Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет192/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Әл-Азхар 
журналын
 
зерделеп, бұл үдерісті бүге-шігесіне дейін 
талдайды. Осы жылдары газетте екі редактор қызмет атқарды. 1930 жылдан 
1933 жылға дейін ең көрнекті дәстүршіл, саяси және тарихи мазмұннан 
гөрі өз дінін шектен шыққан дінге балаған Әл-Қыдыр Хусейн басшылық 
етті. Исламды қол жеткізілген шындықтан гөрі келешек әрекетке үндеу, 
мәжбүрлік деп қабылдаған жөн еді. Адам өмірінде киелі арманды тірілту 
қиын, тіпті мүмкін емес болғандықтан, Хусейн 
үмбеттің 
тарихтағы немесе 
қазіргі сәтсіздіктеріне налымады. Мұсылмандардың мінез-құлқын және 
кеңсесінде оқыған журнал мақалаларындағы «қажет» және «тиіс» сөздерін 
батыл сынады. 
Хусейннің сенгісі келген, бірақ сене алмаған адамның жағдайын 
сипаттай алмағаны мәлім. Алла ақиқаты сол күйінде қабылданған. Алғашқы 
мақалалардың бірі Йусуф әл-Дижнидің мақаласы Құдайдың барлығы жайлы 


504
ескі теологиялық даудың нобайын жасады. Смит бұл стильдің негізінде 
сыйлы болғанын және иләһи болмыс білдірген табиғаттың сұлулығы 
мен ұлылығының күшті және жанды тілмен сипатталғандығын айтады. 
Әл-Дижни Алланың барлығына күмәнданбайды. Мақаласын Құдайдың 
барлығын қисынды дәлелдеу деуден гөрі медитация деген дұрысырақ. Батыс 
ғалымдарының бұл «дәлелді» жоқ қылуға деген құлшынысын ол ескермеген 
де. Бірақ бұл қағиданың күні өткен. Журналдың сатылымы түсіп кетті. 
Фарид Вежди 1933 жылы тізгінді қолға алғанда оқырмандар саны екі 
есеге артты. Веждидің бірінші ойы оқырмандарды Исламның «жолында» 
екеніне иландыру еді. Хусейн ислам Құдай санасындағы шектен тыс идея, ол 
ешқандай жәрдемге мұқтаж емес деген еді. Бірақ Вежди исламға адамның 
қатерге ұшыраған дәстүрі ретінде қарады. Растау, бағалау және мақұлдау 
– ең негізгі қажеттілік. Уилфред Кэнтуилл Смит Веждидің зерттеуінде 
дінге деген терең бір қарсылық жатыр деп мәлімдеді. Ол аталары сияқты 
Батыс Исламның ғасырлар бойы ашқан жаңалықтарын үйретіп жатыр деп 
дауласты. Бірақ ол Құдайды сирек ауызға алды. Исламдағы адам шындығы 
оның басты идеясы еді. Осы дүниелік құндылық шексіз Құдайдың орнын 
алды. Смит мынадай тұжырымға келеді: 
Исламға, әсіресе тарихтағы исламға сенген адам шынайы мұсылман 
емес. Шын мұсылман Құдайдың пайғамбардан уахи жібергеніне сенген 
кісі. Бұл айрықша бағаланады. Бірақ тұрлауы жоқ. Құдайдың осы журнал 
парақтарының арасында сирек айтылуы назар аударуға тұрарлық
557

Мұның орнына тұрақсыздық пен өзіне деген құрметтің кемшілігі 
бар. Батыстық көзқарас маңызға ие болды. Хусейн сынды адамдар дін 
мен Құдайдың орталығын түсінген. Бірақ қазіргі әлеммен байланысын 
жоғалтқан. Модернизммен байланысы бар адамдар Құдай сезімдерін 
жоғалтқан. Бұл тұрақсыздық хәлінен Құдайдан жырақтау ретінде танылған 
саяси белсенділік бастау алады. 
Еуропа яхудилері де сенімдеріне айтылған сын тасқынынан әсерленді. 
Германияда яхуди философтар «яхудилік ғылымы» деп аталған, яхудилікті 
557
Бұл
да
сонда
, 146 
б

əсіресе
Əл
-
Азхар
зерттеуі
үшін
қараңыз
. 123-160 
б



505
құлдың, жаттың сенімі деген айыптарға қарсы Гегельдік терминдермен 
жаңадан жазылған яхуди тарихын жетілдірді. Израил тарихын жаңадан 
тәпсірлеуге тырысқандардың басы Соломон Формштехер (1808-1889) 
еді. Ол 
The Religion of the Spirit 
(«Рух діні») (1841) кітабында Құдайды 
барлық нәрседегі рух әлемі ретінде танытты. Сонымен қатар бұл рух
Гегель айтқандай, әлемге тәуелді емес. Формштехер Құдайдың заты мен 
әрекетін жіктеу арқылы оның ақылдан тыс құбылыс екенін алға тартты. 
Гегель аллегориялық тіл қолданысын сынаса, Формштехер философиялық 
ұғымдардың тұзағына түскендіктен, символика Құдай жайлы сұхбаттағы 
жалғыз құрал болып қалғанын тілге тиек етті. Сол сияқты яхудилік дамыған 
иләһи ұғымға жеткен алғашқы дін болды және аз уақытта шынымен де 
рухани діннің неге ұқсайтынын барша әлемге көрсетті. 
Формштехер бастапқы, мәжуси дінінің Құдай мен табиғатты тең деп 
қарағанын алға тарты. Формштехер өздігінен пайда болмаған, ойдың 
жемісі болмайтын кезең адам нәсілінің балаң шағын түсіндіреді. Адамдар 
өз санасына артығымен сүйенген кезде Құдай ұғымының барынша нәзік 
сатыларына баруға дайын тұрады. Бұл «Құдай» немесе «рухтың» табиғатпен 
шектелмейтінін, оның үстінде және ар жағында да бар екендігін аңғара 
бастады. Осы жаңа Құдай ұғымының сырын аңдаған пайғамбарлар ахлақ дінін 
уағыздады. Бастапқыда уахиларының өздерінен тыс бір күштен келетініне 
сенетін-ді, бірақ толығымен сырттан келген Құдайға тәуелді еместігін, өз 
рухына толы табиғаттан шабыт алғанын бірте-бірте түсінді. Яхудилер осы 
ахлақи Құдай ұғымына қол жеткізген алғашқы адамдар еді. Қуғын-сүргінде 
өткен жылдары мен ғибадатханаларынан айырылуы оларды сырттан келген 
қолдау мен биліктен суытты. Осылайша Құдайға емін-еркін жақындауға жол 
ашқан биік діни санаға ұласты. Гегель мен Кант түйіндегендей, ойға шомған 
поптарға да, әрі жат бір заңға да тәуелді емес еді. Бұның орнына Құдайды 
өз санасы мен дербес қасиеттері арқылы табуды үйренді. Христиандық 
пен ислам яхудилікті жоққа шығаруға тырысты, бірақ табысқа жете алмады. 
Мәселен, христиандық Құдай танымына өте көп мәжуси белгілерге толы. 
Енді яхудилер еркіндікке жетті. Ұзамай толық азат болатыны күмәнсіз еді. 
Тарихтағы жетілмеген кезеңнен қалған әдет заңдарын бір шетке тастап


506
дамудың соңғы сахнасына әзірлену үстінде еді. 
Мұсылман модернистері сияқты яхудилік ғылымы өкілдері де толық 
рационалистік сенім ретінде діндерінің қазіргі жағдайына қарап абыржитын. 
Саббатай Цви бүлігі мен хасидизмнің бас көтеруінен кейін масқара күйге 
түскен Каббаладан құтылуға жан-тәнімен асық болды. Соңында 1842 жылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет