274
бәрібір діндарлықтың ең жоғарғы формасы екендігін дәлелдемек болды.
Еуропада Аверроэс деп атаған Әбу Уәлид Мұхаммед ибн Ахмад ибн Рушд
(1126-1198 жж.) Батыста иудаистер мен христиандар арасында өте абырой
-
лы болды. ХІІІ ғасырда оның еңбектері латын және еврей тілдеріне ауда
-
рылды, ал Аристотельдің еңбектеріне жазған түсіндірмесі Маймонид, Фома
Аквинский және Ұлы Альберт секілді атақты дін ғалымдарына қатты әсер
етті. ХІХ ғасырда Эрнест Ренан Аверроэсті еркін рухты, діннің соқыр сенімі
-
не қарсы шыққан рационализмнің ұлы қаһарманы деп атайды. Алайда Ибн
Рушд Ислам әлемінде елеусіз жан болып қалды.
Оның өмірі мен өлгеннен кейінгі даңқы Шығыс пен Батыстың иләһи
ақиқатқа ұласу мен Құдай туралы түсінікке қатысты өзгермес қайшылығын
көрсетеді. Ибн Рушд әл-Ғазалидің
фалсафа
ны төмендеткен қатынасы мен
эзотерикалық тақырыптарды тым ашық талқыға салуын қатты сынға алды.
Бұрынғы өткен жолбасшылары әл-Фараби және Ибн Синамен салыстырған
-
да Ибн Рушд тек философ қана емес, шариғат заңдарымен үкім шығаратын
қади
болды.
Ғұламалар
фалсафа
ға және оның ерекше «Құдайына» әрдайым
күдікпен қарайтын, алайда Ибн Рушд Аристотельдің көзқарасы мен дәстүрлі
ислам өнегесін біріктіре білді. Ол сенім мен рационализм арасында ешқан
-
дай да пікір қайшылығы жоқтығына, әрқайсысы өзіне тән жолмен бір ғана
ақиқатты жеткізіп, бір ғана Құдайды табуға тырысып жатқанына сенімді
еді.
Алайда барлық адам бірдей философияға қабілетті емес, сондықтан да
фалсафа
тек интеллектуалды элитаға арналған. Қарапайым адамдарды ол
жолдан тайдырады, көптеген күмәнға батырып, ақырет азабынан құтылуына
қауіп төндіреді. Сондықтан да
фалсафа
дәстүрінің эзотерикалық қалыбын
сақтап қалғаны өте маңызды: терең ақиқатты ұғына алуға қабілетті еме
-
стерге сенім білдірудің қажеті жоқ. Бұл сопылық пен исмаилиттік
батини
із
-
деністерге де қатысты, мұндай рухани тәжірибелермен дайындығы жоқтар
айналысатын болса, кесел мен әртүрлі психикалық ауытқуға ұшыраулары
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: