452
бар нәрсеге тікелей жауапкершілік жүктейтін сенімді де көрсетті.
Мұндай қызба және иррационалды діндарлық пен Жасампаз Әкелердің
байсалды ұстанымының арасынан байланыс табу қиын. Эдуардстың Оянуын
барынша сын найзасына түйреген бірнеше дұшпандары болды. Либералдар
Құдай өзін қоғамдық оқиғалардағы бұрқанған тасқындарда емес, ақыл
жолымен танытады деген көзқарасын алға тартты. Бірақ Алан Геймарт «Дін
мен Америкалық Сана: Ұлы Оянудан Төңкеріске дейін»
деген туындысында
Оянудың жаңа толқыны ағартушылықтың бақыт іздеу қиялының протестанттық
бір түрі деп сипаттады: бұл «барлық нәрсе өткір түсінікпен оянған әлемдегі
құтылуды» көрсетеді
501
. Ояну ағартушылық дәуірінің нәзік үміттеріне
керісінше, бұл әлемнен бақыт күте бермейтін адамдар өмір сүрген ең кедей
жағдайда пайда болды. Эдуардс жаңадан дүниеге келу тәжірибесі ләззат
алу және қандай да бір табиғи сезінуден ерекшеленетін әдемілік түсінігінен
бастау алған деген ойды алға тартты. Сондықтан Оянудағы Құдай тәжірибесі
Жаңа Әлем Ағартушылығын отарлаудағы бірқатар табысты адамнан артығы
үшін де жарамды еді. Адамдардың философиялық ағартушылықты діни
еркіндік сияқты сезінгенін де ескергеніміз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: