267
гі мен ішкі сұранысына сәйкес кейбірі
кәлам
ды таңдады, тағы бірі
имамдардың делдалдығына сүйенді, кейбірі –
фалсафа
ны құп көрсе,
келесісі – сопылық мистицизмге іш тартатын. Ол «заттардың ақиқаты
және өзіндік мәні неде» деген сұрақтың жауабын табу үшін Исламның
осы төрт ілім саласының барлығымен де айналысты. Бұл мектептердің
жақтаушылары өз жолдарының дұрыстығына сөзсіз сенетін, бірақ
әл-Ғазали мұндай сенімділікті объективті түрде негіздеуге бола ма де
-
ген сұраққа бас қатыратын.
Бүгінгі күнгі скептиктер секілді бір нәрсеге сенімді болу – психо
-
логиялық күй, сондықтан да әрдайым объективті бола алмайтынын
түсінді.
Файласуфтар
белгілі бір танымға ақыл қорытындысы арқылы
қол жеткіземіз деп сендірді; мистиктер танымға сопылық практика
арқылы ұласатындықтарын алға тартты; исмаилиттер ақиқат тек қана
имамдардың делдалдығы арқылы танылады дегенге күмәнсіз сен
-
ді. Алайда «Құдай» деп аталатын ақиқат эмпирикалық жолмен тек
-
серілмейді.
Көзқарасымыздың қате емес екенін қалай тексереміз?
Дәстүрлі дәлел түрлері әл-Ғазалидің қатаң талаптарына сәйкес кел
-
меді.
Кәлам
ілімінің мутакаллимдері Киелі Кітаптардағы пікірлермен
сөз бастайтын, бірақ бұл көзқарастар ақылдың сын тезіне салғанда
бәрібір нақтыланбады. Исмаилиттер тұтасымен «құпия» ілімге және
қол жетімсіз имамға иек артты, бірақ имамның Құдайлық ақиқатпен
көмкерілгеніне қалай көз жеткіземіз? Сонымен қатар егер имам «ғай
-
ып» болса, бұл сенімнің не мағынасы бар? Алайда ойшылдың
фалса
-
фа
дан
Достарыңызбен бөлісу: