Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


үшін) ретінде аталғанын білді



Pdf көрінісі
бет87/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

224
үшін) ретінде аталғанын білді.
 
Барлық «ескі уахи жұртының»
294
теріс жолға 
түскенін және табиғатында барлық діннің бір екендігін табанды түрде ба
-
яндаса да, Құрандағы яхудилерге қатысты ауқымды сынның болуы олардың 
дұшпандығы мұсылмандарға қаншалықты ауыр тигенін көрсетеді. 
Мәдинадағы достық қатынастағы яхудилерден Мұхаммед Ибраһимнің 
үлкен ұлы Исмаилдың де өмір тарихын естіп білді. Інжіл бойынша Ибраһим
-
нің тұңғышы күңі Ажардан туады. Исхаққа жүкті кезінде қызғанышқа бой 
алдырып, күйеуінен күңді қуып жіберуді талап еткен. Құдайы Ибраһимді 
жұбатып, Исмаилдың де үлкен бір халықтың түпатасы болатынын жеткізді. 
Арабиядағы яхудилер Інжілдегі баяндарды жергілікті аңыздармен толықты
-
рып, Ибраһим Ажарды Исмаилмен бірге Мекке аңғарына апарып тастайды. 
Ол жерде Құдай солардың қамын жасап: жаңа туған нәресте шөл қысып, 
өлер шаққа таяғанда Ол бұларға қасиетті Зәмзам бұлағының көзін ашты 
деп баяндады.
 
Кейін Ибраһим бірнеше рет баласына келді және екеуі бірге 
бір Құдайдың алғашқы қасиетті үйі Қағбаны қайта тұрғызды. Исмаил араб 
халқының атасы болды. Бұл олардың да яхудилер сияқты Ибраһимнің ұр
-
пағы екендіктерін білдіреді. Бұл қисса Мұхаммедтің құлағына әдемі әуез
-
дей естілді. Ол арабтарға Киелі Кітаптты ана тілінде жеткізіп келеді және 
енді дінін де аталарының қасиетімен байланыстыра алады. 634 жылдың 
қаңтарында мұсылмандар мен яхудилердің ешқашан табыспайтындықтары 
анық белгілі болған кезде Алланың жаңа діні өзінің толықтай тәуелсіздігін 
жариялады. Мұхаммед мұсылмандарға жүздерін Иерусалимге емес, Қағбаға 
қаратып құлшылық қылуды бұйырды. Құбыланың ауысып, географиялық 
бағыттың өзгеруі кейінірек Мұхаммедтің ең батыл һәм жасампаз қадамы 
ретінде бағаланды. Құлшылықта жүздерін ежелгі екі уахимен еш байланы
-
сы жоқ Қағбаға бағыттай отырып, мұсылмандар үнсіз ғана өздерінің дәстүр
-
лі діндердің біріне де қатысы жоқ екендіктерін және тек қана бір Құдайға 
құлшылық ететіндіктерін негіздеді. Олар бір Құдайлық дінді қиратып жау
-
ласушы топтарға бөлген бұзықтардың сектасы емес. Ислам, керісінше иман 
еткендерді ең алғашқы 
муслим,
Құдайға шын беріліп, оның құрметіне қаси
-
294
Так
Мухаммад
Асад
переводил
выражение
ахл
ал
-
китаб
, «
люди
Писания
».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет