Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет94/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

244
V
І

Философтар
 
Құдайы
ІХ
ғасырда арабтар грек ғылымы және философиясымен байланыс орна
-
тып, нәтижесінде, еуропалық ұғыммен қарағанда, Ренессанс пен Ағар
-
тушылық дәуірлері арасындағы мәдени өрлеуді бастан кешірді. Көпшілігі 
несториан христиандар болған аудармашылыр грек мәтіндерін араб тілінде 
сөйлетіп, тамаша жұмыс атқарып шықты. ІХ-Х ғасырларда араб мұсылман
-
дарының астрономия, алхимия, медицина және математиканы сәтті зертте
-
гендері соншалықты, Аббасидтер империясында бұрынғы араб тарихының 
бар кезеңін қоса есептегеннен де артық ғылыми жаңалықтар ашылды.
 
Мұ
-
сылмандардың жаңа типі – фалсафа деп аталатын идеалдың өкілдері пайда 
болды. Әдетте бұл түсінікті «философия» деп аударады, алайда мұның мазмұ
-
ны әлдеқайда кеңірек әрі терең. ХVIII ғасырдағы француз философтары
 
секілді, файласуфтар (арабшадағы дұрыс формасы, көпше түрі: фаласифа) 
әлемдегі жалпы заңдылықтарға сай рационалды өмір сүруге тырысты. 
Олардың ойынша, мұны шындықтың әр сатысынан айқын көруге болады. 
Алғашқыда 
файласуф
тар бірінші кезекте жаратылыстану ғылымдарына ден 
қойды, соңынан, әрине, грек метафизикасына бет бұрып, оның идеяларын 
исламмен байланыстыруға тырысты. Файласуфтар Құрандағы Алла мен 
грек философтарының Құдайының бір екеніне күмәнданбады.
 
Грек 
христиандары да эллинизммен ұқсастықты сезетін, бірақ кейіннен антика 
философтарының Құдайын пародоксалды інжіл Құдайына жақындату 
керек деп есептеді. Уақыт өте келе олар философиялық дәстүрлерінен бас 
тартқаны мәлім. Құдайдың мәніне жетуде логика пайдалы бола алмайды 
деп шешті. Файласуфтар бұған қарама-қарсы қорытындыға келді. Олардың 
ойынша рационализм – діннің ең ғажап формасы. Сондықтан олар Қасиетті 
Кітапта айтылған Құдай идеясынан да биік идея қалыптастырды. Қазіргі 
таңда ғылым мен философия дінге қарсы деп қабылдау басым. Алайда 


245
ислам 
файласуфтары
тақуа болды әрі өздерін Пайғамбардың сенімді 
перзентіміз деп санады. Діндар мұсылман болды әрі саяси сергек еді. 
Сарайдағы салтанатқа жиіркене қарайтын және қоғамды сау ақылдың 
әміріне сай жаңаша құруға ұмтылған. Мұндай батыл идеялар өте қажет 
еді: 
файласуфтар
дың ғылыми-философиялық ізденістері гректердің ой-
танымына табан тірейтін. Ғалымдарға сенім мен рационалды пайымды 
байланыстырып, өмірге деген объективті көзқарасты табу қажет болды. 
Олар үшін Құдайға мына дүниеде интеллектуалды категориядан тыс орын 
беру және дінді адам болмысынан тыс әлемнен іздеу – дұрыс шешім болып 
көрінбейтін. 
Файласуфтар
дың дінді жою ниеттері жоқ еді. Олар дінін тек 
қарадүрсін һәм тар шеңберден шығаруға тырысты. 
Файласуфтар
Құдайдың 
бар екендігіне күдіктенбеді. Жалпы, олар үшін Оның барлығы заңды еді. Бір 
жағынан олар Алланың рационалды идеалдармен толық сәйкес келетінін 
логикалық тұрғыдан дәлелдегілері келді. 
Бәрі біз ойлағандай оңай емес еді. Грек философтарының Құдайы 
киелі кітап Құдайынан барынша өзгеше екені бізге мәлім. Аристотель 
мен Плотиннің Жоғарғы Болмысы уақыттан тыс әрі әлемге араласпайтын. 
Өткінші әлемнің күнделікті ісіне кіріспейтін әрі адамзат тарихында өзін 
көрсеткен емес. Әлемді жаратқан жоқ және заманақырда ешкімді соттауға 
бекімеген. Аристотель тарих пен барлық монотеистік діндердегі ғажайып 
Құдайлық көріністерді (тәжәлли) философиядан төмен санайтын. Әлемнің 
басы да, соңы да, ортасы да жоқ, өйткені ғалам Құдайдан бұрыннан тасып 
жатыр. 
Файласуфтар 
иллюзия деп білетін тарих шеңберінен шыққысы 
келді. Өзгермейтін Құдайлық идеал әлемнің ғажайыптарын қамтып қалуды 
қалады. Рационализмге деген ерекше қызығушылыққа қарамастан 
фалсафа
да сенімге мұқтаж еді. Ғалам шынында да кемел ақылдың заңдылықтарына 
бағынады деп сену батылдықты талап ететін. Өйткені ғаламда мақсатты 
тәртіптен гөрі хаос пен қасірет көзге ұрып тұрады. Олар әлемде салтанат 
құрған қисынсыз һәм қайғылы құбылыстарға қарамастан, болмыстың биік 
мәнін сезінуге өздерін тәрбиелеу тиіс болды. 
Фалсафада 
уақыттан тысқары, 
объективті көзқарасты іздейтіндерге айрықша даралық бар. 
Файласуфтар 
Құдайлық аянмен шектелмейтін әрі белгілі бір уақыт пен кеңістікке қатысты 


246
емес жалпыға ортақ дінді армандайтын. Құран уахиын бұрыннан барлық 
мәдениеттің данышпандары ең кемел дүниелерді түсіндірген тілде жеткізуді 
міндет деп санады. 
Файласуфтар 
Құдайды құпия санамайтын, керісінше, 
Оны ақылдың өзі дейтін.
Қазір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет