Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


нақ өзі екендігі жөнінде философтар мен Құран



Pdf көрінісі
бет102/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
нақ өзі екендігі жөнінде философтар мен Құран
 
бір жерде түйіседі: Ол – жалғыз. Сондықтан Ол талдауға жатпайды және бөл
-
шектер мен сипаттарға тарамдалмайды. Бұл болмыс мейлінше қарапайым 
болғандықтан, Оның себебі, сипаты, мезгілдік өлшемі жоқ және ол туралы 
біз ештеңе айта алмаймыз. Құдай оймен талқылаудың нысаны емес, өйткені 
біздің миымыз Оның басқамен қарым-қатынасы аумағына жетпейді. Құдай
-
дың болмысы бірегей болғандықтан, Оны қалыпты, шартты тіршілікте бар 
ешнәрсемен салыстыра қарау мүмкін емес. Демек, Құдай туралы айтқанда, 
Оны өзіміз сөз еткен басқа нәрседен ажырату үшін теріс байламдарды пай
-
даланған дұрыс. Бірақ Құдай барлық нәрсенің бастауы болғандықтан, Ол 
жайында кейбір тұжырымдар айтқан абзал. Біз әлемде жақсылықтың бар 
екенін білгендіктен, Құдай мәнді немесе «қажетті» Мейірім Иесі болуы тиіс; 
біз жер бетінде өмір, қуат және білім бар екенін ұққандықтан, Құдай жан
-
ды, құдіретті және ең байсалды да кемел кейіппен парасатты көрінуі тиіс. 
Аристотель: «Құдай – саф Ақыл, бір мезетте талқылаудың әрекеті, ойдың 
объектісі де, субъектісі де болғандықтан, Ол тек Өзін Өзі тани алады, төмен
-
гі, шартты болмысқа назар аудармайды», - дейді. Алайда бұл барлығын 
білуші, барлығына қатысушы және жаратқан әлемінің тәртібіне белсенді 
араласушы уахи Құдайының бейнесімен үйлеспеді. Ибн Сина осы жерде 
ымыралы шешім табуға тырысты: Құдай адамдар сияқты құлқы нашар, жер 
бауырлаған тіршілік иесілардың және олардың іс-әрекеттерінің деңгейі
-
не түсуден қол жеткісіз жоғары. Аристотель айтқандай: «Кейбір заттарды 
көргеннен көрмеген дұрыс»
310
. Құдай өзін жер бетіндегі күнделікті, күйбең 
310
Метафизика
, XII, 1074b, 32. 
Перевод
под
ред

В
.
Ф

Асмуса

Цит

по
изд
.: 
Аристотель

Сочинения
в
4-
х
томах
. – 
М
.: 
Мысль

1976. – 
Т
. 1. – 
С
. 316.


262
тіршіліктің ұсақ-түйегімен алдарқатпайды. Ол уақытша, өткінші жаратылыс 
иелерінің себепшісі екенін біледі. Алайда Құдай өзін танудағы мәңгілік әре
-
кет барысында Өзінен шыққан және Өзі жаратқан барлық нәрсені қамтиды. 
Құдайдың ақылының кемелдігі соншалықты, ойы мен ісі бір ғана қимылмен 
бітеді; сондықтан Оның Өзін мәңгі тану әрекеті 
файласуф
тар эманация деп 
сипаттаған үдерісті туғызады. Осының бәріне қарамастан Құдай бізді және 
біздің әлемімізді жеке-жеке емес, жалпылама және жан-жақты біледі. 
Құдай табиғатын дерексіз түрде түсіндіру Ибн Синаны қанағаттандыр
-
мады: ол мұны діндарлардың, сопылардың және 
батини
лердің діни тәжіри
-
бесімен байланыстырғысы келді. Діни психологиямен әуестенген ол пло
-
тиндық эманация теориясына сүйеніп, сәуегейліктер тәжірибесін түсіндіру
-
ге тырысты. Ибн Синаның тұжырымы бойынша, Бірден (Құдайдан) төменге 
қарай түсетін болмыстың он сатысының әрбірінде он саф 
Ақыл
және олар
-
мен бірге рухтар немесе періштелер болады. Олар Птоломейдің он қабатын 
қозғалысқа келтіріп, Құдай мен адам арасындағы патшалықты орнатады; 
бұл 
батини
қиялынан туған архетиптік шындыққа сәйкеседі.
Бұл 
Ақыл
дар да елестету қабілетіне ие: шынында да, олар – сол таза күй
-
інде Елестетудің нақ өзі. Адамдар иләһи ақиқатты толық тануға ой талқы
-
сымен емес, Елестетудің аралық патшалығы арқылы қол жеткізеді. Біздің 
оныншы сферамызда орналасқан соңғы Ақыл – уахидың Қасиетті Рухы. Ол 
нұр мен білім бастауы – Жәбірейл ретінде белгілі. Адамның жаны әдепкі 
әлеммен біте қайнасқан практикалық ақылдан және Жәбірейілмен жақын 
қатынаста бола алатын жасампаз ақылдан тұрады. Осылайша пайғамбарлар 
себеп-салдарлық ой қорытумен шектелетін практикалық ақылдан да жоға
-
ры тұратын сфералық Ақыл секілді Құдайды елестете алуға қабілетті инту
-
итивті, бейнелі танымнан нәр алады.
 
Сопылардың тәжірибесі көрсеткендей, 
адам философтарша логика мен рационалдық танымды пайдаланбай-ақ 
Құдайдың дәргейіне қол жеткізе алады. Олар силлогизмдердің орнына 
символизм мен бейнелеу амалдарын кәдеге жаратты. Мұхаммед пайғамбар 
иләһи әлеммен тап осылай тікелей тұтасуды ең кемел сатыға көтерді.
 
Ибн 
Сина жасаған уахи мен елестетудің дәл осы психологиялық түсіндірмесі фи
-
лософияға іш тартатын сопыларға өздерінің діни тәжірибелерін талқылау
-


263
ларына мүмкіндік берді. Біз бұл туралы келесі тарауда баяндаймыз. 
Шыны сол, өмірінің аяғында Ибн Синаның өзі де мистикке айналған секіл
-
ді. «Китаб
 
әл-Ашират» («Уағыздар кітабы») трактатында Құдайды рационал
-
ды жолмен тануға сыни көзқарасын еш бүкпесіз айтып, онда бүлдіргіш си
-
пат бар деп санайды. Ол «Шығыс философиясы» (әл-хикмат әл-мәшриқииа) 
деп атаған бағытқа бет бұрды. Бұл Шығысқа қатысты географиялық атауды 
емес, Нұрдың бастауын білдіретін. Ол рационализммен қатар нұр (ишрақ) 
танымына да негізделетін эзотерикалық трактат жазуға бекінді. Біз оның 
бұл трактатты жазғанын не жазбағандығын біле алмадық. Жазылған күннің 
өзінде, бізге жеткен жоқ. Оның есесіне, біз келесі тарауда Иранның ұлы фи
-
лософы Йахйа ас-Сухрауарди 
ишрақ
мектебін қалыптастырғанын сөз ететін 
боламыз. Бұл мектепте Ибн Синаның арманы жүзеге асып, философия руха
-
нилықпен ажырамастай қауышты. 
Кәлам
және 
философия
ілімдері Ислам империясында өмір сүретін яху
-
дилерді де интеллектуалды ізденістерге бағыттады. Яхудилер араб тілінде 
трактаттар жазып, біртіндеп өздерінің ерекше философияларына аяқ басты: 
яхудилікке алғаш рет метафизикалық, спекулятивті элементтер ене баста
-
ды. Ислам 
файласуф
тарынан айырмашылығы яхуди ойшылдары философи
-
ялық мәселелердің бар қырын қамтуға тырысқан жоқ. Бар назарды тек діни 
тақырыпқа аударды. Яхудилер ислам тудырған шарттарға жауап беру керек 
екенін түсінді. Тұлғаланған Інжіл Құдайы мен 
файласуф
тардың Құдайы ара
-
сындағы қатынасты реттеуге тырысты. Мұсылмандар секілді яхудилерді де 
Киелі Кітаптар мен Талмұдтағы Құдайдың тым қатты адамиланған портреті 
мазалады. Еріксіз мұндай Құдай мен философтардың Құдайының арасында 
қандай ортақ белгілер бар деген сұрақ туындады. Сонымен қатар яхуди
-
лер әлемнің жаратылуы, уахи мен ақыл қатынасына да немқұрайлы қарай 
алмады. Әрине яхудилер бұл сұрақтарды өздерінше шешіп отырды, бірақ 
ислам ойшылдарымен байланыс өте тығыз болды. Иудаизмді философи
-
ялық тұрғыдан түсіндіруді қолға алған алғашқылардың бірі Саадиа ибн Ио
-
сиф (882-942 жж.) болатын. Ол талмұдшы әрі мутазилит еді. Ол адам тек өз 
күшіне сеніп Құдай туралы танымға қол жеткізе алады деп сенетін. 
Файла
-
суф
тар секілді Ибн Иосиф Құдай туралы рационалды ізденістерді діни мін
-


264
дет 
(митцва)
санады. Сонымен қатар Саадиа ислам рационалистері секілді, 
Құдай барлығына қатысты ешқандай күмәнданбады. Бұл факт Иосиф үшін 
онсыз да айқын дүние болатын. Содан болар, «Сенім мен пікірлер жайында» 
трактатында сенім мәселесін арнайы негіздеуді қажет деп таппады, бірақ 
діни күмән бар болуын да жоққа шығармады.
Саади яхудилерге уахидың ақиқатын қабылдау үшін ақылды шаршату
-
дың қажеті жоқ деп түсінді. Бірақ бұл Құдай шынымен де адам ақылына 
түсінікті болды дегенді білдірмейді. Ибн Иосиф 
ex nihilo
 
жарату идеясы фи
-
лософиялық тұжырымдарға толы екенін және рационалды категориялар 
негізінде ой толғауға мүмкіндік бермейтінін мойындады. Өйткені
 файласуф
-
тардың Құдайы кенеттен шешім қабылдап, қандай да бір өзгеріс жасауға 
қабілетті емес. Таза рухани Құдай материалды әлемнің бастамасы бола ала 
ма? Бұл жерде біз ақылдың шегіне жақындаймыз және платоншылдар ой
-
лағандай ғалам мәңгі емес және уақыт тұрғысынан бастауы бар екенін мой
-
ындауымыз қажет. Бұл Киелі жазбалар мен сау ақылға сәйкес келетін түсін
-
дірме. Алайда мұны қабыл ете отырып, Құдай туралы логикалық фактілер 
түзуге құқығымыз бар. Жаратылған әлемнің реті қисынмен жоспарланған, 
мұнда өмір мен күш-қуат бар. Осыған сәйкес мұны Жаратушы да Даналық, 
Өмір және Құдіретке ие болуы тиіс. Бұл атрибуттар Христиандықтың Үштік 
доктринасындағыдай Құдайдың жеке-жеке 
ипостасы
емес, тек қана Оның 
сипаттары. Бізге Ол туралы тек осы категориялар қалыбында ой жүгіртуге 
тура келеді. Тіл иләһи ақиқатты ашып беруге қауқарсыз болғандықтан ғана 
еріксіз түрде Оның абсолютті қарапайымдылығын «қиратып», атрибуттар 
арқылы ұғуға тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет