507
емес еді. Яхуди Құдайға табыну ұғымы
гойимнің
ойлағаны сияқты құлдық
сипатқа емес, философиялық идеяға сәйкес келді. Гегель айтқандай, дін мен
философия арасындағы жалғыз айырмашылық мынада: дін аллегориялық
тіл қолданса, философия өзін ұғымдар арқылы түсіндіреді. Құдай ол жайлы
ойларымыздан да биік тұратындықтан, символикалық тілдің қуаты өте қажет.
Шындығында тіршілік тәжірибеміз дәл осылай субъективті және шектеулі
болғандықтан, оны бар деп те айта алмаймыз.
Еркіндікпен келген жаңа сенім 1881
жылы ІІ Николай патшаның
қарамағындағы Шығыс Еуропа мен Ресейде қуғын-сүргінді антисемитизмнің
бас көтеруімен есеңгіреп қалды. Бұл Батыс Еуропаға да жайылды. Яхудилерге
азаттық берген алғашқы ел Францияда 1895 жылы яхуди офицері Альфред
Дрейфусқа мемлекетке опасыздық жасады деген жаңсақ айып тағылғанда,
антисемитизм толқыны өршіді. Атақты антисемит Карл Люэгер сол жылы
Вена қаласы әкімі болып сайланды. Сонымен
бірге Германияда Адольф
Гитлер билікке келмей тұрып, яхудилер әлі
қауіпсіз жағдайдамыз деп
санайтын. Осылайша Герман Коген (1842-1918) әлі Кант пен Гегельдің
метафизикалық антисемитизмімен шұғылданып жатқандай көрінді.
Яхудилік соқыр сенім деген айыпқа тосқауыл қоюмен шұғылданған Коген
Құдай көктегі, өзіне мойынсұнудың бұйырған сырттай ақиқат деген идеяны
жоққа шығарды. Құдай – тек адам санасында қалыптасқан идея, моральдық
мақсаттың символы. Жанған көгалдың Киелі Кітаптағы баянын тәпсірлеген
Коген Құдайдың Мұсаға өзін «Әлемнің әуелі-ақыры, іші-тысы – Мен өзім»
деп танытқанын, мұның біздің «Құдай» дейтін
құбылысымыздың жалғыз
өзі екендігінің қарабайыр бір түсіндірмесі екенін алға тартты. Мұнда біздің
тәжірибемізден мүлдем бөлек бір болмыс туралы әңгіме қозғалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: