұндай нандыруға 
қабілетті адам бұдан кейін қайта тумайтын еді. 
Қалай болғанда да, бұл Құдайдың бір сенім жолын тек бір басқасын 
ашу үшін жапқанына түбегейлі сенген христиандарға еркіндік беретін 
сияқты еді. 
A Plain of Genuine Christianity 
(«Шынайы христиандықтың ашық 
түсіндірмесі») деген кітабында Джон Уэслей (1703-1791) былай деп жазды: 
Кейде Құдайдың даналығының, кейінгі кездерде христиан дініне 
адамдардың (әсіресе идеяда) толығымен сыртқа жөнелмей, өздеріне де 
қайтып қарау және жүректеріндегі жарқылдаған сәулелерге ұю мақсатына 
теріс айналу және осында бөгелу үшін аз немесе көп сыртқы айғақтарға 
рұқсат бергеніне сенуге бейіммін
483

Ағартушылық рационализмімен қатар «жүрек діні» деп аталатын жаңа бір 
діндарлық түрі дамыды. Басқа қарағанда жүректі мақсат еткеніне қарамастан, 
теизм сияқты сана кәсіптерінің көбісін бөлісетін еді. Адамдарды сырттан 
келген айғақ пен әмірлерді толайым лақтырып тастауға және әркімді ішкі 
дүниесі мен жүрегіндегі Құдайды ашуға жетеледі. Теистердің көбісі сияқты 
ағайынды Уэслилер немесе неміс діндары граф Николай (Николаус) Людвиг 
483
Бұл
да
сонда
, 110 
б



440
фон Цинцендорфтың (1706-1760) мүриттері ғасырлардың қоспаларын сілкіп 
лақтырғанына және Исаның «жалаң» және «құтылған» христиандығына 
және алғашқы христиандарға оралғанын сезінетін еді. 
Джон Уэсли әрқашан қызуқанды бір христиан болды. Оксфорд Линкольн 
Колледжінің жас мүшесі бола жүріп, ол және бауыры Чарльз университет 
студенттері үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет