Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет187/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Essense of Christianity 
(«Христиандықтың мәні») (1841) атты танымал 
еңбегінде Құдайдың тек қана адам көрінісі екенін алға тартты. Құдай 
идеясы пенделік кемшіліктеріміздің алдына кемел бір затты қойып, біздің 
өз табиғатымыздан бас тартуымызға себеп болды. Сондықтан Құдай шексіз, 
адам өткінші; Құдайдың барлық нәрсеге күші жетеді, адам болса әлсіз; 
Құдай киелі, адам күнәһар. Фейербах бірқұдайшыл идеяға қауіп төндірген 
Батыс дәстүріндегі терең құштарлықты меңзеді. Құдайды адам шарттарынан 
ада етіп көрсету оны пұтқа айналдыруға апарып соғады. Басқа да дәстүрлер 
бұл қауіптен құтылудың алуан түрлі жолдарын тапты. Бірақ Батыста Құдай 
идеясы бірте-бірте материалдық сипат алғаны және адам табиғаты өте 
жарамсыз деген көзқарасқа үлес қосқаны, өкінішке қарай, дұрыс еді. 
Мәселен, грек проавослав теологиясына жат Августиннен бері Батыста 
Құдай дініне қатысты айтылған күнә мен қылмыс, зорлық пен күрес туралы 
табанды түрде ескертті. Фейербах немесе Огюст Конт (1775-1857) сияқты 
адам туралы оң көзқарастары бар философтар тарихта сенім кемшілігіне 
жол ашқан бұл Құдайдан құтылуға тырысқан әрекеттері таңғаларлық емес-
тін. 
Атеизм әрқашан құдайшылдық ұғымын жоққа шығару болып танылған. 
Яхудилер мен христиандар Бір Құдайға құлшылық білдіргеніне қарамастан, 
мәжусилік көзқарасқа теріс қарайтындықтан, «атеист» аталды. Он 
тоғызыншы ғасырдың жаңа атеистері басқа құдайды емес, Батыстағы Құдай 
ұғымын сынады. Осылайша Карл Маркс (1818-1885) дінді «езілгендердің 
ішкі қайшылығы... бұл ащыға төзімді қылған, халықтың апиыны» деп 
жариялады
544
. Яхуди-христиан дәстүріне адал, мәсіхші тарих көзқарасын 
жақтағанымен, Құдайды жарамсыз деп тапты. Тарихи үрдістен тыс мән, 
құндылық немесе мақсат жоқ, демек, Құдай идеясының адамзатқа пайдасы 
жоқ. Атеизм – Құдайды жоққа шығаруда уақытты босқа өлтіру. Және кедей 
есігінде отырған кезде, байдың вилласында отырған қоғамдық тәртіпті 
қолдау үшін үстем тап өкілдерінің жиі қолданғанына қарағанда, «Құдай» 
544
Ярослав
Пеликанда
(
жар
.) «Contribution to the Critique of Hegel’s» «Philosophy of the Right» Modern Religious Thought 
(
Бостон
, 1990), 80 
б



489
марксист сыннан жәбір көре алар еді. Сонымен бірге бұл барлық таухид 
діндері үшін әділ көзқарас емес. Құдай идеясын марксизм идеологиясына 
барынша жақын, сан алуан мақсаттар үшін қолданған Амос, Ишая немесе 
Мұхаммедті қоғамдық әділетсіздікке көз жұмған Құдай қорқытады. 
Дәл осылай Құдай мен киелі мәтіндерді сөзбе-сөз тәпсірлеуге сүйенген 
түсінік көптеген христианды өз сенімін сол кезеңдегі ғылыми жаңалықтардан 
безінетін жағдайға әкелді. Чарльз Лайельдің геологиялық кезеңнің 
көзқарастарын көрсеткен 
Principles of Geology 
(«Геология негіздері») (1830-
1833), Чарльз Дарвиннің эволюцияға қатысты жорамалдарын алға тартқан 
The Origin of the Species 
(«Түрлердің түп-төркіні») (1859) атты шығармалары 
Тәкуиндегі жаратылысқа сүйенген Киелі Кітап тәпсіріне қайшы келді. 
Ньютоннан бері жаратылыс Батыстық Құдай түсінігінің нақ ортасында орын 
алды. Адамдар Киелі кітаптағы баяндардың әлемнің физикалық төркінінің 
толық түсіндірмесі болуға ешқашан тырыспағандығын туралы шындыққа 
назар аудармады. Расымен де 
ex nihilio 
жаратылыс қағидасы күмән туғызады. 
Яхудилік пен христиандыққа кеш кірді. Исламда Алланың ғаламды жаратуы 
ақиқат деп қабылданған, бірақ оның қалай жүзеге асқандығы туралы егжей-
тегжейлі баяндамайды. Құрандағы Құдай жайлы барлық сөздер сияқты 
жаратылыс қағидасы да тек бір «мысал», нышан немесе бір символ ғана. 
Үш дін өкілдері жаратылысты бір миф ретінде қабыл еткен. Адамдарға 
белгілі бір діни мінез дарытуға жәрдем берген символикалық түсініктеме. 
Кейбір яхудилер мен мұсылмандар біле тұра жаратылыс баянының шынайы 
мәнінен мүлдем жырақ қияли тәпсірлер жасаған. Бірақ Батыста Киелі Кітапты 
сөзбе-сөз дұрыс деп қабыл етуге бейім бір көзқарас бар. Көптеген адамдар 
өзіміздің бір нәрсе жасауымызға немесе оқиғаларды жөнге салуымызға 
ұқсайтын түрде Құдайды жер бетінде болған барлық нәрсеге шынайы және 
физикалық түрде жауапты етіп көре бастады. 
Бұған қарсы, Дарвиннің жаңалықтары ешқашан да Құдай идеясын жоққа 
шығармайды дейтін көптеген христиандар да бар еді. Негізінде яхудилік пен 
мұсылмандық тіршіліктің төркініне қатысты жаңа ғылыми табыстардан теріс 
айналмаған. Христиан дінін де эволюция қағидаларына қатысты қолдануға 
болады. Құдай жайлы мазасыздық, көріп тұрғанымыз сияқты, барынша басқа 


490
бір көзден шығады. Батыс зайырлылық жүйесінің кең таралып, басқа сенім 
өкілдеріне де әсер еткені шүбәсіз. Сөздік мәніне тәуелді Құдай көзқарасы 
әлі танымал еді және Батыс әлемінде әр сенімнен бірқатар адам заманауи 
эволюция ғылымының Құдай идеясына өлімші соққы жұмсағанына өткір 
көзбен қарайды. 
Тарих бойы адамдар өздері үшін маңызын жоғалтқан кезде Құдай идеясын 
аластап шыққан. Кейде бұл көне израилдықтардың Кенғандықтардың 
киелі жерлерін жойғаны немесе пайғамбарларының мәжуси көршілерінің 
Құдайларына тіл тигізген кездегідей ауыр иконоклассицизм сипатына ие 
болған. 1882 жылы Фридрих Ницше Құдайдың өлгенін жариялаған кезде 
дәл осылай қатал тактикаға жүгінді. Бұл алапат хабарды жынды адам жайлы 
хикаясында жеткізді. Ол базарда айқайлап, «Құдайды іздеймін! Құдайды 
іздеймін» деп жүгіріп жүр еді. Тәкаппар тобыр «Құдай қайда кетті?» деп 
сұрағанда, яғни «қашты ма, жоқ әлде көшіп кетті ме?» дегенде, жынды 
көздерін оларға қадап тұрып, «Құдай қайда кетер дейсің?» деп ақырады. 
«Айтайын енді. Оны сіз бен біз өлтірдік! Бәріміз оның жендеті болдық!». 
Қиялға келмейтін, бірақ алдын алу да мүмкін емес бір оқиға адамзатты 
тамырынан үзіп, жер бетіне лақтырып жіберді. Әлбетте, иесіз жапан түзде 
қаңғалақтап кезіп жүрді. Адамдарға бұрыннан оң мен солын тану сезімі 
ретінде берілген барлық нәрсе ғайып болды. Құдайдың өлімі бұрын-соңды 
болмаған үмітсіздік пен таңғалысқа жол ашты. «Көк пен жердің әміршісі бар 
ма енді?» деп айқайлады қайғыға батқан жынды. «Бітпейтін жоқтық ішінде 
жұмарланып, жолдан тайып кетпейміз бе?»
545
Ницше Батыс санасында 
көбісінің «Құдай» деп таныған құбылысқа сенуді бірте-бірте қиындатқан 
түбегейлі өзгерістің дүниеге келгенін аңғарды. Толықтай бір мүмкінсіздік 
жасау сияқты білімді ортаға әкелген тек біздің біліміміз емес, үлкен 
үстемдік пен күшіміз де бір билеуші – Құдай идеясын қабылданбайтын 
жағдайға әкелді. Адамдар жаңа ағартушылық кезеңіне куә болғанын 
сезінді. Ницшенің жындысы Құдай өлімінің адамзат тарихының ең үлкен 
сатысын, ең жаңа кезеңді тудыратынына сенді. Құдайдың өліміне тұру үшін 
545
Фридрих
Ницше
, The Gay Science (
Нью
-
Йорк
, 1974), 
Но
. 125. 


491
адамдар өз өздерінің Құдайлары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет