281
Құдайы болатын. Ақыры 1099 жылдың жазында Иерусалимді жаулап алып,
басып кірген соң, қаладағы бейбіт яхудилер мен мұсылмандарға Джошуа
-
ның ашуымен бас салып, бәрін қырып салды. Олардың қатыгездігін көріп,
тіпті өз замандастары да шошыды.
Бұдан кейін Еуропа христиандары яхудилер мен мұсылмандарды Құдай
-
дың дұшпандары ретінде таныды; ұзақ уақыт өздерін варвар және қараңғы
сезінулеріне жол ашқан Византиядағы Грек Православ Шіркеуіне қатты
дұшпандықта болды
324
. Бірақ жағдай әрдайым бұлай болмады. Тоғызыншы
ғасырда Батыс Христиандығының терең білім алған жандары грек теология
-
сының ықпалына түсе бастады. Кельттік философ Иоан Скотт Эриугена (810-
870) отаны Ирландияны Батыс Франктардың королі Карл Келдің сарайында
қызмет ету үшін тәрк еткен-тін. Ол Батыс Христиандары пайдалансын деген
ниетпен Шіркеудегі көптеген грек ойшылдарының еңбектерін латыншаға
аударған болатын. Бұлардың ішінде Дионис Ареопагиттің де орны ерекше
еді. Эриугена сенім мен ақыл бір-бірін кері теппейтіндігіне шын жүрек
-
тен сенетін. Яхуди және Мұсылман файласуфтары секілді, философияны
Құдайға ұласатын даңғыл жол деп білетін. Платон мен Аристотель Христиан
дінінің рационалды түсіндірмесін іздегендер үшін ең мықты ұстаздар сана
-
латын. Шіркеу әкейлерінің мәтіндерін логикалық һәм рационалды пайым
тұрғысынан зерттеуі шәкірттерін нұрландыратын, бірақ бұл тілдің тұрғыдан
ғана талдау мағынасына келмеуі тиіс еді: мәтіндердің кейбір тұстарын бей
-
нелі түрде түсіну керек-тін. Эриугена
Достарыңызбен бөлісу: