Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет184/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

II, 256-264. 
533 «Lines Composed a Few Miles Above Tintern Abbey», 37-49. 
534 «Expostulation and Reply»; «The Tables Turned». 


481
Тереңнен қайнап шығып, бататын күн сәулесінде 
Және ұшы-қиырсыз мұхит пен ауада, 
Көк аспан мен адам санасында: 
Бір мінез бен бір рухты қозғалысқа түсірді, 
Барлық ойды, барлық ойдың сәулесі және барлық жерде 
жұмарланды
535
.
Гегель сияқты философтар мұндай рухты тарих оқиғаларынан тапты. 
Уордсуорт бұл тәжірибесін дәстүршіл діни түсініктеменің талқысына 
салмауға тырысты. Бірақ әсіресе ахлақ тұрғысында Құдай туралы сөз 
қозғап, өзін бақытты сезінді. Ағылшын протестанттарының жаңашылдар 
назар аудармаған мистиктердің Құдайынан хабары жоқ еді. Құдай ұжданды 
көмекке шақырып сөйлесетін. Жүректің қалауын табады. Бірақ Уордсуорттың 
табиғатта сезінген «болмысымен» ортақ қырлары аз еді. Әрдайым тура сөзді 
ғана бағалайтын. Уордсуорт бұған тек «бір нәрсе» дейтін, көбінесе толық 
түсіндірменің орнына осы сөзді қолданды. Уордсуорт шынайы мистикалық 
агностицизмге, ешбір категорияға сәйкес келмегені үшін бұл рухқа ат 
қоюдан қашып, оны тек танытуға тырысты. 
Осы дәуірдің басқа бір мистик ақыны көп өлеңдерінде қиямет үндеуін 
тастап, «Құдай өлді» деп жариялады. Уильям Блэйк (1757-1827) алғашқы 
жырларында диалектикалық тәсіл қолданды: «пәктік» пен «кемелдік» 
сияқты терминдер бір-біріне толықтай кереғар, шым-шытырық шындықтың 
көрінісі деп табады. Блэйктің Англияда рационалистік дәуір өлеңі ретінде 
сипатталған ұйқасты өлеңдердегі антитезалары адамдық және субъективті 
көзқарасты қамтыған тәсілге айналды. 
The Songs of Innocence and Experience 
(«Пәктік пен кәмелеттік өлеңдері») кітабында адам рухының қарама-қайшы 
екі қырын синтездеп біріктіргенге дейін екеуі де кемшін болып көрінді. 
Пәктік тәжірибеге айналуы тиіс және тәжірибе шынайы пәктікке ұласпай 
тұрып, ең терең қатпарларға түсуі керек. Ақын «бүгінді, тарих пен келешекті 
көрген» және бастапқы кездерде адамзатқа айтылған Киелі Сөзді естіген 
535 «Tintern Abbey», 94-102.


482
пайғамбар болған, 
Кеткен рухты шақырып, 
Кешке шық түскенде аһ ұрып, 
Темірқазық жұлдызын 
Құшақтап түн жүзін, 
Және қайта көктен түскен сәуле
536

Гностиктер мен каббалистер сияқты Блэйк ойымен жәннаттан жерге 
қалай түскенін қиялдап жазды. Адамдармен бірге өмір сүріп жатқан хәлінің 
түкке тұрмайтынын түсінгенге дейін адам дүниені дұрыс тани алмайды. 
Алғашқы мистиктер сияқты Блэйк те күнделікті тіршілігімізде болып жататын 
үрдістерді символға айналдыру үшін еркін түсу идеясын қолданған. Блэйк 
ақиқатты жүйелеуге талпынған ағартушылық көзқарасына қарсы шықты. 
Әсіресе адамды адам хәлінен алып тастаған христиан Құдайына да қарсы 
шықты. Бұл Құдай жыныстық құмарлықты, азаттық пен өзінен ләззат алу 
сезімін жаншу үшін табиғатқа теріс заңдарды енгізген. Блэйк «Жолбарыс» 
атты шығармасында оны адам ақылы жетпейтін «түпсіз тұңғиық пен көктегі» 
әлемнен бөліп алып, мейірімсіз Құдайдың «қорқынышты үйлесіміне» 
тіл тигізді. Сонымен бірге басқа Құдай, әлемнің жаратушысы өлеңдерде 
толықтай өзгеріске ұшырады. Құдайдың өзі дүниеге түсіп, Исаның бейнесінде 
өлді. Адамзаттың дұшпаны шайтан да өледі. Гностиктер, каббалистер мен 
алғашқы Үштік сеніміндегілер сияқты Блэйк елсіз жәннаттан түскен және 
дүниелік бейнеге ие болған мабуттың өзін босатқан 
кенозисін 
жасап шықты. 
Адамдардың сыртқы гетеронумис
537
ережеге мойынсұнғанын қалайтын өз 
әлеміндегі еркін Құдай енді жоқ. Адамның Құдайға жат әрекеті жоқ. Шіркеу 
тыйым салған жыныстық құштарлықтың өзі Исаның қалауында көрініс 
тапты. Құдай өз еркімен Иса бейнесінде өлді
538
. Трансцендентті жат Құдай 
536 «Introduction», «The Songs of Experience» 
кітабында
, 6-10. 
537 
*
Гетерономис
(
Грекше
): 
Өзінен
бөлек

басқалар
қойған
заңға
тəуелді
538
Иерусалим
33: 1-24. 


483
енді жоқ. Құдай өлгеннен кейін адам кейпіндегі Құдай пайда болады: 
Иса «Сіз үшін өлмеген біреуді сүйер ме едіңіз немесе сіз үшін жанын пида 
етпеген біреу үшін басыңызды бәйгеге тігер ме едіңіз?». Егер Құдай адам 
үшін өлмесе және ақыретке дейін адам үшін өзін құрбандыққа бермесе, 
адам өмір сүре алмас еді. Өйткені Құдай – махаббат, адам да – махаббат. 
Мейірім – пейілін көрсетіп, біреу үшін жанын құрбан ету деген сөз. Иләһи 
сипаты болмаса, адам бір-бірін бауыр тұтып жүре алар ма еді
539

Блэйк дәстүрлі шіркеулерге қарсы шықты, бірақ кейбір теологтар 
романтикалық көзқарасты ресми христиан дініне енгізуге тырысты. 
Субъективті діни тәжірибенің маңызын алға тартып, трансцендентті Құдайды 
жеккөрінішті және жарамсыз деп тапты. 1799 жылы Уордсуорт пен Кольридж 
Англияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет