471
бұл көзқарас салмақсыз деп сынға ұшырады. Англия 1767 жылы Үндістан
билігін қолға алса да, Батыстың жекпе-жекке шақырып жатқаны мұсылман
әлемінің әлі қаперінде емес еді. Дели сопысы Шах Уалиуллаһ (1703-1762)
бәлкім, жаңа рухты түсінген алғашқы адам еді. Ол мәдени жаһандануға күмән
келтірген, дегенмен мұсылмандардың мирасын қорғау үшін бірігетініне
сенген ықпалды ойшыл еді. Шиитларды ұнатпаса да, сүннилермен ортақ бір
жол табуы керек деп санайтын. Үндістанның жаңа шарттарымен үйлестіре
түсу үшін шариғатты жаңартуға тырысты. Уалиуллаһ отаршылдықтың соңы
немен бітетінін сезіп білгендей еді. Оның ұлы Англияға қарсы
жиһадқа
бастайтын еді. Діни ойлары өте радикал және Ибн әл-Арабиді жан-тәнімен
қолдайтын.
Адам Құдай жәрдем етпесе, бүкіл жасырын күшін жетілдіре
алмайды. Мұсылмандар діни мәселеде бай тарихынан әлі қуат алатын және
Уалиуллаһ сопылыққа шабыт бере алатын үлкен идеал еді. Сонымен бірге
әлемнің бірқатар өлкесінде суфизм іріп-шіріп бара жатты. Арабстандағы
реформист қозғалыс он тоғызыншы ғасырда
мұсылмандардың Құдайды
танытқан мистицизмнен жырақтағанын білді. Батыс исламды жекпе-жекке
шақырды.
Он алтыншы ғасырдың христиан реформистері сияқты Араб түбегінде
Нәждтен шыққан құқықты Мұхаммад ибн әл-Уаххаб (1784 ө.) Ислам дінін
бастапқы саф күйіне әкелуді және кейінгі қоспалардан арылтуды көкседі.
Ол мистицизмнің бітіспес дұшпаны еді. Сопы ерендері мен шиит имамдары,
тірілу теологиясының бүкіл кеңестері күресінге атылды. Ол Мәдинадағы
пайғамбардың мазар культіне де қарсы еді. Ешбір адам қанша нұр шашып
тұрса да, Құдай махаббаттын өзіне бағыттамауы тиіс. Әл-Уаххаб Орта
Арабстанда ұсақ бір князьдықтың билеушісі Мұхаммед ибн Саудты сеніміне
енгізіп, екеуі бірге пайғамбар мен сахабаларының алғашқы
Достарыңызбен бөлісу: