Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет91/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

рационалдық
) тәпсірлеуге тырысқан 
мұсылмандармен бірнеше ортақ тұстары бар еді. Мутазила деген атпен та
-
нылған бұл топ бөлек мәзхаб қалыптастырды. Олардың саяси көзқарастары 
барынша қатаңдығымен ерекшеленді. Шииттер сияқты, Мутазила да сарай
-
дың салтанатты өмірін өткір сынады және билік жүйесіне қарсы жиі-жиі 
саяси наразылық танытып отырды. 
Құдайдың адам ісіне жөн сілтеуі мәселесінде саяси түйткілдер теоло
-
гиялық тартыс тудырды. Омейядтардың қолдаушылары еш шімірікпей, 
Исламға сай келмейтін мінез-құлықтың өз міні емес екендігін, Құдайдың 
өздерін солай жаратқандығын алға тартатын. Құран Құдайдың әр нәрсеге 
күші жететінін және әр жерде әзір әрі нәзір (
көруші
) екендігін жиі-жиі тілге 
тиек етеді. Бірнеше мәтін билеушілердің билікке қатысты көзқарастарын 


237
қорғау үшін қолданылуы мүмкін. Бірақ Құрандағы табанды тұжырымдар 
адамның жауапкершілігі мәселесінде де көрініс табады: «Шындығында 
адамдар өздерін өзгертпейінше, Алла оларды өзгертпейді». Жүйені сынап 
келгендер соңында ерік-қалау мен ахлақи жауапкершіліктің мәніне тоқта
-
латын. Мутазила орта жолды ұстанып, бір мәселеде ұшқары кетуден тарты
-
нып отырды (
и’тазабу
, аулақ тұру). Адамның ахлақи қасиетін қолдау үшін 
қалау еркіндігін қорғап шықты. Құдайдың қарапайым, жаңсақ-дұрыс сияқты 
пенделік ұғымдардан пәк екендігіне иланған мұсылмандар Оның әділетіне 
шек келтірген сияқты болар еді. Бүкіл жалаң ережелерді бұзып, олардан 
арылған Құдай қатыгез билеуші кейпінде тек бір жыртқыш болуы мүмкін 
еді. Шииттер сияқты, Мутазила да әділеттің Құдайдың мәйегі екендігін алға 
тартады. Ол ақылға кереғар құбылысты қабыл етпейтін-ді. 
Мутазила ағымы адам өз тағдырын өзі жасап, өзі жаратады деген көзқа
-
расқа бекіген. Олардың осы мәндес ойлары Құдайдың Құдіретті Жаратқан 
(
қадир-и мұтлақ
) сипатына қайшы келеді. Яғни дәстүрлі ағымдардың түсіні
-
гіне теріс түседі. Дәстүршілер Мутазиланың Құдайды тек ақылдың күшімен 
тануға болады деген ойынан және Оған толығымен адамдық сипаттарды 
бергенінен тіксініп қалды. Олар Құдайдың затына ақыл жетпейді деген 
түсінікті орнықтыру үшін тағдыр алдын-ала жазылып қойған деген қағида
-
ны қабылдады. Егер Оны танып-білдік десек, бұл ойдың өзі Құдай емес, жай 
бір адамның түсінігі ретінде қалады. Құдай адамдардың қарабайыр дұрыс-
бұрыс деген ұғымдарынан пәк. Оны біздің өлшеміміз бен тұжырымдары
-
мыз арқылы тану мүмкін емес. Бір әрекеттің жаман не жөнсіз екенін ада
-
ми қасиеттердің артықшылығы арқылы аңғара алмаймыз. Оны Құдайдың 
жазмышы ретінде бағалау жеткілікті. Мутазила адамдық идеалға айналған 
әділетті Құдайдың мәйегі деп танытқан сәтте ағаттыққа ұрынды. Христи
-
андарды да толғандырған тағдыр мен қалау еркіндігі мәселесі адами си
-
патпен көмкерілген Құдай идеясына келгенде қиындай түсті. Брахман си
-
яқты, адамдық сипаттан ада Құдай ой жетпейтін иләһи болмыстың пердесі 
сияқты көрінетін «жақсы» және «жаман» ұғымдарынан ұзақ тұруы мүмкін. 
Бірақ жасырын түрде адами сипатқа енген және адамзат тарихында ықпал
-
ды рөл атқарған Құдай келе-келе сынға ұшырай бастады. Мұндай «Құдайды 


238
әдеттегіден тыс қатыгез билеуші немесе тергеуші етіп көрсету және оның 
біздің қалауымызды орындауын күту өте оңай. «Құдайды кісілік көзқарасы
-
мызға сай консерваторға немесе социалистке, нәсілші немесе төңкерісшіге 
айналдыра аламыз. Бұл қауіп кейбіреулерді адами сипатқа ие Құдайға дін
-
нен тыс құбылыс ретінде қарауға алып келді. Өйткені мұндай көзқарас бізді 
соқыр сеніміміздің құрбаны қылады және біздің адамдық ойларымызды 
тереңдете түседі. 
Дәстүршілдер бұл қауіптен сақтану үшін әрі яхудилер, әрі христиандарда 
ескіден бері келе жатқан Құдайдың заты мен әрекеті арасындағы айырым
-
ды қолға алды. Бұл сипаттамалардың кейбірі тылсым Құдайды әлеммен бай
-
ланыстыруға жарады. Ал Құранда билік, білім, қалау, есту, көру және сөйлесу 
сияқты сипаттардың Аллаға тән екендігі айтылған. Дәстүршілдер бұлардың 
Құран сияқты жаратылмағандығын, ежелден бері Оның сипаттары екенін 
алға тартты. Бұлар Құдайының танылмаған, әрқашан біздің түсінігімізден 
тыс қалған затынан бөлек сипаттар. Яхудилердің «Құдай - Дана болмыс» не
-
месе «Тәурат дүние жаратылмай тұрып Құдаймен бірге бар еді» деп ойлаға
-
ны сияқты мұсылмандар да осы кезде Құдайының адами сипаттары мәсе
-
лесінде Оның толықтай адам ақылына сыймайтындығы туралы көзқарасты 
жетілдіріп жатыр еді. Халиф әл-Мамун (813-832) Мутазила жағына шығып, 
олардың көзқарастарын Исламның ресми көзқарасына айналдыруға тал
-
пынбаса, бұл ойлар тек бір шоғыр адамға әсер еткен болар еді. Бірақ Ха
-
лиф Мутазила көзқарасын қабылдату үшін Дәстүршілдерді қыспаққа алған 
соң, қарапайым кісілер мұндай Исламға жат әрекеттен қорқа бастады. Ах
-
мад ибн Ханбал (780-855) әл-Мамунның қыспағынан әзер құтылды. Ол ке
-
меңгер Дәстүршіл әрі халық қаһарманы ретінде тарихта қалды. Тіпті өзін 
азаптаушылар үшін де дұға етті. Ханбалдың қасиеті мен харизмасы Халифті 
жекпе-жекке шақырған кезде көрінді. Оның «Құран жаратылмаған» қағида
-
сы Мутазиланың шектен тыс ақылшылдығына қарсы халық наразылығының 
құпия сөзіне айналды. 
Ибн Ханбал Құдайы туралы қандай да бір рационалдық тартысқа түсу
-
ден бас тартты. Осылайша байсалды Мутазила әл-Хуайан әл-Қарибиси (ө. 
859) «шындығында Құран Құдайдың сөзі ретінде жаратылмаған, бірақ адам 


239
оқыған кезде жаратылған қыры пайда болады» деп бітімге шақырған көзқа
-
рас ұсынғанда, Ибн Ханбал бұл пікірді де жоққа шығарды. Әл-Қарибиси өз 
көзқарасын жетілдіруге дайын еді. Ол «Құран араб тілінде жазылды және 
оқылды. Егер бұл тіл Құдайдың ежелдегі сөзінің бөлшегі болса, онда Құран 
жаратылмаған» деген көзқарасты алға тартты. Ибн Ханбал бұл ойды да іске 
алғысыз етіп тастады. Өйткені мұндай рационалды таныммен Құранның 
түп-төркіні жайлы ой толғау қауіпті. Рационалды тәсіл ақылға сыймайтын 
Құдайды танып-білуге жарамайды. Ол Мутазила Құдайды бүкіл жасырын 
сипаттарынан арылтып, Оны ешқандай діни мәні қалмаған дерексіз фор
-
мулаға айналдырды деп кінә тақты. Ибн Ханбал Құранның Құдайдың осы 
әлемдегі іс-әрекетін сипаттағанда немесе «сөйлегенін», «көргенін», «тағын
-
да отырғанын» түсіндірген кезде не антропологиялық терминдермен ай
-
тылғанда, осы сөздер тілдік мәнінде (
била кәйф
) қолданылуы қажет деген 
пікірінде табандап тұрып қалды. Бәлкім, оны Афанасий сияқты радикал хри
-
стианға ұқсайды деуге болатын шығар. Өйткені Афанасий де тірілу қағида
-
сын түсіндіру кезінде рационалистік бұрмалауларға қарсы тұрды. Ибн Хан
-
бал Құдайдың болмысын қисын мен ұғым арқылы ұғыну, Құдайдың затына 
ой жетпейді деген ұстанымнан ауытқыған жоқ. 
Дегенмен, Құранда әрдайым білу мен ұғудың маңызы жиі айтылатын
-
дықтан, Ибн Ханбалдың көзқарасы қарабайырлау көрінеді. Бірқатар мұсыл
-
мандар оның ойларын теріс және кедергі қоюшы деп тапты. Әбу әл-Хасан 
ибн Исмаил әл-Ашари (878-941) да бітімге келуге шақырды. Әшари Мута
-
зила болып жүргенде түсінде Пайғамбардың оған Хадиспен айналыс деп 
бұйырғанын көріп, Дәстүршіл болған. Сөйтіп Мутазила Исламның бәлесі деп 
пәтуа шығарды. Содан кейін тағы бір түс көрді. Мұхаммед оған ренжіген 
сыңай танытып, «Мен саған ақылшы көзқарастан бас тарт демеп пе едім, 
тек хадистің шындығын негізде деп едім ғой» деді
301
. Осыдан кейін Әша
-
ри Ибн Ханбалдың агностикалық (
танылмайтын
) ұстанымын қорғау үшін 
Мутазиланың рационалистік тәсілін қолданды. Мутазила Құдайдың уахила
-
рын ақылмен қамту мүмкін десе, Әшари Құдайдың біздің ұғымымыздан тыс 
301 W. Montgomery Watt, Free Will and Predestination in Early Islam (London, 1948), p. 139.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет