Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет85/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 Шахада 
мұсылман
-
дардың Құдайды мұрат қылып, тіршілігінің негізі ретінде тануларын талап 
етеді. Құдайдың бірлігі жайлы сөз, тек қана 
бәнат ал-Лаһ
секілді құдайларға 
табынуды тыю дегенді, формалды түрде сандық анықтауышты білдірмейді, 
оның орнына мұны адам мен қоғам тіршілігін қозғаушы жалғыз қуатқа ай
-
налдыруға шақырады. Құдайдың бірлігін шынайы тұтастыққа ие кез келген 
тұлғадан көруге болады. Бірақ бірлік идеясы мұсылмандардан басқа да қа
-
уымдардың діни талпыныстарын құрметтеуді талап етті. Құдай жалғыз, оның 
жалғыздығына сену – кез келген ақиқат діннің басты сипаты. Жалғыз жоға
-
ры Ақиқатқа сенудің сыртқы көріністері әртүрлі мәдени дәстүрлер арқылы 
айқындалуы да мүмкін, әр топырақта өзіне тән сипатта өзін көрсете береді, 
алайда ақиқат діннің негізінде арабтар ежелден Алла деп келген Ол болуы 
тиіс. Алланың «көркем есімдерінің» бірі – 
ән-Нур
, «Нұр». Құрандағы мына 
бір белгілі аятта, Құдай – барша білім мен Трансценденттінің көріністерін 
қамтып қалуға септесетін мүмкіндік атаулының қайнар көзі: 
Алла –ғарыштар мен жерді түгел қамтыған нұр (Иесі). Алланың 
(мүміннің жүрегіне салған иман) нұры – майшам орнатылған шырағ
-
дан дерсің. Бірақ оны шығыстан да, батыстан да іздеме, таппайсың. 
Ол шам от тимесе де жана беретін киелі зәйтүн ағашының майымен 
жанады. Майшамның әйнегі інжу-маржандай жарқыраған жарық жұл
-
дызға да ұқсайды. Бара-бара жарқырап, нұры биікке көтеріле беретін 
(мүміннің жүрегіндегі иман нұрының теңеуі) осы секілді…
290
 
-ка
жалғауы кұрандағы Құдай жайлы баяндаудың символикалық сипа
-
тын танытады. 
ән-Нур
Құдайдың өзі емес, Ол сол Нұрмен Өзінің сөзін (шы
-
рақ) толтырады, кейін онымен адам жүрегін (нұрдың ұясын) жарқыратады. 
Нұрды толықтай шырағданға да, шишаға да, шырағдан майына да телу мүм
-
кін емес. Тәпсіршілердің айтуынша, исламның алғашқы кезеңдерінен бастап 
Нұр – уақыт пен кеңістіктен тыс иләһи Ақиқатты сипаттаудың ең сәтті сим
-
290
Кұран
, 24:35.


220
волдарының бірі. Бұл аяттардағы зәйтүн ағашы уахидың үзілмей жалғасуы
-
ның символы ретінде қабылдануы керек: зәйтүн ағашы бір «түптен» шыға
-
ды да, кейіннен әртүрлі діни тәжірибеге сай тармақталып кете береді. Осы
-
лайша, шынайы уахи белгілі бір мәдениетпен немесе жергілікті аймақпен 
шектелмей салаланып тарай береді: ол Батыста да емес, Шығыста да емес. 
Христиан Барака ибн Нәуфал Мұхаммедті шынайы пайғамбар деп мой
-
ындады. Бірақ Исламды қабылдау оның ойына да кіріп-шықпады; Мұхам
-
мед де мұны ойға алған жоқ. Пайғамбар ешқашан яхудилер мен христи
-
андарды Алланың дініне шақырған жоқ (әрине, бұған тыйым жоқ еді), өй
-
ткені оларға өздерінің төл уахиы жеткен еді. Құран өткен пайғамбарлар
-
дың үгіті мен көрегендігін жоққа шығармайды, керісінше, Құранда әрдай
-
ым адамзатқа ортақ діни тәжірибенің сабақтастығы еске алынады. Мұның 
астын сызып көрсету керек, өйткені, бүгінгі күні Батыстықтардың көпшілігі 
исламдағы атрибуттарға кеңпейілдік таныта алмайды. Ал мұсылмандар о 
бастан, яхудилер мен христиандарға қарағанда ешқашан өз уахиларын 
жалғыз ақиқат деп танытпаған болатын. Қазіргі кездегі исламды жазғыруға 
себеп боп жатқан төзімсіздіктері бір Құдайға деген бәсекелестіктен туып 
жатқан жоқ, көбіне басқа себептерге байланысты
291
. Мейлі кім болсын, қу
-
атты Батыс елдері немесе араб билеушілері болсын, егер әділетсіздікке жол 
берсе, (мысалы, Иран шахы Мохаммед Риза Пехлеви секілді) мұсылмандар 
әділетсіздікке төзе алмайды. Құран ешқандай да басқа діни көзқарастарды 
жалған немесе жетілмеген деп айтпайды; әрбір пайғамбар, керісінше, өзінің 
алдындағының мұрасын мақұлдап, дамытады. Құранда Құдайдың жердегі 
барша халыққа елші жібергендігі айтылады. Ислам дәстүрі бойынша, мұн
-
дай елшілердің саны 124 мыңдай, бұл символикалық сан, есепсіз көптікті 
білдіреді. Осылайша Құран оның үндеуі жаңалық емес екендігін, мұсылман
-
дар екіжүзділікке салынбастан өз сенімдерінің ежелгі діндермен жақын
-
дығын мойындаулары керектігін үнемі қайталап отырады:
291 Armstrong, Muhammad, pp. 21–44; 86–88.


221
Егерде сендер кітап түскендердің өкілдерімен пікірталасқа түсе 
қалсаңдар, сыпайы түрде сөйлесіп, (ойларыңды дәлелді түрде жет
-
кізіңдер.) Олардың арасындағы әпербақандарымен сөз қысқа. Оларға 
былай деп айтқын, (Уа, Мұхаммед): «Бәріміз де (Алла тарапынан) біз
-
ге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге иман келтіріп сендік. Біздің 
Құдайымыз да, сендердің Құдайларың да – бір (Алла). Біз Соған ғана 
құлдық ұрып, бас иеміз»
292
.
Құранның пайғамбарларға, арабтарға бұрыннан таныс Ибраһим, Нұх, 
Мұса және Иса секілді яхуди және христиан пайғамбарларына ерекше 
орын беруі түсінікті жағдай. Бұлардан басқа Мидиян және Самуд секілді 
ежелгі араб тайпаларына жіберілген Хұд пен Салих пайғамбарлардың да 
аты аталады. Қазіргі мұсылмандар: «Егер Мұхаммед буддистер мен индуи
-
стер жайлы естігенде міндетті түрде олардың да данышпандарын Құранға 
қосар еді», - деп растайды. Пайғамбар өлімінен соң Ислам халифатындағы 
осы діндердің өкілдері дәл яхудилер мен христиандар секілді толық еркін
-
дікке ие еді. Дәл осы түсінікпен мұсылмандар: «Құран америкалық үндістер 
мен австралиялық аборигендердің шамандары мен қасиетті адамдарына 
да құрметпен қараушы еді», - дейді. 
Мұхаммедтің уахидың сабақтастығы жайындағы сенімі көп ұзамай ауыр 
сынаққа ұшырады. Құрайыштар арасындағы жіктен соң мұсылмандар Мек
-
ккеде қала алмады. Тайпаластарының қолдауынан мақұрым қалған құлдар 
мен азат жандар сондай азапты қуғынға ұшырады, кейбіреулері өліп те 
қалды. Мұхаммедтің руы Хашимге қарсы бойкот жарияланды. Құрайыштар 
пайғамбардың отбасын өздеріне тізе бүгуге итермелемек болды. Осындай 
жоқшылықтың қасіретінен сүйікті жары Хадиша қайтыс болды

Мұхаммедтің 
өміріне қауіп төнді. Солтүстіктегі Иасриб жазирасындағы мәжуси-арабтар 
мұсылмандарды өздеріне көшуге шақырды. Бұл арабтар үшін бұрын-соңды 
болмаған жағдай. Арабияда өз тайпасына беріктік – өте қастерлі ұғым және 
тайпаластарымен қатынасты үзіп шығу да тіршіліктің негізгі қағидаттарын 
292
Кұран
, 29:46.


222
бұзуды білдіреді. Сол жылдары Иасрибті ежелден бері келе жатқан тайпаа
-
ралық жанжалдар бөлшектеп, өзара қырқысып жатқан тайпаларды татула
-
стырудың мүмкіндігі жоқ болатын. Көптеген мәжусилер бұл түйткілдердің 
саяси һәм рухани шешімі ретінде исламды қабылдауға дайын еді.
 
Иасрибте 
үш ірі яхуди тайпасы өмір сүретін, олар арабтарды моральдық тұрғыдан бір 
Құдайлық дінге дайындап келе жатқан еді. Яғни, араб Құдайларын тәрк ету
-
ді құрайыштар сияқты ауыр қабылдамаулары керек болатын. Қалай болған
-
да да 622 жылдың жазында жетпіс шақты мұсылман отбасымен Меккеден 
Иасрибке жолға шықты.
 
Хижрадан, яғни Иасрибқа (кейінірек мұсылмандар 
Мәдина
деп атады, 
мағынасы «қала» дегенді білдіреді) «қоныс аударудан» бір жыл бұрын 
Мұхаммед исламды өз түсінігіне сай иудаизмге жақындатып реформалай 
бастады. Ұзақ жылдар оқшауланып өмір сүргеннен болса керек, ол ежел
-
гі дәстүрі мығым діннің өкілдерімен кездесуді асыға күтті. Осыған байла
-
нысты Пайғамбар мұсылмандарға яхудилердің демалыс күндерінде ораза 
ұстауды, бұрынғыдай күніне екі рет емес, үш рет құлшылық етуді бұйырды. 
Мұсылмандар яхуди әйелдеріне үйлене алатын және кейбір тамақ ішу ере
-
желеріне де қосыла алатын болды. Ал ең бастысы сол - мұсылмандар бұдан 
кейін яхудилер мен христиандар секілді жүздерін Иерусалимге бұрып құл
-
шылық жасаулары тиіс болды. Алғашында яхудилер Мұхаммедке мүмкіндік 
берді: жазирада өмір сүру адам төзгісіз бола бастады. Олар сенімдеріне қа
-
тып қалған мәжусилермен бірге мұсылмандарға күмәнмен қараса да, ерек
-
ше сеніммен қарап көрді. Өйткені, ол иудаизмге айқын сүйіспеншілік таны
-
тып қарайтын. Алайда уақыт өте келе яхудилер Мұхаммедке қарсы шығып, 
Меккеден келген қоныс аударушыларға дұшпандық танытып жатқан мәжу
-
силерге қосылып кетті. Яхудилердің исламға деген жеккөрініштері салмақты 
діни негізге табан тірейтін: яхудилер пайғамбарлық дәуірінің тоқтағанына 
едәуір уақыт болғанына сенетін және бір Мәсіхтің келуін күтіп жүрген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет