Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет110/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

«Дионистің Көктегі иерархиясының 
айшықталуы» 
еңбегінде айтқанындай, теология «поэзияның бір түрі
325
» са
-
налатын.
 
Эриугена Құдай туралы өз пайымдарында Ареопагиттің диалектикалық 
әдісіне сүйенді, өйткені Ол жайында адам ақылының шектеулі екендігін 
еске салатын таңғажайыптар арқылы ғана сөз етуге болады. Құдай жөнін
-
дегі дәлелді де, дәлелсіз де пікірлер өзінше жөн. Құдай қол жетімсіз: тіпті 
324
Об
умонастроениях
во
время
ранних
крестовых
походов
см
. Karen Armstrong, Holy War, The Crusades and their Impact on 
Today’s World (New York, 1991, London, 1992), pp. 49–75.
325 Exposition of the Celestial Hierarchy , 2.1.


282
періштелердің өзіне Оның мәні мен табиғатын түсіну бұйырмаған. Әйт
-
се де Оған қатысты, мысалы, «Құдай 
– Дана
» деген секілді кесімді пікірді 
қалауымызша айта аламыз; әлбетте, өзіміз қадір-қасиетін білетін Құдайға 
телігенімізде, «дана» анықтамасын әдеттегідей жаттанды мағынада қол
-
данбайтынымыз анық. Бұл үшін «Құдай 
Дана емес
» деген секілді терістеуші 
сөз тіркесін еске алып, соған жүгінуімізге тура келеді. Бұл тосын байламнан 
кейін біз Құдай хақында Дионисий ұсынған үшінші пайымға аялдаймыз: ол 
– «Құдай – 
Даналықтан да зор
». Тап мұндай тұжырымды гректер апофатика 
деп атаған; өйткені «даналықтан да зор» дегеннің арғы мағынасын ашуға 
адамның ақылы қауқарсыз. Бұл – әншейін сөз ойнату емес, дәйекті әдіс: 
бірін-бірі терістейтін екі тұжырымның қатар айтылуы «Құдай» ұғымында 
жасырынған құпияны жанымызбен сезінуге итермелейді. 
Бұл әдісті «Құдай бар» сөзіне қолданғанда, Эриугена күткендегідей 
«Құдай болмыстан да зор» деген сөз тіркесіне тоқтады. Құдай Өзі жаратқан 
нәрселер сияқты бітімде болмайды; Ол – көптеген басқа жаратылыс секіл
-
ді жай бір болмыс емес (Ареопагит те осыны айтқан болатын). Әйтсе де, 
бұл тұжырым түсініксіз болып қала береді, өйткені Эриугена айтқандай, ол 
«болмыстан да зор» дегеннің мағынасын ашып көрсетпейді; Құдай басқа 
болмыстар қатарынан еместігін, бірақ бар нәрсенің бәрінен зор екендігін 
айтқанымен, бұл «бар»-дың не екендігін еш анықтап бермейді
326
. Шын
-
дығында, Құдайы - «Ешнәрсе».
Эриугена мұның өте таңғаларлық екенін білетін және өзін оқитындар
-
ды қорықпауға шақырып ескертетін. Оның әдісі бізге ұға алатынымыздай 
мағынада бір «болмысты» көз алдымызға әкелмейтін. Оның Құдайы «Бар 
болудан да жоғары»
 
327
(aliquo modo superesse)
еді. Оның болмыс пішіні біздің 
хайуаннан, хайуанның да бір тастан басқаша болғаны сияқты өзгеше еді. 
Бірақ егер Құдай «Ешнәрсе емес» болса, «Әр нәрсе» дегенге келеді, өйткені 
бұл жоғарғы болмыстың мағынасы Құдайдың жалғыз ақиқат болмыс бо
-
луы, барша нәрсенің бөлшегі болуы барлығының ақиқат заты (мәні) болуы 
326 Periphsean , Migne, PL, 426 
С
– D.
327 Ibid ., 4287 B.


283
дегенді білдіреді. Осыған сәйкес жаратылғандардың әрбірі қасиетті-тұғын, 
Құдайдың барлығының белгісі еді. Эриугенаның Кельт сенімі Әулие Патрик
-
тің: «Құдайы менің басым мен түсінігімде болсын» деген атақты дұғасында 
көрініс тапты да, Құдайдың имманентті болуына әсер етті. Неоплатондық 
түсінікте барлық жаратылысты өз болмысында тіршілік еткізетін адам осы 
киелілікті бойында ұстаушылардың ішіндегі ең кемелі саналады. Осылайша 
Августин секілді Эриугена да қараңғылық ішінде болсақ та, өз ішіміздегі Үш 
Құдайлықты (Үштік) аша алатынымызды айтады.
Эриугенаның парадокс теологиясында Құдай «Әрнәрсе» де, «Ешнәрсе» 
де. Бұл екі термин бір-бірін теңестіріп ұстайды және Біздің Құдайы сөзімізді 
бейнелей алатын мистиканы жарататын пайдасы бар. Осылайша Диони
-
сийдің Құдайы «Ешнәрсе» деген уақытта түсіндіргісі келгені не болғанын 
сұраған шәкіртіне Эриугена, иләһи жақсылықтың қамтылмайтындығын, 
өйткені оның «Жоғарғы болмыс» екендігін, яғни Жақсылықтың өзінен не 
жоғары бір нәрсе және «жаратылыс үсті» болатынын айтып жауап береді. 
Осылайша: 
Ойлаған кезіңде не боп жатыр, не болған және не болады, өйткені бар 
болған нәрселердің ешбірі емес боп ұғынылады. Өйткені барлық нәрсенің 
үстінде бір-ақ бар нәрселермен белгілі бір байланысқа түсіп, араларына 
кірген кезде, сана көзімен көрінеді, жалғыз ол ғана әр нәрседе бар, болып 
жатыр, болған және бола береді
328
.
Демек иләһи шындық жайлы ойлағанымызда, Оны «Ешнәрсе» деуіміз 
ақыл тұрғысынан қате емес, бірақ иләһи Бостық «Ешнәрседен Әрнәрсеге» 
өзгеруді қалағанында, Ол ұласқан әрбір жаратылыс Құдайлық теофанияға 
айналады, олар көріністің көрінісіне айналады
329
. Құдайды қалай Бар солай 
көре алмаймыз, өйткені біз ойлай алатынымыздай Құдай жоқ. Құдайды тек 
қана жаратылған әлемге жан берген кезінде және өзін гүлдерде, құстарда, 
ағаштарда және басқа адамдарда ашық көрсеткенінде көре аламыз. Бірақ 
бұл ұстанымда проблемалар бар. Олай болса, ғаламдағы жамандық мәселе
-
328 Ibid ., 680 D – 681 A.
329 Ibid .


284
сіне не айта аламыз? Үнділердегідей жамандық та Құдайдың бұл дүниедегі 
көрінісі ме? Эриугена жамандық тақырыбының тереңіне бойламайды, бірақ 
Яхуди Каббалистері кейінірек жамандықты да Құдай аясына кіргізуге ты
-
рысады. Каббалистер Эриугенаның оқымаса да, соған ұқсас түрде Құдайды 
Ешнәрседен Әрнәрсеге өту ретінде айқындаған теология қалыптастырады. 
Эриугена латындардың гректерден үйренетін көп нәрселері бар екенін 
айтқан-тын, бірақ 1054 жылы Батыс пен Шығыс шіркеулері, ол уақытта еш
-
кімнің ниеті бұлай болмаса да, араларындағы байланысты түбегейлі үзді. 
Қайшылық, саяси қыры болуымен қатар, Үш Құдайлық мәселесіне қатысты 
шеңберде жүріп жатты. 796 жылы Батыс епископтарының басын қосқан бір 
шіркеу мәжілісі Франциядағы Фрежюседе жиналды және Никей соборының 
сенім догматтарына бір шешуші сөз қосты. Қасиетті рух тек Әкеден емес 
Баладан 
(filioquе)
да тарайды деді. Батыс епископтары Әке мен Баланың 
теңдігін негіздемек ниетте еді, өйткені сенушілердің бір бөлігі ариандық 
көзқарастарға қосылған-тын. Қасиетті Рухты Әкеден де, Баладан да таратып, 
олардың тең орнын негіздеуді ниет еткен болатын. Аз уақыттан соң Батыс 
императоры болу бұйыратын Ұлы Карл теологиялық мәселелерде ешбір 
түсінігі болмаса да, жаңа сөзді (догмат) ұнатты. Гректер мұны қабыл етпеді. 
Батыстықтар бас тартпады және Әкелерінің бұл догматты қалағанын табан
-
ды түрде айтумен болды. Әулие Августин Қасиетті Рухты Үш Құдайлық жүй
-
едегі Әке мен Бала арасында махаббатты жүзеге асырушы бірлік принципі 
ретінде көрді. Осыған сәйкес Рухтың екеуінен де шыққанын айту дұрыс бо
-
латын және жаңа сөз үш қасиеттің Заттағы бірлігін негіздейтін. 
Гректер әрдайым Августиннің Үштік құрамына күмәнмен қарайтын, өйт
-
кені оны тым антропоморфты санайтын. Батыстықтар Құдайды түсіндірген
-
де бірліктен бастап Үштікті осы бірлік ішінде негіздесе, гректер әрдайым үш 
ипостась
пен бастайтын және Құдайдың бірлігінің заты (мәні) біздің сана
-
мыздан тысқары екендігін айғақтаумен шұғылданатын. Олар Батыстықтар 
Үштікті өте қиын ұғынылатын етті деп есептеді және латын тілі Үштік ұғымын 
қажетті деңгейде анық жеткізуге қабілетсіз деп санады. 
Filioquе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет