Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет179/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Decline and Fall of the Roman Empire 
(«Рим патшалығының ыдырауы мен құлауы») кітабын жазуға итермелеген 
себеп Римдегі Юпитер ғибадатханасы қалдықтарының ортасында отырып, 
көрген бір елесі еді. Бұл тәжірибені түсіндірген жиырмасыншы ғасыр 
тарихшысы Арнольд Тойнби мұны «қатысу» деп сипаттайды: «ол үлкен бір 
ағыспен өзін мейіріммен алып бара жатқан Тарих өткелінің және кең бір 
әуре ағысында бір толқын сияқты қараңдаған өз өмірінің тікелей парқында 
еді». Тойнби мұндай бір шабыт сәті «рухтар кие дарытқан көзқарас» ретінде 
танылған тәжірибеге ұқсайды деген қорытындыға келді
519
. Әсіресе Альберт 
Эйнштейн мистицизмнің «бүкіл шынайы өнер мен ғылымның мәшһүр түрі» 
екенін алға тартты: 
Біз үшін қол жетпес ақиқаттың шынымен де бар екенін, өзін 
бізге ең ұлық даналық пен нұрлы сұлулық сипатында көрсеткенін, 
біз қарабайыр қабілетімізбен мұның тек ең алғашқы түрін түсіне 
518
Бұл
да
сонда
, 174 
б

519
Арнольд
Тойнби
, A Study of History, 12 
том
(
Оксфорд
, 1934 - 61), 
Х
, 128 
б



469
алатынымызды білу. Бұл білім, бұл сезім – бүкіл шынайы діндарлықтың 
өзегі. Бұл мәнде және тек осы мәнде мен де діндар адамдар арасында 
орнымды аламын
520

Бұл тұрғыдан Бешт сияқты мистиктер ашқан діни ағартушылық 
Рационалистік кезеңнің кейбір басқа табыстарына жақын сияқты көрінуі 
мүмкін: бұл ең қарапайым адамдар үшін модернизмнің жаңа әлеміне өтуді 
жеңілдетті. 
1780 жылы лядалық хахам Шнеур Залман (1745-1813) интеллектуалдық 
зерттеуге шетелдік хасидизмнің сезімдік шабытын емес, мистицизм мен 
рационалистік идеяны біріктіруге тырысқан жаңа түрін құрды. Құдайдың үш 
сипатының бас әріптерін алды және ХаБаД деп танытты: Хохма (Даналық), 
Бинаһ (Ақыл) және Ду’ат (Білім). Философияны руханиятпен үйлестірген одан 
бұрынғы мистиктер сияқты, Залбман метафизикалық қиялдың дұға үшін 
қажетті бір дайындық екеніне сенді, өйткені ол ақылдың шегін көрсететін 
еді. Тәжірибені барлық нәрседе бар негізгі Хасидик Құдай көзқарасынан 
бастады және диалектикалық тәсілмен мистиктің Құдайдың тек ақиқат 
екенін түсінуіне басшылық етті. Зальман былай деп түсіндіреді: «Мәңгілік 
тұрғысынан қарағанда, оған берекет болсын, барлық әлем шынымен еш 
нәрсе емес сияқты»
521
. Жаратылған әлем Құдайдан бөлек емес. Оны өмір 
күшін беріп тұрған Құдай. Ал әлемнің тәуелсіз сияқты көрінуінің жалғыз 
себебі – біздің шектеулі санамыз ғана. Бірақ бұл жаңсақ ой ғана. Сондықтан 
Құдай шындық шеңберінің бір таңдауын ұстаған шынайы үстем болмыс 
емес. Ол әлемнен тыс емес. Шынымен Құдайдың трансценденттілігі 
туралы ілім қалай болғанда да, сезім мүшелерінің сыртына өтуді мүмкінсіз 
қылған санамыздың басқа бір қателігі. ХаБаДтың мистикалық қағидалары 
яхудилерге, нәрселерді Құдай тұрғысынан көру үшін сезім мүшесінің ар 
жағына өтуде жәрдем береді. Көзі ашылмаған адамға әлем Құдайдан ада 
сияқты көрінеді. Каббала идеясы айналамыздағы, әлемдегі Құдайды ашу 
520
Альберт
Эйнштейн

Ярослав
Пеликанда
(
жар
.), «Strange is Our Situation Here on Earth», Modern Religious Thought (
Бостон

1990), 204 
б

521
Рашель
Элиннен
үзінді
, «HaBaD: the Contemplative Ascent to God» 
Гринде
(
жар
.) Jewish Spirituality 
ii
, 161 
б



470
үшін рационалистік шектеулері жоюда бізге қол ұшын береді. 
ХаБаД Құдайға ұласу үшін адам санасының қабілетіне сенім артқан 
Ағартушылыққа қосылды, бірақ мұны ескіден бері мәнін жоймаған 
парадокс және мистика тәсілі арқылы жүзеге асырды. Бешт сияқты Залман 
да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет