Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет162/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Wittenburg’s Innocence of a Double Murder
(«Виттенбургтің қос кісі 
өліміне кінәсіздігі»)
 
(1681) деп аталатын діни еңбегінде дәстүрлі күнәнің 
өтемі қағидасының Ансельмнің тұжырымдағанындай, өз ұлының өлімін 
қалаған бір Құдайды сипаттағанын, жеткіліксіз бір Құдай ұғымын ұсынғанын 
жазды. Ол қатаң күнә жазасын талап етіп, христиандардың көпшілігін 
қорқынышқа ұшыратқан және оларға өз «күнәһар» әрекеттерінен қашуды 
насихаттаған «құнды Құдай еді, ашушаң Құдай» және «мәжбүрлетілген 
Құдай» еді
476
. Бұл әділ Құдай үшін қорқыныш крест жорықтарының, 
инквизиция зұлымдықтарының қолданғандығын көрсеткен мұндай 
жауыздыққа толы христиан тарихы барған сайын көптеген христиандарды 
ұялтып жатыр еді. Адамдарды православ қағидаларына сенуге мәжбүрлеу 
барған сайын ұждан еркіндігі өскен заман үшін айырықша үрейлі көрінетін 
еді. Реформация арқылы ортаға шыққан геноцид пен оның жан түршігерлік 
салдары зор ауыртпалық ретінде көрінетін еді. 
Жауап Ақылда сияқты көрінді. Тағы да басқа дәстүрлерде мистика 
476
Бұл
да
сонда
, 103 
б



430
сүзгісінен өткен және ғасырлар бойы ықпалды діни құндылығы болған 
Құдай барынша сезімтал және іскер христиандар үшін тартымды болмас 
па еді? Пуритандық ақын Джон Мильтон (1608-1674) шіркеудің төзімсіздік 
ұстанымдарына наразы еді. Өз заманының тамыршысы Мильтон 
On Christian 
Doctrine 
(«Христиан доктринасы туралы») деп аталатын жарыққа шықпаған 
еңбегінде Реформацияны жаңғыртуды және өзі үшін басқаларының 
сенімдері мен сындарына сүйенбейтін діни бір қағиданы сыннан өткізді. 
Ол әсіресе Үштік сенім сияқты дәстүрлі қағидаларға келгенде күмәншіл еді. 
Сонымен бірге 
Paradise Lost 
(«Жоғалған Жәннат») атты атақты кітабында 
нағыз қаһарманның өз әрекеттерінде адамды таза қылып шығаруды құрған 
Құдайдан болса шайтан болуы мағыналы деді. Шайтан Еуропаның жаңа 
адамдарының көптеген сипатына ие. Хақ әмірін сынайды, жұмбақ нәрсемен 
күреседі және жаһаннамнан, хаостан өтіп енді жаратылған жер бетіне 
сапарларында алғашқы өнертапқыш болады. Сонымен қатар Мильтонның 
Құдайы Батыстың сөзбе-сөз түсіндірмесінің табиғатында жатқан мәнсіздікті 
ашып көрсеткен сияқты. Үштік сенімнің жұмбақ ұғымы болмаса, өлеңде 
ұлдың жағдайы барынша беймәлім. Екінші бір құдайлық болмыс па, жоқ 
әлде деңгейі олардан да жоғары екеніне қарамастан, періштелермен бірдей 
бір жаратылыс па, осы жағы толық түсініксіз. Әр жағдайда ол мен Әке, Ұл, 
Әкенің мақұлданған Сөзі мен Даналығы болса да, бір-бірлерінің ниеттерін 
аңғару үшін бір сарынды ұзын сөздермен айналысуы тиісті екі мүлдем 
бөлек болмыстар. 
Сонымен бірге Мильтонның Құдайын таңғажайып қылған - Оның жер 
бетіндегі оқиғаларды ежелден білуі. Құдайдың Адам мен Хауаның күнә 
жасайтынын әлі Шайтан дүниеге келмей тұрып білгеніне қарағанда, бұл 
оқиғадан бұрынғы мінез-құлқын дұрысқа шығаратын кейбір сылтаулар 
табуы керек. Ұлдың мойынсұнуға мәжбүр жағдайда қалуын ұнатпағандығын 
түсіндіреді және Адам мен Хауаға шайтанға қарсы шығу күшін береді. 
Сондықтан қарсы қоя алмайды. Құдай оларды қорғап, дәлел көрсетер және 
әділетті түрде кінәлар: 


431
Бұл жаратылыс немесе бұл жарату немесе бұл тағдыр 
Тағдырдың үстем болған, 
Олардың қалауы, Жаратушы тарапынан ортаға шыққан 
Немесе ұлық білім: олар шешім шығарар 
Өз бүліктеріне, мен емес: мен білсем де, 
Әзелден білудің ешбір әсері болма еді күнәларына, 
Және не болса айғақтардың бұрыннан танылмағанын... 
Оларды еркін қылдым және еркін болып қалулары керек, 
Өздерін сиқырлағанға дейін: әйтпесе өзгертуім керек 
Мінездері мен Ұлық Әмірді жариялауым керек 
Өзгермес, Әзелді, белгілеген 
Еркіндіктерін; бұл түсуді олар белгіледі
477
.
Бұл сандырақ ойға ілтипат көрсету ауыр ғана емес, одан бөлек Құдай 
жіберді деп иланған діннің түбегейлі сүйіспеншіліктен ада, сезімсіз, тәкаппар 
екені белгілі болады. Құдайды бұл жолмен біздің біріміз сияқты ойлануға 
және сөйлесуге мәжбүрлеу Құдайдың мұндай антропологиялық және адами 
сипаттағы ұғымының жеткіліксіз екенін танытады. Мұндай Құдай үйлесімді 
және құрметті болмайтындай қайшылыққа ие. 
Құдайдың барлық нәрсені білуі сияқты мұндай қағидаларды сөзбе-сөз 
қабылдаған түсінік жоқ. Мильтонның Құдайы тек суық және қағидашыл ғана 
емес, өте кемшін күйде тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет