Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет171/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Eclairissement 
және 
Aufk
-
larung 
терминдерінің белгілі бір діни ассоциациялары да бар. Джонатан 
Эдуардстың Құдайы 1775 жылғы төңкеріс тасқынына да үлес қосты. Діни 
оянушылар үшін Британия, пуритан төңкерісі кезінде нұрлы сәуле шашқан 
шұғыласын жоғалтып алды, енді шөгіп, құлдырап бара жатқандай көрінді. 
Эдуардс пен әріптестері америкалық төменгі таптың төңкеріске қадам 
басуына жол ашты. Мәсіхшілдік Эдуардстың діні үшін қажетті еді: Адамның 
құлшынысы Жаңа Әлемдегі қолжетімді және жақын Құдай Патшалығының 
келуін жылдамдатты. Оянудың өзі (ашық нәтижеге қарамастан) адамдарды 
Киелі кітапта сипатталған Құтылу үрдісінің басталғанына сендірді. Құдай 
бейнесін танытуды күн тәртібіне қойды. Эдуардс Үштік қағидасына саяси 
түсініктеме берді: «Ұл «Құдай түсінігінен ет пен сүйекке оранған» иләһи 
болмыс», сондықтан Жаңа Англия Ұлттар Қауымдастығының нобайы; Киелі 
501
Алан
Геймарт
, Religion and the American Mind. From the Great Awakening to the Revolution (
Кембридж

Масс
, 1968), 43 
б



453
Рух, «әрекет үстіндегі Құдай», ол негізгі жоспарды толықтырған күш
502

Американың Жаңа Әлемінде, Құдай осылайша өзінің мінсіз сипатын жер 
жүзінде паш ете алады. Әлеумет Құдайдың өз «құдіретін» түсіндіреді. Жаңа 
Англия «төбедегі шаһар» болады; діндар еместер үшін, барлығын сиқырлап 
арбаған және магниттей тартқан «ондағы Йегова сәулесімен жарқыраған» 
шұғыла болады
503
. Джонатан Эдуардстың Құдайы сондықтан Ұлттар 
Ұйымында көрініс тапты: Иса игі бір қоғамда ет пен сүйекке енген сипатта 
көрінді. 
Басқа кальвиншілер дамудың жақтаушылары еді: Америкадағы мектеп 
бағдарламасына химияны кіргізді және Тимоти Дуайт Эдуардстың немересі, 
ғылыми білімді адам мінсіздігінің бір бастауы ретінде көрді. Олардың 
Құдайлары америкалық либералдар жақтаған білімсіздік сипатын 
білдірмейді. Кальвиншілер Ньютонның объектілерді бір рет бастағаннан 
кейін Құдайдың еншісіне өте аз нәрсе қалдырған дүниежүзілік ғылымын 
ұнатқан жоқ. Яғни біз сөзбе-сөз мәнінде әлемдегі белсенді Құдайға мән 
бергенін көреміз: Иләһи қағидалары олардың Құдайға деген көзқарастарын 
көрсетті; осыған қарағанда, Құдай жер бетіндегі жақсы-жаман барлық нәрсе 
үшін жауапты еді. Бұл мынадай мағына білдіреді; ғылым жаратылыстың 
әрбір әрекетінде, табиғи, дара, физикалық және рухани кездейсоқтық 
сынды әрекеттерінде де көрінетін Құдайды сипаттайтын. Кей жағынан, 
кальвиншілер идеяларында оянуға қарсы шыққан және Уитфилд пен 
Эдуардс сияқты уағызшылардың насихаттарында оларды мазалаған «қауіпті, 
таңғажайып пікірлерден» гөрі құрғақ нанымды артық көрген либералдарға 
қарағанда батыл еді. Алан Геймарт Америка қоғамындағы интеллектуализмге 
қарсылықтың өз бастауын кальвиншілер мен протестанттардан емес, 
Құдайға қатысты идеялардан «жалаң және ашық» болуға үгіттеген Чарльз 
Чонси немесе Самуэль Куинси сияқты рационалист бостондықтардан 
алғандығын алға тартты
504

502 «An Essay on the Trinity», 
бұл
да
сонда
, 62-63 
б

503
Бұл
да
сонда
, 101 
б

504
Бұл
да
сонда

Александр
Гордон
мен
Самуэль
Квинсидің
көзқарастары
, 167 
б



454
Яхудилер арасында рационалистік идеяларды жаюға жол ашқан және 
Еуропадағы яхуди емес тұрғындарға таратқан бұл жайт назар аударуға 
тұрарлық. 1666 – Қиямет жылында бір яхуди Мәсіхтің жақын арада келетінін 
білдірді және бұл хабарды бүкіл әлемдегі яхудилер қуана қабылдады. 
Саббатай Цви (Шабтай Цеви) ғибадатхана құлағаннан бір жыл өткеннен 
кейін 1626 жылы Кіші Азиядағы Смирнада (қазіргі Измирде) ауқатты сефард 
отбасында дүниеге келді. Ер жеткеннен кейін қазір депрессия мания деп 
аталатын оғаш мінезін көрсетті. Отбасынан жырақтап, қылуетке түскен кезде 
терең қайғы-қасіретке түсті. Бірақ бұдан кейін масаң сүйініш хәлін бастан 
өткерді. «Есуастық» сәтінде Мұсаның Заңдарын әдейі бұзды: адамдардың 
көзінше харам тағамдардан дәм татты, киелі Құдайдың Есімін аузына алды 
және өзіне уахи келіп, осылай ет деп бұйырғанын айтты. Өзінің ел-жұрт 
көптен күткен Мәсіх екеніне сенді. Соңында хахамдар бұған төзе алмай, 
1656 жылы Саббатайды шаһардан қуғындады. Осман патшалығындағы 
яхуди қауымдарын аралап көрді. Ыстамбұлда сөйлеп тұрған кезде Тәураттың 
әмірлері жойылды деді. Егіле жылап былай деді: «Тыйымдарды жойған, Киелі 
Құдай Иеміз Сенсің!» 1648 жылы Польшадағы қанды Яхуди қырғынынан 
қашып кеткен, қазір жезөкше болып өмір сүріп жатқан әйелмен үйленуі 
алапат ұрысқа себеп болды. 1662 жылы Саббатай Иерусалимге кету үшін 
жолға шықты: бұл кезде хәлі нашарлап кетті, жындар жан-тәнімді билеп 
алды деп ойлады. Палестинада Натан есімді білгір, жындарды қууды шебер 
меңгерген жас хахам бар деп естіді. Оның Газадан табу үшін жолға шықты. 
Саббатай сияқты Натан да Исаак Лурияның Каббаласын зерделеді. Ол 
Измирден келген яхудимен жолыққан кезде оған жын меңдеп кетіпті деді. 
Түнек қайғысы оның шын Мәсіх екенінің айғағы еді. Түнек түкпіріне бойлаған 
сайын тек Мәсіх қана құтқарған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет