Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет191/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

иджтихад 
принципі оларды 
жаңа идеяларды қабылдауға жігерлендіруі қажет. Құранның өзі үнемі өзін 
қадағалауды, өз-өзін зерделеуді бұйырған. Ауғани мен Абду сияқты Иқбал 
да дамудың кілті деп тапқан эмпирикалық ұстамның алғаш Исламда пайда 
болғанын және орта ғасырда мұсылман ғылым мен математикасы арқылы 
Батысқа өткенін дәлелдеуге тырысты. «Кіндік кезеңде» ұлы діндер келмей 
тұрғанда, адамзат қабілетті және көреген кісілерге мойынсұнғандықтан, аяқ 
асты көркейіп шыға келді. Мұхаммедтің сәуегейлігі осы сезім талпынысына 
нүкте қойды және басқа уахиды қажетсіз қылды. Бұдан былай адамдар 
ақыл мен ғылымға сенім артады. 
Өкінішке қарай, субъективизм өз-өзінен мақсатқа айналғандықтан, 
Батыста пұтқа табынушылықтың жаңа түріне айналды. Адамдар бүкіл 
ақиқат субъективизмнің Құдайдан бастау алғанын ұмытты. Кісінің қабілетін 
тізгіндеп отырмаса, қатерлі істерге құрал болуы мүмкін еді. Ницше 
бейнелеген өздерін Құдайларға балаған Кемел адамның нәсілі қорқыныш 


502
туғызды. Адамдар уақытқа тәуелді қыңыр мінезі мен ойларынан үстем 
түскен жаңа ережеге мұқтаж еді. Батыстың идеалды құлдыратуына қарсы 
шынайы субъективизм құрылымын қолдау Исламның міндеті еді. Олардың 
сопылық Кемел адам идеялары бар. Ол жаратылыстың ақыры мен өзінің 
өмірдегі мақсаты болды. Өзін ең ұлы болмыс санайтын және басқаларды 
жек көретін Кемел адамнан ерекшелігі, Кәміл адам Жаратушы жайлы толық 
біледі және қауымды алға жетелейді. Әлемнің қазіргі жағдайы дамудың 
келешегін көре алатын және адамзатты болашаққа жеткізетін таңдаулылар 
тобының қабілеттеріне тәуелді екенін көрсетеді. Соңында бәрі Құдайдың 
дербес сипатымен қауышады. Иқбалдың Исламның рөлі жайлы көзқарасы 
субъективті болғанымен, Исламды қаралау үшін христиандар жағына 
шыққан Батыс ағымдарының әрекетіне қарағанда әділетті еді. Кемел адам 
идеалынан түйген үрейін өмірінің соңғы жылдарында Германияда көрген 
оқиғалар артығымен растады. 
Осы сәтте Орта Шығыстағы араб мұсылмандар Батыстан төнген қауіпті 
бақылап отырған күштеріне соншалықты сенімді емес еді. 1920 жылы 
Англия мен Францияның Орта Шығысқа жорыққа шыққан кезеңі 
ам-әл-
накһбаб 
Бәле жылы деген атпен қалды. Бұл сөз ғаламдық апат деген ұғымды 
да білдірді. Арабтар Осман патшалығы құлағаннан кейін тәуелсіздігімізді 
аламыз деп үміттенді. Жаңа билік олардың өз тағдырларына мүлдем қол 
жеткізе алмайтындығын көрсеткендей. Тіпті ағылшындар Палестинаны 
сионистерге береді екен деген де қауесет тарады. Олар мұнда арабтардың 
да мол екенін көзге ілмейтін тәрізді. Ұят пен қорлық сезімі күшейе түсті. 
Канадалық зерттеуші Уилфред Кэнтуилл Смит тарихтағы жеңіс сезімінің 
бұны қоздырып жібергенін жазады: «[қазіргі араб] және, мәселен, қазіргі 
америкалық арасындағы ерекшелік мынада. Бірі тарихтағы үстемдігінен 
ләззат алады. Екіншісі қазіргі билігін мақтан тұтады. Бұл екі қоғамның терең 
жігін айқындайды
556
». Діни насихаттар да отқа май құя түсті. Христиандық 
– мінсіз түрде азап пен қасірет діні. Бұл ең болмағанда Батыста қайғылы 
сәттердің төл көзқарасы болды. Исаның айқышқа таңылуы символы мен 
556
Уильфред
Кэнтвилл
Смит
, Islam in Modern History (
Принстон
мен
Лондон
, 1957), 95 
б



503
дүниенің көркемдігін ұштастыру оңай емес. Сонымен қатар ислам – табысқа 
жетудің діні. Құран Құдайдың қалауына сай өмір сүретін (әділдік, теңдік, олжа 
бірдей бөлінетін) бір елдің табысқа ұласатынын айтады. Мұны ислам тарихы 
да растайды. Иса сияқты емес, Мұхаммед табыссыз қалмаған. Таңғажайып 
табысқа қол жеткізген. Оның табыстары жетінші және сегізінші ғасырдағы 
мұсылман патшалығының ғаламат жетістіктерімен біріккен. Бұл, әлбетте, 
мұсылман Құдай сенімін растайтындай көрінеді. Алланың мол ықпалы мен 
тарихта оның сөзінің дұрыс болғаны дәлелденді. Мұсылмандардың табысы 
жалғаса берді. Моңғол шабуылы сияқты қырғыннан да аман өтті. Ғасырлар 
бойы үмбет киелі мәнге ие болды және Құдайдың барлығының айғағына 
айналды. Ал қазір мұсылман тарихында баста жаңсақ кеткен бір нәрселер 
бар сияқты көрінді. Мұның Құдай түсінігіне де әсер етері сөзсіз. Бұдан 
былай көптеген мұсылмандар ислам тарихын жолға қою мен Құранның 
көзқарастарын әлемде ықпалды күйге жеткізу үшін еңбек етуі тиіс. 
Еуропа елдерімен байланыс артып, Батыс түпсанасындағы пайғамбар 
мен оның дінін қор көру сезімі тірілген сайын ұят сезімі де күшейе түсті. 
Мұсылман ғылымы бірте-бірте діни сенімді қорғайтын теология бөліміне 
немесе тарихтағы жеңісті малданатын қауіпті үрдіске айналды. Құдай 
орталықтан жырақ қалды. Кэнтвилл Смит 1930-1948 жылдары жарық көрген 
Мысырдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет