Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет98/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Осы
 
тәжірибе
 
шәкіртті қайта туғандай ететін және оған Құран
-
ның батини сырлары ашылатын. Мұндай өзгеше рухани ояну тәжірибесі 
философ-исмаилит Насыр Хусройдың (Х ғ.) өлең шумақтарында хатталып 
қалған. Ол өзін қайта түлеткен ұстазын былайша жырлайды:
Естіп бе едің оттан аққан теңізді?
Көріп пе едің арыстандай ақырған
бітімі бөлек түлкіні?
Табиғатқа дес бермес тастың өзін жарқыратар Күн қуат.
Мылқау таспын ұсқыны жоқ күлкілі, 
Күн сәулесі нұрға бөлер әр күні.


254
Түнек басқан әлемнің жарқырайды бар қыры.
Қызғаныштан айта алмаймын атын да [Имамды],
Жолында оның Платон қияр құлдыққа сау басын да.
Ол – жолбасшы, жанның емі, Алла нұры көмкерген.
Ол даналық үлгісі, ақиқат пен ілімнің 
Тұрар мәңгі басында.
Бар білімнің шағылысқан шындығы, Ей, Мейірімнің үлгісі, Дана
-
лықтың түйіні, Адамзаттың мақсаты мен биігі! 
Лайықтының Лайықтысы, 
алдыңда тұрмын нұрсыз жадау жүзіммен
жамылғы асып бойыма
жүннен болған түрінен 
Пайғамбардың қабіріндей,
Қағбаның қара тасындай 
Кие біткен қолыңды алып
Шын көңілмен сүйер ем!
305
Православтар гректердің көзінде Иса Фавор тауында Құдайлық сипат 
тапқан адамды бейнелейтін. Буддистер үшін Будда – барлығы қол жеткізе 
алатын рухани кемелдіктің символы. Дәл сол сияқты имамиттер Құдай ал
-
дында толық ашылуына байланысты имамның адамдық негізі қайта жаңғы
-
рады деп сенді. 
Исмаилиттер 
файласуф
тардың діннің сыртқы, рационалды элементтері
-
не байланып қалып, рухани мәніне атүсті қарауларынан шошыды. Осыған 
байланысты исмаилиттер Әр-Рази сынды еркін ойшылдармен күресті. Бір 
жағынан шииттіктің бұл ағымының өзіне тән философиясы мен ғылымы 
болды, бұлардың негізгі мақсат болмаса да, Құранның құпия сырына 
(ба
-
тин)
бойлау рухани ереже саналатын. Ғылыми және математикалық жолмен 
абстракцияны пайымдау – ақылды сезімдік бейнелердің құрсауынан құтқа
-
рып, күнделікті таным-түсініктің шеңберінен шығуына көмектесетін. Ғылым 
305 Quoted in Azim Nanji, «Ismailism», in ed. S. H. Nasr, Islamic Spirituality: Foundation (London, 1987), pp. 195–96.


255
исмаилиттерге қоршаған әлемдегі шындықтарды дәлме-дәл, нақты түсіну 
үшін қажет болған жоқ, ол негізінен елестету мүмкіндігін шыңдау мақсатын
-
да қолданылатын. Исмаилиттер ежелгі Ирандағы зороастримнің мифтері
-
не жүгініп, оларды кейбір неоплатондық идеялармен толықтыра отырып
құтқарылу тарихына қатысты жаңаша көзқарас қалыптастырды. Еске түсіре 
кетсек, ерте кезеңдегі дәстүрлі қоғамдарда адамдар аспан әлемінде болған 
оқиғалардың жерде қайталанып жатқанына сенетін. Платонның идеал фор
-
малары мен өзгермейтін архетиптері осы мәңгілік пайымды философия 
тілімен түсіндіреді. Исламға дейін Иранда ақиқаттың екі қыры бар болатын: 
көрінетін көк аспан 
(гетик)
және
 
жай көзге көрінбейтін жоғарғы көк 
(менок)

Сонымен қатар абстрактылы рухани әлем шындықтары да екіге бөлінетін: 
осы өмірдегі кез келген мінәжат пен адамгершілік әрекеті саналатын 
гетик
аспан әлемінде де қайталанып, адам істеріне шынайы мән мен мәңгілік си
-
пат сыйлап тұрады. 
Күнделікті өмірімізге қарағанда, кейде қиялымыздағы оқиғалар мен 
көріністердің шынайырақ, мағыналы көрініп кететіні сияқты, көктегі архе
-
типтер де жоғарғы кемелдік сезімін сыйлайтын. Бұны біздегі қиындығы көп 
кедергілерге қарсы тіршілігіміз бен өзімізді қоршаған әлемнің мән-мағы
-
насы бар екендігін түсіндірудің құралы ретінде бағалауымызға болады. 
Исмаилиттер оныншы ғасырда осы мифологияны қайта тірілтті. Исламға 
кірген соң парсылық мұсылмандар мұны ұмытып кеткен еді. Алайда ол мә
-
дени мұралары ретінде қалып қойған болатын. Исмаилиттер парсылардың 
идеясын іліп әкетіп, платондық эманация доктринасымен шебер түрде бай
-
ланыстыра білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет