460
деп те илана бастады. Христиан дініндегі сияқты бұл сенім бірте-бірте кең
таралды. Авраам Кардазо Әулие Павелдің Иса қайтадан тірілгеннен кейін
ұлықталады деген сеніміне ұқсас қағиданы насихаттады. Ол дінін өзгертіп
жатқан кезде Құтылу басталғанда Саббатай
парцуфимнің
Үштік сатысына
көтерілді. Киелі болған [
Малка Кадиша
] кие Оған дарысын, өзін жоғары
көтерді және Саббатай Цви оның орнына Құдай дәргейіне шықты»
506
.
Сондықтан оны қалай болғанда да, Құдайдың орнына қойды және Израил
Құдайының, яғни екінші
парцуфтың
мақамына жайғасты. Көп уақыт өтпей
жатып Оралғандар, Исламға кіргендер, бұл идеяны алға жылжытты және
Израилдың Құдайы төмен түсіп, Саббатайға енді деп шешті. Көсемдерінің
әрқайсысы Мәсіхтің тірілуіне иланғандықтан, шиит Имамдарындағы сияқты,
бәлкім, барынша ұқсас түрде олардың
аватар
екендігіне сенді. Сондықтан
дін өзгерткендердің әр толқыны өз көсемдеріне Құдайдың енгеніне иман
келтірді.
Ашкеназ жақтастарын шоқындырып бастаған Яков Франк (1726- 1795)
діни мансабын бастай сала, өзін тірілген Құдаймын деп жариялады. Бүкіл
яхудилік тарихындағы ең адам шошырлық кісі ретінде танылды. Ол білім
алмаған еді, осыны мақтан тұтатын, бірақ өз наным-сеніміне көзсіз табынған
көптеген яхудиге әсер еткен қараңғы бір мифологияны дамыта білді. Франк
Көне Заң күшін жойды деп уағыздады. Негізінде бүкіл діндер жойылуы
тиіс еді. Осылайша Құдай тікелей алға шығар еді.
Достарыңызбен бөлісу: