Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет178/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

девекутх 
қолданысынан өтсе немесе Құдаймен біріге алса да 
иләһи қасиет даритынына сенбейтін еді. Осылайша құтырған қайсарлық 
бүкіл яхуди мистиктері үшін асыра сілтеуші бір сипат сияқты көрінді. 
Мұның орнына хасидим Құдайға таяу барып, оның барлығын сезінеді. Көбісі 
қарапайым адамдар еді. Өздерін шектен шыққан жамағат ретінде танытты, 
бірақ мифологияны сөзбе-сөз түсінбеу керектігін білетін. Оқиғалар мен 
ақылмен байланысы аз тәжірибені сипаттау үшін қиял-ғажайып әдебиетін 
ең жақсы құрал ретінде қолданып, философия немесе Талмұдқа қатысты 
даулы хикаяларды ұнататын. Көрген елестері Құдай мен адамның ортақ 
бірлігін танытуға қажетті символикалық талпыныс еді. Құдай тысқары, 
объективтік шындық емес. Хасидим бір мәнінде тарап кеткеннен кейін 
Оны жаңадан құрастырып, жаратқанына сенетін еді. Іштеріндегі иләһи 
ұшқынды сезінгенде ғана адами сипат алады. Осы түсінікті Каббаланың 
мифологиялық терминдерімен түсіндірді. Дов-Бер (Dov Baer) Бешттің ізімен 
Құдай мен адамның біртұтас екенін тілге тиек етті: «адам тек Құдайдың 
жаратылыс күнінде ниет еткен және басқа болмыстан өзін ажырата білу 
қасиетін жоғалтып, Езекиельдің тақта көргеніне ұқсас, алғашқы адам 
немесе космостық фигураға» айналғанда жаратқан Адамы болуы мүмкін 
еді
515
. Бұл өзінің трансцендентті сипатының парқына барған адамдар 
тудырған ағартушылық грек немесе буддист сенімінің басқаша күйдегі 
яхуди түсіндірмесі еді. 
Гректер бұл түсінікті Исаның тірілуі және Құдайлық сипат иеленуіне 
қатысты қағидаларында тәпсірлеген еді. Хасидизм өзінің тірілуі түсінігін 
жетілдірді. 
Цаддик
, хасидтік хахам (раввин), өз ұрпақ буынының 
аватары
– 
515
Шолем
«Devekuth», The Messianic Idea in Judaism 
кітабында
, 226-227 
б



467
көк пен жер арасында бір байланыс пен иләһи көріністің өкіліне айналды. 
Чернобыльдық хахам Менахем Нахумның (1730 - 1797) жазғанындай, 
Цаддик
«шынымен де Құдайдың бір бөлшегі және Онымен бірге озалдан 
бері келе жатыр»
516
. Христиандар Құдайға жақындауға талпынғанда Исаны 
үлгі ететіні сияқты, хасид мінсіз 
девекутхты 
қолданды және Құдайға шыққан 
Заддикті басшылыққа алды. Ол бұл ағартушылықтың жүзеге асқанының 
жанды айғағы. Өйткені цаддик Құдайға жақын, хасидим ол арқылы әлемнің 
иесіне жақындай алады. Цаддиктерінің маңында жиналады. Ол бұларға 
Бешт жайлы хикая айтқанда немесе Тәураттың бір аятын тәпсірлегенде 
еш сөзін ұмытпас еді. Қызуқанды христиан ағымдарындағы сияқты 
хасидизмнің тек дін ғана емес, қоғамдық қыры да күшті еді. Хасидтердің бір 
тобы цаддиктер соңғы рет көркейген кезде ұстаздарының артынан кетуге 
құлшынды. Тәураттың тірі көрінісі ретінде көрінген ғұлама хахамдары 
толықтай кірлеткен адамдық культтің православ Польша хахамының үрейін 
ұшыруы таңғаларлық құбылыс емес-тін. Оппозиция Вильнодағы еврей 
академиясының 
гаоны
(басшысы) хахам Илия бен Соломон Залманның 
(1770-1797) жетекшілігінде келді. Саббатай Цви бүлігі кейбір яхудилердің 
шектен тыс мистицизм дұшпанына айналуына себеп болды және Вильно 
гаоны
рационалистік діннің қорғаушысы ретінде көрінді. Ол Талмұд білгірі 
болумен қатар қызуқанды бір каббалист еді. Жақын шәкірті, воложиндік 
хахам Хайим оны «
Забурдың 
толық және үлкен білгірі... Киелілік пен 
пәктік, кемел бір 
девекутхпен 
махаббат жалыны мен иләһи айбаттың 
қорқынышымен жұмыс істейтін еді» деп мақтады
517
. Исаак Лурияны сөз 
қылғанда бүкіл денесі тітіркенетін. Таңғажайып түстері мен уахилары бар 
және Құдаймен Тәурат арқылы байланысқан кезде денесі дірілдейтін. 
Сонымен бірге жасырын сезімін түсіндіруі, түсінің мақсатын ұқтыруы назар 
аударуға тұрарлық. Хахам Хайим былай деп жалғайды: «Ол Құдай ұйқыны 
тек бір мақсат үшін жаратты дейтін. Түс адамның өте көп машақат пен 
516
Артур
Грин
, Jewish Spirituality II «Typologies of leadership and the Hasidic Zaddick», 132 
б

517
Льюис
Якобста
(
жар
.) Sifra De Zeniuta, 
ауд

Р
.
Ж

За

Верблоуски
, The Jewish Mystics (
Иерусалим
, 1976 
жəне
Лондон
, 1990), 
171 
б



468
бейнеттен кейін де қол жетпеген арманына ұласу үшін рухының тәнімен 
бірігетін сәті; өйткені кеуде екіге жарған бір перде сияқты»
518

Ойлағанымыздай, мистицизм мен рационализм арасында үлкен шыңырау 
жоқ. Вильнолық гаонның ұйқы туралы айтқан ойлары түпсана ролінің ашық 
қабылдануын көрсетеді. Достарды ояу жүрген сәтте бой тартқан бір түйткілді 
шешу үмітімен истихараға жатуға мәжбүрледік. Санамыз қабылдауға бейім 
және еркін болғанда, ойлар сананың ең терең түкпірінен келеді. Бұл ұлы 
принципін моншада ашқан Архимед сияқты ғұламалардың да басынан 
өткен. Шынымен де креативті философ немесе ғалым мистик сияқты оның 
сырын түсінуге деген үмітпен жаратылмаған шындықтың қараңғы әлемі мен 
беймәлімдік бұлтымен бетпе-бет келуге мәжбүр. Логика және ұғымдармен 
айналысқанына қарағанда, қалар-қаламас, ойдың идеялары немесе 
формалары ішіне қамалады. Өнертабыстары сырттан берілген сияқты 
көрінеді. Шабыт пен сезімге сүйеніп сөйлейді. Діни фундаментализмді жек 
көретін Эдуард Гиббонды (1737 - 94) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет