Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет190/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Refutation of Materialists 
(«Материалистердің құрдымы») 
атты жалғыз еңбегінде Құдай туралы өте аз айтады. Батыстың ақылға мән 
бергенін және Ислам мен Шығысқа логикадан жұрдай деп қарағанын 
білгендіктен, Ауғани Исламды ынсапсыз ақыл арқылы білінген сенім ретінде 
танытуға тырысты. Шындығында, мутазилиттер сияқты, рационалистердің 
өзі діндерін бұлай танытуды оғаш санар еді. Ауғани философ қана емес, 
белсенді жан еді. Сондықтан оның қарекеті мен сенімін бір кітабына қарап, 
сынға салу дұрыс емес. Сонымен бірге Ислам танымын Батыс идеалдарымен 
үйлестіру мұсылман әлеміндегі сенімнің солқылдақтығын көрсетеді. Бұл аз 
уақыттан кейін барынша радикал түсінікке айналды. 
Ауғанидің Мысырлық шәкірті Мухаммед Абду (1894-1905) басқаша 
көзқарас ұстанды. Ол тек Мысырда әрекет етуді және Мысыр 
мұсылмандарының ағартушылық қозғалысына үлес қосуды дұрыс деп 
тапты. Сопы Шайх Дәруіштен дәстүрлі ислам бойынша білім алды. Дәруіш 
оған иләһи білімге бастайтын ең сенімді екі жолдың ғылым мен философия 
екенін үйретті. Сондықтан Абду Каирдегі атақты әл-Азхар мешітінде жұмыс 
істей бастаған кезде, атам заманғы оқу бағдарламасынан көңілі пәс тартты. 
Оның орнына логика, теология, астрономия, физика мен мистицизмнен 
дәріс берген Ауғаниден әсерленді. Батыстағы кей христиандар ғылым 
діннің жауы деп ойлайтын. Алайда мұсылман мистиктер математика мен 
ғылымды ақылдың жәрдемшісі деп жиі қолданатын. Бүгінгі мұсылмандардан 
шиитизмнің ең радикал мистикалық ағымдарын қоспағанда, друздар немесе 
алавиттер модернистік ғылыммен құлшына айналысуда. Ислам әлемінде 
Батыс саясатына қатысты күмән сейілген жоқ. Бірақ Батыс ғылымымен 
өздерінің Құдай сенімін бітістіру мүмкін емес деп санайтын мұсылмандар 
өте аз. 
554
Рой
Моттахедеһ
, The Mantle of the Prophet, Religion and Politics in Iran (
Лондон
, 1985), 183-184 
б



500
Абду Батыс мәдениетімен танысқан кезде қатты тебіренді. Әсіресе Конт, 
Толстой мен досы Герберт Спенсерден әсерленді. Батыстық өмір салтын 
толықтай қабылдаған жоқ, бірақ өзін интеллектуалдық тұрғыдан жаңарту 
үшін Батыс елдерін үнемі аралағанды ұнатты. Бұл ол исламды тәрк етті 
деген сөз емес. Керісінше, әрбір модернист сияқты Абду дінінің түп-төркініне 
қайтуды қалады. Сол үшін пайғамбардың рухы мен тура жолды көрсеткен 
алғашқы төрт халифқа (
рашидун
) оралуға үндеді. Бұл модернизмнен бас 
тартуды білдірмейтін. Абду мұсылмандардың заманауи әлемнен орындарын 
табуы үшін ғылым, технология және зайырлы философиямен айналысуы 
қажеттігін ескертті. Мұсылмандар өздеріне қажетті интеллектуалдық 
еркіндікке қол жеткізу үшін шариғат үкімдерін жаңартулары тиіс. Адамзат 
тарихында алғаш рет Құранда ақыл мен діннің қатар айтылғанын айғақ 
ретінде көрсете отырып, Ауғани сияқты исламды рационалистік дін ретінде 
сипаттауға тырысты. Пайғамбар келмей тұрып, мұғжизалар, әпсаналар мен 
қисынсыз сөздер уахи саналатын. Бірақ Құран мұндай өте қарабайыр тәсілге 
жүгінген жоқ. Оның «жетілген дәлел мен тұжырымдары бар. Дінсіздердің 
көзқарастарын түсіндіріп, оларды қисынды сынайды»
555
. Ғазалидің 
файласуфтарға қарсы шабуылы жөнсіз. Бұл діндарлық пен ғұламаның 
интеллектуалдық мәртебесіне әсер еткен рационализм арасына жік салды. 
Бұл Әл-Азхардың жарамсыз дәріс бағдарламасында ашық көрініс тапқан. 
Сондықтан мұсылмандар Құранның үйлесімді және рационалистік рухына 
оралуы тиіс. Сөйте тұра, Абду толық кемсітуші рационализмнен де аулақ 
тұрды. 
Хадисті 
ақтарды: «Құдайдың жаратылысына ой жібер, бірақ заты 
жайлы толғанба, әйтпесе құрдымға кетесің». Тылсым сырлы Құдайдың нағыз 
заты ақылға сыймайды. Құдайдың ешқандай жаратылысқа ұқсамайтынын 
мойындауға тиіспіз. Теологтар шұғылданатын басқа барлық мәселелердің 
еш маңызы жоқ. Құран оларға 
занн 
деп үкім кескен. 
Аллама Мұхаммад Иқбал Үндістанның озық модернисті еді (1876-1938). 
Үнділер үшін Ганди қандай қымбат болса, Үндістанның мұсылмандары 
үшін Иқбал сондай құрметке ие. Ол негізі ойшыл, сопы және урду ақыны 
555 Risalat al-Tawhid, 
Маджид
Фахриден
үзінді
, A History of Islamic Philosophy (
Нью
-
Йорк
жəне
Лондон
, 1971), 378 
б



501
болатын. Бірақ Батыстың білімін алды және философия докторы дәрежесін 
иеленді. Бергсон, Ницше мен А.Н. Уайтхедке деген сүйіспеншілігі алабөтен 
еді. Өзін Шығыс пен Батыс арасындағы көпірге балап, олардың негізінде 
философияны жаңадан жандандыруға талпынды. Үндістанда Исламның кері 
кетіп бара жатқанын көріп, қайғыға салынды. Он сегізінші ғасырда Моғол 
патшалығы құлағаннан кейін Үндістан мұсылмандары өздерінің шынайы 
келбетін жоғалтты. Исламның отаны болған Орта Шығыстағы бауырларының 
сеніміне селкеу түсірді. Нәтижесінде олар ағылшындардан да өткен жыртқыш 
және қатерлі адамға айналды. Иқбал өлең мен философия арқылы ислам 
қағидаларының қуатымен халықтың қасіретін жоюға кірісті. 
Иқбал Ницше сияқты Батыс философтарындағы дербестік қағидасын 
маңызды деп санады. Барша ғалам – субъектінің ең ұлық түрі, адамдар – 
«Құдай» деп атайтын Жаратушының өкілі. Өзінің дербес сипатын түсіну үшін 
әр адам Құдайға ұқсауға барынша тырысуы керек. Мұның мәні әркімнің 
барынша дербес, барынша қабілетті болуы және бұл қасиетін әрекетке 
айналдыруын білдіреді. Үндістан мұсылмандары көрінгенге қолжаулық 
болатын, қорқақ сияқты шеттеп қалатын (Иқбал мұны Иран әсерімен 
түсіндіреді) мінезінен арылуы тиіс. Мұсылман 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет