480
әлем мен адам санасының бірлігіне кие бітірді
532
. Мистик Уордсуорттың
өзінің табиғат туралы ойлары Құдай идеясына жақын келеді. «Тинтерн
монастырынан бірнеше миль қашықтықта жазылған өлең жолдары» атты
кітабында шындық көзқарасы арқылы уәжд жағдайында шыққан сананың
қабылдау кезеңін танытты:
Бұл киелі хәл
Сырға бөккен,
Қолға түспейтін әлемнің ауыр және мызғымас жүгін жеңілдетер:
Бұл тыныш және киелі хәл – махаббаттың мейіріммен бізді құшақтауы.
Тәніміздің тынысы мен қанымыздың қозғалысы тұрып қалды.
Бәріміз ұйқыға шомдық,
Кеудеміздегі рухқа айналдық:
Үйлесім мен қуаныштың терең күшімен
Үнсіз-түнсіз көзбен
Заттың ішіндегі өмірді көріп тұрмыз
533
.
Бұл елес Уордсуорттың таза шешуші күштері мұндай сезімді жоқ қылатын
«белсенді ақылына» қарағанда жүрек пен сүйіспеншіліктен шығып жатыр.
Адамдардың кең ауқымды кітаптар мен теорияларға мұқтаждығы жоқ. Ең
қажеттісі – «білімді қарекетсіздік» пен «қадағалап, түсініп отырған жүрек»
қана
534
. Түсінік білімсіз және төзімді болуды білдірмесе де, «білгір» болудың
мәжбүрлігі субъективті тәжірибемен басталады. Китс айтқандай, бір ақиқат
жүректі тебірентіп, толқытқанға дейін ақиқат бола алмайды.
Уордсуорт біртұтас және барлық жерде бар, табиғи феноменнен жырақ
«рухты» талдайды:
Мені жоғары ойларымен мазалаған қуаныш; биіктеу сезімі
532 The Prelude
Достарыңызбен бөлісу: