Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


Әл-Фараби Құдай мен материалды әлем арасындағы он  эманацияны көрсеткен



Pdf көрінісі
бет99/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Әл-Фараби Құдай мен материалды әлем арасындағы он 
эманацияны көрсеткен.
 
Бұл эманацияға Птоломей сфералары бағынышты. 
Исмаилиттер осы көк иерархиясының «рухы» ретінде Пайғамбар мен 
имамдарды көрсетті. Бірінші Көктің ең жоғарғы «пайғамбарлық» сфера
-
сын Мұхаммед иеленді. Екінші Көктің әміршісі Әли болды, әрі қарай сәйкес 
ретімен жеті имам жайғасты. Материалды әлемге жақын саналатын ең соңғы 
сфераны исмаилиттер Пайғамбардың қызы әрі Әлидің әйелі Фатимаға қал
-
дырды, оның қатысуынсыз кие мен қасиеттің сабақтастығы жүзеге аспас 
еді. Осылайша Фатима Исламның Анасы саналды. Христиандықта мұндай 


256
рөлді, яғни Құдайы Даналығын София атқаратын. Құдайланған имамдардың 
символикасы шииттердің тарихының шын мәнін исмаилиттік тәпсір бойын
-
ша көрсетеді. Бұл енді тек қана жердегі қасіретті тағдырдың тізбегі емес. 
Исмаилиттерде
 
жер-әлемдегі ұлы адамдардың өмірі 
менок
әлеміндегі ар
-
хетиптік иерархиядағы оқиғалармен дәл ұштасып жатады.
306
Бұл құрылым біз ойлағандай күлкілі әрі қарабайыр емес. Қазір Батыс 
жұрты объективті дәлдікке жақын екендіктерін мақтан тұтады. Бірақ исмаи
-
литтік 
батин
нің мақсаты мүлдем басқаша болатын – оларды исламның 
«құпия» 
(батин)
сырлары қызықтырды. Суретші мен ақындар секілді, олар 
символикаға сүйенетін. Исмаилиттердің пікірінше, логикамен үйлеспейтін 
символика сезім мүшелерімен сезіліп, рационалды категориялармен ұғы
-
нылатын шындықтан да терең ақиқатты ашуға сеп болды. Осыған сәйкес 
олар Құранды тәпсірлеудің айрықша түрі – 
тәуил
ді (сөзбе сөз: «негізге 
оралу») қалыптастырды. Исмаилиттер осы әдіс алғашқы архетиптегі 
ме
-
нок
сферасынан түсіп, Мұхаммед 
гетик
әлеміне бойлаған Құранның түпкі 
мәніне жеткізеді деп сенді.
 
Иран шииттігін зерттеуші Анри Корбен 
тәуи
-
л
ді музыкадағы үйлесім принципімен салыстырады: исмаилит Құран шу
-
мақтары мен 
хадис
тің «әуенін» бірден әртүрлі деңгейде тыңдайды. Құран
-
нан тек араб сөздерін естіп қана қоймай, оның көктегі сәйкесін де сезінеді.
 
Мұндай ұмтылыстар мылжың ақылды тыныштандырып, әр сөзді қоршап 
тұрған тыныштықты сезіндіреді. Бұл индуисттің қасиетті 
ОУМ
буынының 
айналасындағы айтып жеткізу мүмкін емес тыныштыққа ден қойғанындай.
 
Тыныштыққа батып Құдай туралы түсінігіміз бен сөздеріміз бізді Ақиқат
-
тың түпнұсқа толыққанды болмысынан ажыратып тұрған түпсіз шыңырау
-
дың бар екенін сезеді
307
. Атақты ойшыл-исмилит Әбу Иакуб әл-Сиджистани 
(971 ж.ө.) 
тәуил
тәсіл ретінде мұсылмандарға Құдайды қажетті деңгейде 
сезінуіне көмектеседі деген. Кейбір мұсылмандар Құдайды көбіне антро
-
поморфты категорияда айтып «алып», адамға айналдырып жіберді. Тағы 
306 Cm. Henri Corbin, Spiritual Body and Celestial Earth, From Mazdean Iran to Shiite Iran, trans. Nancy Pearson, (London, 1990), 
pp. 51–72.
307 Ibid ., p. 51.


257
біреулері Оны діни мәннен айырып, ой қуатындағы концепцияға көтеріп жі
-
берді. Сол себепті әл-Сиджистани екіліктен бас тарту тәсілін ұсынды. Құдай 
туралы айтқанда терістеу арқылы бастау керек. Мысалы дұрысы Құдайды 
«болмыс» дегеннен гөрі «болмыс емес», Ол «бәрін білуші» дегеннен гөрі 
«білімсіз емес» т.с.с. деу керек. Алайда бұдан соң дереу бұл жансыз және 
құрғақ терістеуден бас тарту керек, яғни Құдай «болмыс болмаған емес» 
немесе «білімсіз болған емес» деп қалай түсіну керек, діл солай айту керек. 
Құдай адам тілімен анықтама беруге тіпті сыймайды және осы тілдік әдісті 
қолдану 
батини
ды сезінуге, Алланың жұмбағын шешуде тіліміздің қанша
-
лық дәрменсіз екенін ұғуға сеп болады.
Кейінгі дәуірдегі исмаилиттік ойшыл Хамит әл-Кирмани (1021 ж.ө.) 
«Ра
-
хаф әл-Ақл»
(«Ақыл бальзамы») еңбегінде екілі терістеу әдісі сезіндіретін 
ғаламат тыныштық пен бақытты суреттейді. Оған тақуалардың мағынасыз 
әрі бас қатыратын жаттығулар ретінде қарамау керек. Осы жаттығу арқылы 
исмаилит өмірінің әр қадамы мен барлық қыры мәнмен көмкерілгенін се
-
зеді. Исмалиттер 
батини
ды әрдайым сергектікпен және қайта жаңғырумен 
байланыстырған. 
Тәуил
Құдай жайлы ғылыми мағлұмат бермейді. Оның мақ
-
саты – 
батини
дың
 
рационалды пайымнан тереңірек деңгейде нұрландыра
-
тын кереметін сезіндіру, осыны сезе алатындай етіп ояту. Сонымен қатар 
тәуил
ақиқаттан қашу емес. Исмаилиттер әрқашан саяси белсенді болды. 
Алтыншы Имам Жафар ибн Садық иманды әрекет деп анықтаған. Мүміндер 
Пайғамбар мен имамдардың үлгісімен Құдай жайлы түсініктерін белсенді 
түрде күнделікті өмірге қолданулары тиіс. 
Бұл идеалдарды «шииттер ғасырында» Басрада бой көтерген «
Ихуан 
ас-Сафа»
(«Саф Бауырлар») эзотерикалық қауымдастығы да қолдады. Бұл 
ағымның исмаилиттерден бөлініп шығуы ғажап емес. Қауымдастық мүше
-
лері өздерін ең алдымен ғылыми ізденістерге (ерекше математика мен 
астрологияға) және саяси қызметке арнады. Исмаилиттер секілді «Бауыр
-
лар» да 
батини
сырларды, яғни өмірдің құпия мәнін іздеді. Олардың фило
-
софиялық ілімнің энциклопедиясын еске түсіретін «Жолдаулары» 
(«Расаил»)
өте танымал болып, тіпті Испанияға дейін тарады.
 «
Бауырлар» да ғылымды 
мистицизммен ұштастырды. Математика олар үшін философия мен психо
-


258
логияға кіріспе саналды. Сандар жанның түрлі тума қасиеттерінің символын 
көрсетті. Өзін осы жолға арнағандарға ақылдарының жұмыс істеу принцип
-
терін ұғуға жәрдемдесті.
 
Өзін терең сезіну ислам мистицизмінің маңызды 
элементі саналды. Сонымен қатар өзін танымай, Құдайды табу мүмкін емес 
деп санайтын әулие Августин секілді кейбір христиан теологтарына ұқсат
-
ты. Исмаилиттер терең құрметтейтін Сунни мистик сопыларда «кім өзін та
-
ныса – Жаратушы Иесін таниды» деген аксиома болды. Осы ұстаным «Саф 
Бауырлардың» бірінші жолдауларында-ақ айтылды
308
. «Рух санын» тамаша
-
лап мистиктер ең әуелгі Бірлікке – психикасының ең тереңінде жасыры
-
нып жатқан адамның бастапқы негізі «менге» оралатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет