Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет101/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Аббасидтер халифаты
 
тоқырауға бет бұрып, 
Платонның «Мемлекет» шығармасында сипатталған философиялық кемел 
қоғаммен ұқсастығын тіпті жоғалтып алған-ды. Әрине, Ибн Сина шииттердің 
рухани және саяси ұмтылыстарына тілектес болды. Бірақ оны 
фалсафа
дағы 
неоплатонизм көбірек қызықтыратын. Оны ол өзінен бұрынғы кез келген 
файласуфтан гөрі исламмен өте сәтті үйлестіре алды.
 
Ибн Синаның көзқа
-
расы бойынша, ғаламның тұтас бейнесін жасаймын деген талаптың үдесі
-
нен шығу үшін 
фалсафа
 
қарапайым жандардың діни сеніміне терең мән 
беруі тиіс. Өйткені ол, кімнің қалай түсіндіргісі келетіндігіне қарамастан, 
саяси, әлеуметтік және жеке өмірдің маңызды арқауы саналды. Ибн Сина 
ашық дінді 
фалсафа
ның төменгі бір тармағы деудің орнына, Мұхаммед 
сынды пайғамбарды адам ақылымен шектеліп қалмай, Құдаймен тікелей 
интуитивті таным-түйсігі арқылы байланысқаны үшін кез келген филосо
-
фтан артық көрді. Бұл сопылардың мистикалық тәжірибесіне ұқсас және 
Плотин да кезінде мұны даналықтың ең жоғарғы үлгісі деген. Алайда бұл 
ақыл иләһи ақиқатты сезіне алмайды дегенді білдірмейді. Ибн Сина Ари
-
стотельдің дәлелдеріне сүйене отырып, Құдайдың бар екендігінің рацио
-
налдық негізін жасады. Бұл кейінгі ортағасырлық ислам және иудаизм фи
-
лософтары үшін қалыпты өлшемге айналды. Ибн Сина да, басқа 
файласуф
-
тар да Құдайдың болмысына титтей күмән келтірген жоқ. Олар сұраусыз 
жатқан адамдық ақылдың түптің түбінде Жоғары Ақиқаттың бар екендігіне 
көз жеткізе алатынына да ешқашан күдіктенбеді. Ақыл – адам әрекетінің ең 
биік шыңы және Иләһи Ақылдың бір бөлшегі болып, діни ізденістерде зор 
маңыз атқарады. Ибн Сина Құдайды өзінің интеллектуалды қабілеті арқылы 


260
аша алатын кез келген адамның осылай жасауын оның діни парызы деп 
есептеді. Өйткені ақыл Құдай туралы таным-түсінікті жетілдіріп, сананы 
жалған ырым-жырымдар мен антропоморфизмнен арылта алады. Ибн Сина 
және Құдайдың болмысын рационалды айғақтармен тануға ой жұмсаған 
оның ізбасарлары, біздің сөз ұққанымыздай, атеистермен айтысқа түскен 
жоқ. Олар ақылдың қуатын Құдайдың табиғатын барынша тереңірек білуге 
пайдаланғысы келді. 
Ибн Синаның дәлелдері біздің ойымыздың қалай әрекет ететіндігін қа
-
растырудан басталады. Дүниенің қай жағына көз салсақ та, біз әртүрлі бөл
-
шектерден құралған күрделі заттарды көреміз. Мысалы, өсіп тұрған ағаш 
діңнен, бұтақтан, қабықтан, өзектен, шайырдан және жапырақтан тұрады. 
Бір құбылыстың мәнін түсіну үшін біз оны соңына жеткенге дейін бөлшек
-
терге ажыратып, «талдай» бастаймыз. Содан жәй бөлшектер бізге ең негізгі 
нәрсе боп көрінеді де, олардан түзілген күрделі заттар екінші кезекте қа
-
лып қояды. Осылайша адам бөлшекке бөлінбейтін қарапайым дүниелерді 
үздіксіз іздеумен болады. 
Фалсафа
аксиомаларының бірі: шындық логика
-
лық байланыстағы тұтастықты құрайды; бұл - біздің ұдайы қарапайымды 
іздеу әрекетіміз заттарды үлкен өлшемде көрсетуі тиіс деген сөз.
 
Барша 
платоншылдар секілді, Ибн Сина да бізді қоршап тұрған көптүрлілік Әуел
-
гі Бірлікке барып тіреледі деп ойлады. Біздің ақылымыз күрделі құбылы
-
стар мен заттарды екінші кезектегі дүние, соңынан пайда болған тіршілік 
иесі деп қабылдайды; бұл олардан тысқары бір нәрсенің ықпалынан туа
-
тын болуы тиіс. Ол - қарапайым әрі жоғарырақ тұрған Ақиқат. Көптүрлілік 
шартты, ал шартты нәрсе өзі тәуелді болған заттан кішік саналады. Мысалы, 
отбасында балалар өздерін дүниеге әкелген әкелеріне орын беретіндігі си
-
яқты.
 
Осыдан барып философтар «Қажетті Болмыс» деп айтатын, тіршілігі 
ештеңеге тәуелді емес жаратылыс сол – Қарапайым. Сондай Ақиқат ғаламда 
бар ма? 
Файласуф
ретінде Ибн Сина ғарыш рационалды түрде құрылған 
деп санады, ал парасатты ғаламның тіршілік сатысының ең биігінде себеп 
пен салдар тізбегінің бастауы – Себепсіз Себеп, Қозғалмайтын Қозғаушы 
болуы тиіс. Мұндай жоғарғы болмыстың болмауы ақылымыздың біртұтас 
ақиқатпен үйлесімсіздігін көрсетер еді. Бұл өз кезегінде ғаламда рационал
-


261
ды сабақтастықтың жоқтығын білдірер еді. Алуан түрлі және көп құрамалы 
тіршілік табан тірейтін осы қарапайым болмысты діндарлар «Құдай» деп 
атаған. Ендеше, барлығынан да жоғары осы болмыс шексіз кемел, мадақта
-
уға және табынуға лайық болуы шарт. Жаратылысы тіршіліктегі барлық нәр
-
седен мүлде өзгеше болғандықтан, ол болмыс тізбегінің жәй ғана бір бөл
-
шегі емес. 
Құдай – Қарапайымның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет