хагшамах
сөзі (сөздік мәні –
деректендіру
) Орта ғасырдағы яхуди
философиясында Құдайға физикалық немесе кісілік сипаттар тағу деген
теріс мәнді білдіретін. Сионизмде
хагшамах
орнын толтыру, күнделікті
өмірде Израилдың үмітін жүзеге асыру мәнінде қолданылды. Кие жәннаттан
жерге түсті. Палестина сөзбе-сөз «киелі» мекенге айналды. Жазбада киенің
қалай көрінгенін түсіну үшін қырық жеті жасында сионизмге оралғанға
дейін ортодоксалды яхуди және каббалист болған Аарон Давид Гордонның
(1922 ө.) еңбектерін шолып шығу жеткілікті. Ол Палестинаға алғаш көшіп
келгендердің бірі еді. Сақал-шашы аппақ, әлсіз және дімкәс Гордон күндіз
жастармен тізе қосып, егістікте тер төгетін. Түнде олармен бірге билеп,
масаң хәлде «Бақыт!..» «Бақыт!..» деп айқайлайтын. «Көне заманда Израил
мекенінің жаңадан бірігу тәжірибесі Шехинаның бір уахиы деп аталды»
511
деп жазды ол. Киелі мекен киелі құндылыққа айналды. Тұтас яхуди рухын
туғызған, тек яхудилер үшін қолжетімді рухани күші бар еді. Гордон бұл киені
танытқан кезде Құдайдың сырына тән каббалистік терминдер қолданды:
Яхуди рухы – Израил мекенінің табиғи жағдайының жемісі. Тұнық,
барынша мөлдір көктің тұңғиығы, ашық көзқарас, пәктіктің буы. Киелі сыр
да
шектеулі ашық шұғыладан шексіз жасырын нұрға
өтіп, осы кеңістікте
жоғалатын тәрізді. Бұл әлемнің адамдары не осы ашық көзқарасты, немесе
яхуди рухындағы жарқын нұрды да аңғармайды
558
.
Басында бұл Орта Шығыс жері Ресейден мүлдем бөлек еді. Гордонға
үрейлі және жат көрінетін. Алайда тер төккен сайын (
аводах,
діни салтты
білдіретін сөз) оны игере алатынын байқады. Сионистер арабтар салғырт
қарады деген мекенді игеру арқылы яхудилер оны иемденіп, өздерін қуғын-
сүргіннен де арашалап алды.
Социалист сионистер жанкешті әрекеттерін Еңбектің жеңісі деп атады.
киббуцимдері ортақ өмір сүретін, өз азаттықтары үшін еңбек еткен бейбіт
монастырь жағдайына жетті. Топырақ өңдеуі ісі әлемдік сүйіспеншілік пен
мистикалық жаңадан туу тәжірибесіне жол ашты. Гордонның өзі айтқандай:
Қолдарымның еңбекке төселгені, көзім көруді, құлағым естуді үйренгені,
жүрегім жанымды ұғынғаны сияқты, рухым да төбелерден асуды, шексіз-
шетсіз кеңістікке ұшуды, айналадағы бүкіл жерге, әлем мен ішіндегілерге
жетуді, өзін күллі әлемнің құшағында сезінуді үйреніп жатыр
559
.
Олардың еңбегі бейбіт мінәжатқа айналды. 1927 жылы жас жетекші және
ғалым, жол инженері болып жұмыс істеген Авраам Шлонски (1900 - 1973)
Израил мекеніне арнап мынадай өлең жазды:
Мейірімді анам, бөле мені, ғажайып бір гүлдерге,
Шығарып сал жұмысыма шапақ шашқан күндерде.
Шұғылалы топырағым оранғандай шәлісіне дұғаның,
558
Елиазар
Швейд
, The Land of Israel: National Home or Land of Destiny,
ауд
.
Дебораһ
Грениман
(
Нью
-
Йорк
, 1985 ), 158
б
.
Каббализм
терминдері
көлбеу
жазумен
.
559
Бұл
да
сонда
, 143
б
.
512
Тізілген сан жас отаудан өмір күйін ұғамын.
Қолдың табы қалған тастар
сырғанайды таспасындай тұмардың.
Сүйікті кентті жасағанға дұға тілеп тұрар мың.
Ол жасаушы жандардың арасында,
Израилдық жол ұстасы, сенің ұлың Авраам бар, нанасың ба
560
.
Енді сионистің Құдайға мұқтаждығы жоқ. Өзін жаратушы сезінді.
Басқа сионистер дәстүрлі сенімге бас ұрды. Палестиналық яхуди
халқына бас раввин болып қызмет еткен Авраам Исхак Кук (1865-1935)
Израил жеріне кетпей тұрғанда, өзге дін өкілдерімен байланысы бар еді.
Кук «Құдайға қызмет ету діни міндеттер мен мақсаттан бөлек, ерекше бір
Болмысқа қызмет деп танылғандықтан, толыспаған шикі көзқарастан тәуелсіз
бола алмайды» деген ойға нық бекіді
561
. Құдай бөлек бір болмыс емес
. Эн
Соф
кез келген адамдық сипаттардан ада. Құдайды айрықша бір болмыс
деп ойлау – мәжусилік әрі тағы түсініктің нышаны. Кук яхуди дәстүрінен
нәр алса да, сионистік идеологияға ұрынбады. Әрине, «еңбекқорлар» діннен
арылдық деп ойлайтын, алайда атеистік сионизм – тек өтпелі кезең ғана еді.
Жетекшілері Құдайға сенетін, иләһи «ұшқындар» түнектің «пердесін» түріп,
азаттыққа әзірлеп жатты. Қалай ойласа да, яхудилер өзегіндегі Құдайдан
кіндігін үзе алмайтын еді. Өздері білмесе де, Құдайдың жоспарын жүзеге
асырып жатты. Қуғын-сүргін кезінде Киелі рух халықтан айырылған еді.
Шехинаны синагогалар мен жұмыс бөлмелеріне жасырды. Бірақ ұзамай
Израил әлемнің рухани орталығына айналды және өзге дін өкілдеріне
шынайы Құдай ұғымын көрсетті.
Мұндай руханият қауіпті болуы мүмкін. Киелі мекенге тәуелділік қазіргі
яхуди радикал мәжусилігін туғызды. Тарихи «Исламға» тәуелділік мұсылман
әлеміндегі фундаментализмге де жол ашты. Яхудилер мен мұсылмандар
560 «
Аводаһ
», 1-8,
ауд
.
Т
.
Карми
(
аударып
жариялаған
) The Penguin Book of Hebrew verse (
Лондон
, 1981), 534
б
.
561 «The Service of God», (
аударып
жариялаған
)
Бен
Зион
Боксерден
үзінді
, The Essential Writings of Abraham Isaac Kook (
Уарвик
Н
.
И
., 1988), 50
б
.
513
қараңғы әлемде мән табуға талпынды. Тарихтың Құдайы оларды сәтсіздікке
ұшыратқан сияқты еді. Сионистер халық қырғынға ұшырайды деген
қорқынышы шынға айналды. Нацистердің сойқырғынынан кейін яхудилер
үшін дәстүрлі Құдай идеясы көмескі тартты. Нобель сыйлығын иеленген
Эли Визель Венгриядағы жастық шағын Құдаймен бірге өткізді. Тіршілігін
Талмұд қағидасы айқындады. Есейген кезде Каббаланың сырларына сүңгуді
армандады. Бала кезінде Освенцимге, одан кейін Бухенвальдқа түсті.
Ажал лагеріндегі алғашқы түні анасы мен қарындасының тәні тасталған
крематорийден шығып, көкті кезген қара түтінге қарап тұрып, бұл жалынның
иманын да мәңгілік өртеп кеткенін сезінді. Ницше бейнелеген Құдайсыз
әлемде өмір сүріп жатыр. «Өмірге деген құштарлығымды мәңгіге жоғалтқан
түнге тән үнсіздікті ешқашан ұмытпаспын» деп жазды біраз жыл өткеннен
кейін. «Құдайымды, рухымды өлтірген және қиялымды күл-парша еткен ол
сәттерді мүлдем ұмытпаспын»
562
.
Бір күні Гестапо бір баланы дарға асты. Мыңдаған кісі бұл сұмдыққа куә
болды. Өрімдей сәбидің өлімі СС жендеттерін де абыржытты. Визель былай
деп еске алады. «Баланың қайғылы көзі, періште жүзі бар еді, үнсіз еді. Әр
демі қорғасындай ауыр еді. Дар ағашына шығарғанда да сабырын бұзбады».
Визельдің артындағы тұтқындардың бірі «Құдай қайда? Қайда Ол?» деп
сұрады. Баланың өлімі бір жарым сағатқа созылды. Тұтқын тағы да «Қазір
Құдай қайда?» деді. Визель ішінен шыққан бір дауысты естіді: «Қайда Ол?
Міне осында, дар ағашында асылып тұр»
563
.
Достоевский бір сәбидің өлімі ғана Құдайды мойындауға тосқауыл
бола алады деген. Алайда адамдықтан жұрдай әрекетке ұшыраған оның
өзі бұл өлімді сипаттап бере алмас еді. Освенцим сұмдығы дәстүрлі
Құдай идеяларының көбін құрдымға жіберді. Үстем апатияға батқан
философтардың жырақ Құдайы жантөзгісіз жағдайға келді. Тарихта өзін
көрсеткен Киелі Кітап Құдайы жайлы яхудилердің көбісінің ойы Визельмен
бір жерден шығады. Ол Освенцимда өлген. Бізден айырмасы жоқ, кісі сипатты
562
Эли
Визель
, Night,
ауд
.
Стелла
Родвэй
(
Хармонсуорс
, 1981), 45
б
.
563
Бұл
да
сонда
, 76-77
б
.
514
Құдай идеясын қабылдау қиын. Бұл Құдайдың күші барлық нәрсеге жетсе,
нацистердің сойқырғынына бөгет болар еді. Мұны тоқтата алмаса, құдіретсіз
және іске алғысыз. Тосқауыл болудан бас тартса, онда бір жануар ғана.
Нацистердің яхуди қырғыны дәстүрлі теологияны күйретті деп есептейтін
халық тек яхудилер ғана емес.
Сонымен бірге кейбір яхудилердің Освенцимда Талмұд оқып, дәстүрлі
мейрамдарын тойлағаны да рас. Құдай өздерін құтқарады деген үмітпен
емес, мәні болғасын. Освенцимда бір топ яхудидің Құдайды сотқа тартпақ
болғаны жайында да хикая бар. Оны мейірімсіз және сатқынсың деп
айыптайды. Айуб сияқты жиіркеніштің ортасындағы жамандық пен азап
түйткіліне дағдылы жауаптан жұбаныш таба алмайды. Құдай үшін еш сылтау,
ешбір себеп таба алмайды. Осылайша оны кінәлі деп тауып, үкім кеседі.
Раввин үкімді оқиды. Сосын жоғары қарап, соттың біткенін жариялайды.
Таңғы мінәжат уақыты туды.
|