Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет108/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Кәлам
да өте қауіпті, өйткені ол нағыз 
фалсафа
ны төменсітеді де, 
халыққа логикалық ой-тұжырымдарының ақиқаттығын шынында олай бол
-
маса да сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, 
кәлам
надан адамдардың жүрегіне 


275
үрейдің тұқымын сеуіп, сеніміне селкеу түсіретін пайдасыз доктриналық ай
-
тыстарды өршітеді. 
Ибн Рушд мәңгілік бақытқа жету үшін өте маңызды саналатын кейбір 
шындықтарды қабыл ету керек деп түсінген. Бұл идея Ислам әлеміне жаңа
-
лық болды. Киелі Жазбаны дұрыс тәпсірлеу тек 
файласуфтар
дың ғана қо
-
лынан келеді және олар діни доктрина мәселелерінде басты авторитет са
-
налуы тиіс, өйткені Құран дәл осы философтарды «терең білім иелері»
319
деп атаған. Тек 
файласуфтар
ғана символикалық талдауға құқылы, қалған
-
дары Киелі Кітапты сөзбе-сөз оқып түсінулері тиіс. Дегенмен 
файласуфтар
да «иман шарттарының» міндетті доктриналарын талқысыз қабылдаулары 
тиіс, бұларға Ибн Рушд мыналарды жатқызды:
1. Құдайдың барлығы – ғаламның Жаратушысы және Тірегі.
2. Құдайдың бірлігі.
3. Иләһи сипаттар – Құранда жиі айтылатын білуі, қалауы, естуі, құдіреті, 
көруі және сөйлеуі.
4. Құдайдың ешнәрсеге ұқсамайтындығы мен салыстыруға келмейтіндігі 
Құрандағы анық айтылған «Оған ешнәрсе ұқсамайды»: 
320

5. Әлемді Құдайдың жаратуы.
6. Пайғамбарлықтың туралығы.
7. Құдайдың әділдігі.
8. Өлілердің Қиямет күні денесімен қайта тірілуі
321
.
Құдай жайлы бұл доктриналар тұтас және сөзсіз қабылдануы тиіс, өй
-
ткені Құран бұларды кесімді түрде бекіткен. 
Фалсафа
, мысалы, ғаламның 
жаратылысын әркез сенім шарты ретінде қабылдай бермейді және сол үшін 
де Құрандағы осыған ұқсас мәселелерді қалай түсіну керектігіне нақты жа
-
уап бермейді. Құран ғаламды Құдай жаратқанын анық айтады, бірақ мұның 
нақты қалай жүзеге асқанын түсіндірмейді: сонымен қатар ғаламның белгілі 
319
Құран
, 3:7.
320
Құран
, 42:11.
321 Listed in Fakhry, A History of Islamic Philosophy, p. 278.


276
бір уақыт үзігінде пайда болғаны жайлы да ештеңе айтылмаған, бұл жағдай 
файласуфтар
ға рационалды пайымға жүгінуге мүмкіндік береді. Тағы бір 
мысал, Құранда Құдайдың Білу деген сипаты бар екендігі айтылады, алайда 
біздің осы қасиетті ұғуға келгенде ортақ пікіріміз жоқ. Өйткені бізге мәлім 
білім жайлы концепция таза адами боп қалады, яғни лайықты емес. Құран 
Құдай біздің бар ісімізді 
біледі
, бұл философтар қателесіп жатыр дегенді 
білдірмейді. 
Мистицизм Ислам әлемінде өте маңызды орын иеленгені сонша, Ибн 
Рушдтың тек қана рационалды сенім шарттарына негізделген көзқарастары 
мұсылмандарға тіпті әсер етпеді деуге болады. Исламда Ибн Рушд қадірлі 
фигура болса да, екінші кезекте қалып қойды, бірақ Батыста еңбектері нағыз 
ғасырлық дүмпу туғызғандықтан, абырой-беделі кейінгі орында болды деп 
айта алмаймыз. Ибн Рушдтың арқасында Еуропалық теологтар Аристотельді 
ашты және Құдай жайында рационалды түсінік қалыптастырды. Ибн Рушд
-
тың өлімінен кейінгі уақытта Батыс христиандары ислам мәдениеті мен фи
-
лософиялық ойының дамуы жайлы тіпті ешнәрсе де білмеді деуге болады. 
Осы себепті Еуропада көбіне Ибн Рушдтың өлімі ислам философиясының 
соңы келгендігін білдірді деп есептейді. Әсілінде ол өмірде бар кездің өзін
-
де Иран мен Ирак жерінде екі атақты ойшыл еңбектене бастаған болатын. 
Екеуі де ислам әлемінде өшпестей із қалдырды. Олар Яхья Сухрауарди мен 
Мухид әд-дин ибн әл-Араби. Дегенмен екеуі де Ибн Рушдтың емес, Ибн Си
-
наның жолын қуды. Олар философияны мистикалық руханилықпен бірік
-
тіруге тырысты. Біз олардың еңбектерін келесі тарауда талқылайтын бола
-
мыз. 
Иудаизмде Ибн Рушдтың атақты шәкірті, көрнекті талмұдшы және фило
-
соф әрі раввин Моисей бен Маймон (1135-1204 жж.) болды. Көбіне оның 
аты Маймонид ретінде мәшһүр болды. Испаниядағы ислам астанасы Кор
-
довада туды. Ол жерде сол уақыттарда Құдайды тереңірек тану үшін соған 
сәйкес келетін философия болуы керек деген түсінік нығайған болатын. 
Соңында Алморавид династиясы тұсында еврейлер қуғынға ұшырады. Сол
-
түстік Африкадан шыққан берберлік секта фанаттарының құрбаны болмас 
үшін ең соңында Маймонидке Испанияны тәрк етуден басқа жол қалмады. 


277
Алайда ортағасырлық фундаменталистермен ауыр қатынас Маймонидтің 
исламға жаулық көзқарас танытуына себеп болмады. Ата- анасымен Мысы
-
рға келіп жайғасты. Бен Маймон үкіметте жоғары қызмет иеленіп қана қой
-
май, сұлтанның жеке дәрігері де болды. Мысырда ол «Құбылғандардың Ұс
-
тазы» атты атақты трактатын жазды. Бұл трактатта яхудилердің діні жүйесіз 
шашылып жатқан доктриналар жиынтығынан тұрмайды, керісінше, рацио
-
налды ережелерге толық сүйенеді деп дәлеледі. Маймонид Ибн Рушд секіл
-
ді 
фалсафа
ны діни білімнің ең жетілген формасы және қалың көпшілікке 
ашуға болмайтын, философтардың элиталық ортасында сақталуы тиіс Құдай 
жолының «патшалығы» деп есептеді. Алайда Ибн Рушдпен салыстырғанда 
бен Маймон қарапайым жұртшылықты Киелі Кітапты символикалық жол
-
мен тәпсірлеуге үйрету мүмкін емес, басқаша айтар болсақ, «надандарды» 
Құдай жайлы антропоморфты түсініктерден арылтуға болатынына сенбеді. 
Маймонид те азаптан құтылу үшін белгілі бір доктриналарды мойындау ке
-
рек деп ойлады. Назар аударарлығы, ол жасап шыққан талассыз қабылда
-
нуы тиіс он үш ереженің тізімі Ибн Рушдтың ережесіне өте ұқсас:
1. Құдайдың барлығы
2. Құдайдың бірлігі
3. Құдайдың материалдық болмыс болмауы
4. Құдайдың мәңгілігі
5. Пұтпарастыққа жол берілмеуі.
6. Пайғамбарлықтың туралығы.
7. Пайғамбарлар арасында Мұсаның артықшылығы.
8. Ақиқаттың иләһи бастауының болуы.
9. Тораның мәңгілігі туралы.
10. Құдайдың адамдардың істеріне қатыстының бәрін білуі. 
11. Құдай сотының адамдарға қатысты әділдігі.
12. Мессиандықтың келуінің жақындығы.
13. Өлілердің қайта тірілуі.
322
322 Julius Guttman, Philosophies of Judaism, the History of Jewish Philosophy from Biblical Times to Franz Rozenzweig, trans. David 
W. Silverman (London and New York, 1964), p. 179.


278
Иудаизм үшін бұл идеялар жаңашыл боп көрінді және түбінде толық 
мойындалмады да. Ортодокс концепциясы (ортопракцияға қарама-қарсы) 
Исламдағыдай Яхудилік діни тәжірибеге де бөтен болды. Ибн Рушд пен 
Маймонидтің иман шарттары дәлелдегендей, дінді рационалды және ин
-
теллектуалды әдіспен түсіну догматизмге ұрындырып, «сенімді» «дұрыс 
көзқараспен» теңестіріп жібереді. 
Дегенмен
 
Маймонид өте сақ болды және Құдайдың заты ақылға сый
-
майды деді. Құдайдың барлығын Аристотель мен Ибн Синаның аргумент
-
терімен дәлелдеді және сонымен қатар қайта-қайта Құдайдың сипаттауға 
келмейтін, адамдық түсініктен тысқарылығын ескертумен болып, оның аб
-
солютті қарапайым екенін айтты. Пайғамбарлардың қиссаға жүгініп әрдай
-
ым ауыспалы, бейнелі тіл ғана Құдай туралы саналы түсінікке жеткізетін 
жалғыз әдіс деулері кездейсоқ емес. Құдайды ғаламдағы ешбір нәрсеге ұқ
-
сатуға болмайды, сондықтан Оны сипаттар кезде терістеу әдісін қолданып 
айтқан дұрыс: «Ол бар» дегеннен гөрі Оның жоқтық екенін терістеген аб
-
зал.
 
Исмаилиттердің жағдайындағыдай терістеу пайымын қолдану Құдай
-
ының кемелдігін сезінуді күшейтеді және нағыз Ақиқаттың шектеулі адам 
ақылы ұққанынан тіпті басқаша екенін тағы да ескертеді. Біз тіпті Құдай
-
ыні «құт» деп те айтуға құқылы емеспіз, өйткені Ол өлшемге сыймастай 
бәрінен ұлық, адамдардың түсінігіндегі «құттан» тым жоғары. Біз Құдайға 
өзіміздің кемшілігімізді телімеуіміз керек. Оған таза адами қалауларымыз 
бен өкініштерімізді де телімеуге тиіспіз. Алайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет