Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


етті үйді соққан Ибраһимнің түпкі дініне қайтарады:  «



Pdf көрінісі
бет88/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

225
етті үйді соққан Ибраһимнің түпкі дініне қайтарады
«
Нағыз тура жолды тапқыларың келсе, яхудилердің немесе насара
-
лардың жүрген жолына түсіңдер», - деді олар. «Жоқ, біз, (Құдайға) шын 
берілген (ханифа) Ибраһимнің дініндеміз. Ол ешуақытта да (Жаратқан 
Иемізге) серік қоспаған!» - деп айтқын оларға, (уа, Мұхаммед). (Ей, иман 
келтіргендер), оларға және де былай деп айтыңдар: «Біз Аллаға және 
бізге түсірілген ақиқатқа иман келтіреміз. Ибраһим, Ысмайл, Ысқақ, 
Жақып және оның ұрпақтарына түсірілгенге, Раббылары тарапынан 
Мұса мен Исаға және басқа да пайғамбарларға берілген (ақиқи кітап
-
тарға) сенім білдіреміз. Біз олардың ешқайсысын да бөле жармаймыз. 
(Бір Аллаға) ғана бойсұнамыз»
295
.
Әрине, адамдар жорамалдап жасап алған ақиқатты, Құдайды ұмыту – 
нағыз пұтшылдық.
Мұсылмандық
 
жыл санау Мұхаммедтің туған күнімен де, алғашқы уахи 
алған күнмен де басталмайды (жалпы алғанда мұнда жаңалық боларлықтай 
ештеңе жоқ еді), хижра жылынан, Мәдинаға қоныс аударып мұсылмандар 
иләһи қалауды өмірлеріне өзек етіп, сенімдерін қуатты саяси күшке айнал
-
дырған кезбен бастайды. Бұған дейін көзіміз жеткендей, Құран бойынша 
барлық мұмылмандар әділдік пен теңдік үстемдік ететін қоғам құрулары 
тиіс және мұсылмандар саяси міндеттеріне өте жауапкершілікпен қара
-
ды. Басында Мұхаммед саяси көсем болуды ойламайтын, бірақ алдын-ала 
болжап білу мүмкін емес бұдан кейінгі оқиғалар Пайғамбарды арабтардың 
жаңаша саяси проблемаларын шешуге итермеледі.
 
Хиджра мен Мұхаммед
-
тің өлімінің (632 ж.) арасындағы он жыл барысында 
үммет
ті жер бетінен 
жойып жібергісі келетін меккелік құрайыштар және мәдиналық дұшпан
-
дарымен мұсылмандар тіршілік үшін табандылықпен күресті. Батыста Мұ
-
хаммедті көбінесе қарсы шыққан халыққа күшпен исламды қабылдатқан 
қолбасшы бейнесінде қабылдайды. Ал шындығында барлығы керісінше 
295
Кұран
, 2:135–136.


226
болды: Пайғамбар өз өмірі үшін күресті, Құранда тіпті христиандықтың 
өлшемдеріне сай әділ соғыстың теологиясын дамыта алды және ол ешқа
-
шан дінін күшпен қабылдаттырған емес. Құран осы ойды анық жеткізеді: 
«(Пенде баласын) дінге мәжбүрлеп кіргізуге рұқсат жоқ..»
296
.
 
Сонымен қатар 
Құдай Сөзі ұрыс-керіс пен жанжалға қарсы жеккөрінішті сіңіреді және әділ 
соғыс деп тек қана өзін-өзі қорғауды айтады. Кейде адамдарға шынымен 
игі іс үшін күресуге тура келеді. Мысалы, христиандар бірауыздан Гитлерге 
қарсылық көрсетті. Қалай болғанда да Мұхаммед өте үздік саяси талант иесі 
еді. Өмірінің соңында араб тайпаларының көп бөлігі 
үммет
ке қосылып үл
-
герді, алайда Мұхаммедтің өзі айқын білгеніндей, олардың «мойынұсынуы» 
(ислам)
кейде жасанды, кейде саяз болды. 630 жылы Мұхаммедке Меккенің 
қақпалары да ашылды, пайғамбарға қан төгіссіз туған қаласын қол астына 
қарату нәсіп болды. Өлерінен аз уақыт бұрын 632 жылы Мұхаммед «қошта
-
су қажылығын» атқарды, бұл арабтардың пұтпарастық қажылығының мәнін 
өзгертіп исламның бес ұстынының біріне айналдырған қажылық болды.
 
Содан бері әрбір мұсылман егер бұған кедергі болатын жағдайлар бол
-
маса, ғұмырында кемі бір рет қажылық жасауы тиіс. Әрине, қажылар ең әу
-
елі Мұхаммедке құрмет көрсетеді, бірақ шынтуайтында қажылық санада 
Пайғамбардан гөрі Ибраһим, Исмаил және Ажарды жаңғыртады. Сырттай 
бақылаушыға қажылық бір қызық рәсім секілді көрінуі мүмкін. Әдеттегідей, 
жат жерліктер үшін бөтен елдегі әлеуметтік және діни дәстүрлер қызық бо
-
лып көріне береді. Дегенмен де қажылық көбінесе діни тәжірибенің ерекше 
толқынысын туғызады, сондықтан да ислам руханиятының әлеуметтік және 
жеке тұлғалық шегін тамаша көрсетеді.
 
Қазіргі кезде белгілі уақытта Мек
-
кеге қажылыққа келгендердің арасында тек арабтар емес, барлық ұлттан 
мұсылмандар бар, осылайша басқа жұрттың адамдары да ежелгі арабтық 
ғұрыппен айналысуға мүмкіндік алды. Қажылардың бәрі дәстүрлі киімге 
оранып, нәсілдік және таптық айырмашылықтан ада күйде Қағбаға жақын
-
дап, әрбір мұсылман уақытша болса да күйбең тіршіліктің қамытынан бо
-
сайды. Олар эгоистік құмарлықтан арылып, бір ғана нәрсені назарға алып, 
296
Кұран
, 2:256.


227
бір бағытта қозғалатын үлкен қауымның ішіне сіңіп кетеді. Олар Қағбаға 
тәуап етпестен бұрын, «Я, Раббым құлдық ұрып қызметіңе келіп тұрмын» 
деп бәрі бірауыздан айқайлайды.
 
Бұл рәсімнің терең сырын өте ғажап түр
-
де бақилық болған ирандық философ Али Шариати былайша жеткізеді: 
Қағбаға жақындап оны айнала тәуап ете бастағанда өзіңді ұшы-қиыры 
жоқ өзенге құйылып аға жөнелген бұлақтай сезініп кетесің. Бейне бір аяғың 
жерден көтеріліп, сені толқын алып бара жатқандай болады. Қуатты ағы
-
стың сүйреуімен заулай жөнелесің. Қағбаға жақындай түскен сайын сені 
жан жағыңнан сіресе қалған топ қыса түседі, ал сен болсаң осы сәтте қай
-
та туасың. Енді сен – Халықтың бөлшегісің, сен - тірі және мәңгі жасайтын 
адамсың.... Қағба - ғаламның шырағы, осы жарқыраған нұр сені өз орбита
-
сына тарта түседі. Сен осы жаппай қозғалыстың бір бөлшегіне айналасың, 
және өзіңді ұмытқан күйі Құдайдың дәл қасында айналып жүресің. Сен көп 
өтпей еріп кететін түйіршікке айналасың. Міне, осы – шынайы махаббаттың 
ең биік шыңы!
297
Яхудилер мен христиандар қауымдастықтың рухани маңыздылығын та
-
лай рет ескерткен еді. Сол сияқты қажылық та әр мұсылманға ортасында 
Құдай тұр деп саналатын қалың үмбетпен сіңісіп араласуға мүмкіндік бе
-
реді. Басқа да діндегі сияқты қажылықтың басты мұраты - тыныштық пен 
үндестік. Зияратшыға киелі мекеннің шекарасын бір қадам аттап өтсе жетіп 
жатыр. Сол сәттен бастап, кез келген зорлық ауыр күнә саналады. Киелі ме
-
кенде қажыларға дөрекі сөйлеуге болмайды. Тіпті жәндік өлтіруге тыйым са
-
лынады. 1987 жылы ислам әлемін түгел шарпыған дүрбелеңді осымен ғана 
түсіндіруге болады. Ол кезде ирандық қажылардың кінәсінен тәртіпсіздік 
бұрқ етіп, артынша 402 адам опат болып, 649 кісі жарақат алған еді. 
632 жылдың маусым айында қатты сырқаттанған Мұхаммет көп ұзамай 
көз жұмды. Оның қазасынан соң көптеген бәдәуилер үмбеттен бөлінгісі 
келді. Бірақ бұған дейін арабтардың саяси бірлігі нығайып алған еді. Көп 
ұзамай ең жүгенсіз деген тайпалардың өзі Бір Құдайлық дінді ақыры қа
-
297 Ali Shariati, 
На
jj, trans. Laleh Bakhtiar (Teheran, 1988), pp. 54–56.


228
былдады. Мұхамметтің таңғажайып жеңісі арабтарға бірнеше ғасыр бой
-
ына жап-жақсы қызмет етіп келген бұрынғы мәжусилік сенімдерінің енді
-
гі заманда пайдаға аспайтынын анық көрсетті. Аллаға деген сенім барлық 
дамыған дінге тән кісінің басқаға жаны ашу сезімін тудырды. Әлеуметтік 
теңдік пен бауырластық сезімі оның ең өзекті қасиеті саналды. Бұлжымас 
әділдік принципі әлі күнге дейін ислам идеалының негізгі сипаты болып тұр. 
Мұхаммедтің көзі тірісінде бұл идеалдың ішіне ер мен әйелдің тең 
құқығы да кірген еді. Қазір Батыс жұртында исламды бейне бір әйел затын 
бұрыннан жек көретін дін сияқты сипаттайтын көзқарас орныққан. Бірақ 
Алланың діні де христиандық сияқты әуелде әйел затына жайлы қараған. 
Исламға дейінгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет