253
ше, Исмаилдың өлімімен имамдардың тізбегі үзілді. Фатимидтердің Сол
-
түстік Африкадағы халифаты адам нанғысыз қуатқа ие болды: 973 жылы
астанасын Каирге ауыстырды. Ол жерде сол уақытта өте үлкен әл-Азхар
мешіті салынды.
Имамдарды ұлықтау тек саяси таңдау ғана болған жоқ. Бұған дейін айтқа
-
нымыздай, шииттер имамдар жұмбақ бір жолмен Алланың имманенттілігін
жүзеге асырады деп сенді. Шииттер Құранды символикалық түсінуге не
-
гізделген ерекше эзотерикалық діндарлықты дамытты. Олар Мұхаммедтің
немере інісі және күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке құпия ілімді сеніп
тапсырды. Бұдан соң
илм
(ілім) Әлидің тікелей жалғастық арқылы мұрагер
-
леріне, болашақ имамдарға беріліп келді деп сенді. Әрбір имам «Мұхам
-
медтің нұрын»
(ән-нур әл-Мухаммад)
оған Аллаға толықтай тәслім болуға
мүмкіндік берген пайғамбарлық рухтың көрінісін білдірді. Әрине, пайғам
-
бар да, имамдар да иләһи болмысқа ие емес еді, бірақ олар Құдайға сон
-
шалықты ашық еді. Құдай қарапайым адамдардан гөрі имамдар арқылы
толыққанды көрініс бере алатын. Несториандардың көзқарасы да осыған
ұқсайтын. Несториандар Исадан, ал шииттер әрбір имамнан іліммен толық
-
сып тұрған Құдайлық «мінәжат үйін» немесе «қазынаны»
көретін.
Илм
тек
құпия мәліметтерді ғана білдірмейді сонымен қатар рухани түлеуді де көр
-
сетеді. Да’идің жолбасшылығымен (рухани ұстаз) шәкіртке айқын түс секіл
-
ді көріністер келетін, соның арқасында жалқаулық пен надандық хәлінен
құтылатын.
Достарыңызбен бөлісу: