Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет93/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Бірақ
 
қалай 
болғанда да
 
Ибн Ханбалмен салыстырғанда Әшари «Құдай» деп аталатын 
танып білу мүмкін емес, тылсым Ақиқатты құрғақ пайымның қалыбына са
-
лып түсінуге тырысуды қате десе де, түрлі сұрақтардың соңына түсіп, көп
-
теген метафизикалық проблемалардың шешімін табуға талпынды.
 
Әша
-
ри 
кәлам
(сөзбе сөз: «сөз» немесе «сөйлесу») деп аталатын мұсылмандық 
дәстүрдің негізін қалады. Әдетте мұны «теология» деп аударады.
 
Х-ХІ ға
-
сырларда Әшаридің ізбасарлары 
кәлам 
методологиясын дамытты. Алғашқы 
Әшарилер Алланың жоғары билігі жайлы қисынды түрде пайымдауға мүм
-
кіндік беретін метафизикалық жобасын жасауға тырысты. Әшарилік мек
-
тептің алғашқы атақты теологы Әбу Бакр әл-Бақыллани (1013 ж.ө.) болды. 
«Таухид» («Бірлік») атты еңбегінде Бақыллани, мутазилиттердің адамдар 
Құдайдың барлығын рационалды пайым жолымен логикалық тұрғыдан 
дәлелдей алады деген тұжырымдарымен келісті. Өйткені Құранда Ибраһим 
мәңгі Жаратушыға табиғаттың тәртібі жайлы тынымсыз ойлану арқылы жет
-


242
ті.
 
Бірақ Бақыллани адам уахидың көмегінсіз жақсы мен жаманды айыра 
алады дегенді мойындамайды. Өйткені бұл категориялар қоршаған әлемде 
жоқ адамдар үшін мұны Құдай бекіткен: бірақ Алланың өзі адамдардың 
дұрыс пен бұрыс жайындағы түсінігіне сыймайды. 
Ислам сенімінің метафизикалық негіздемесін табуға талпынып, Алладан 
басқа Құдай да, Ақиқат та, шынайы ештеңе де жоқ екенін негіздейтін «ато
-
мизм» немесе «окказионализм» деп танылған теорияны қалыптастырды. 
Ол әлемдегі барлық нәрсе тұтасымен тікелей Құдайдың назарына тәуел
-
ді дейтін. Бақыллани әлемді сансыз тәуелсіз атомдардың жиынтығы деді: 
уақыт пен кеңістік үздіксіз емес және ешбір нәрсе өзіне тән ерекшелікке 
ие емес. Құбылысқа толы ғаламды Бақыллани дәл Афанасийдағыдай ради
-
калды түрде жоқтыққа теңеді. Тек Құдай ғана – Ақиқат, тек Ол ғана бізді 
жалпыға ортақ бостықтан құтқарады. Ол ғаламның тірегі және әрбір сәтте 
жаратылысқа жан беріп тұрады.
 
Ғаламның тұрақтылығын айқындап беретін 
ешқандай да табиғат заңдылықтары жоқ. Көптеген мұсылмандар ғылымда 
үлкен жетістіктерге жетсе де, Әшарилік негізінен дінде маңызды рөл 
атқарғанымен, жаратылыстану саласына түбегейлі қарсы болды. Құдайдың 
әлемге қатыстылығын әдепкі ұсақ-түйек құбылыстарға дейін өріп шыққан 
әрі мұсылмандарға иман қалыпты логикаға бағынбайды деген ойды жеткіз
-
гісі келген. Ол бұл тұжырымын метафизикалық түсіндірмеге салуға тырысты. 
Ақиқаттың фактіге жүгінген баянынан гөрі өз алдына бөлініп шыққан сала 
ретінде Әшарилік теология мұсылмандарға Құран мақұлдайтын «саналы 
Құдай» түсінігін қалыптастыруға көмектесті. Мұның әлсіз тұсы табиғатында 
толқымалы діни хәлді сөзбе-сөз тәпсірлеуге тырысып, ғылыми дәйектерді 
еш назарға алмауында еді. Мұндай ұстаным мұсылмандардың Құдайға де
-
ген көзқарастары мен басқа жаратылысқа қатысты қатынастары арасында 
сына боп қағылды да аралары алшақтап кетті. Мутазила да, әшарилер де 
барлығы өз білгенінше Құдай жайындағы діни тебіреністерін рационалды 
пайыммен байланыстыруға тырысты. Бұл маңызды нәрсе болатын. Күнделік
-
ті мәселелерді талқылаған секілді Құдай туралы да тартыса беруге бола ма 
деген өзекті сұраққа мұсылмандар жауап табуға тырысты. Біз бұған дейін 
гректердің мұны балансты сақтауға септеспейді деп соңында үнсіздікті те
-


243
ологияның жалғыз қажетті формасы ретінде таңдағанын білеміз. Уақыт өте 
келе мұндай тұжырымға мұсылмандар да тоқтайды. 
Пайғамбар мен серіктері өмір сүрген қоғам Бақылланидікімен салысты
-
рғанда өте қарапайым еді. Ислам империясы өркениетті әлемге тарады, сон
-
дықтан мұсылмандар интеллектуалды тұрғыдан Құдай мен әлем жайында 
барынша жетілген таным жолдарымен бетпе-бет келді. Мұхаммед инстинкт
-
ті түрде ежелгі яхудилердің иләһи ақиқатпен жанасқан тәжірибелерінің 
көпшілігін қайта жаңғыртты. Мұсылмандардың жаңа буыны да бұған дейін 
христиан шіркеуінің бас қатырған проблемаларына душар болды. Тіпті мұ
-
сылмандардың бірі Құран қатал түрде сынаған христиандықтағы Исаның 
Құдайға теңелуі секілді инкарнация сеніміне жүгінді. Исламның батылдығы 
көрсеткендей, трансцендентті тұлғаланған Құдай танымы өзгеріссіз бір 
проблеманы қайта туғызды және бірдей шешімге итермеледі.
Кәлам
 
тәжірибесі айғақтағандай, рационалды пайым арқылы жүзеге аса
-
тын логикалық әдіс «Құдайдың» танылмайтындығын делелдеуде кәдеге 
жарағанымен, бұл метод көптеген мұсылмандарды толғандырды. Исламда 
кәлам 
бәрібір батыс христиандықтағы теология сияқты емес. Алғашында 
мутазилиттерді қолдаған Аббас әулетінің халифтері көп өтпей олардың 
доктриналарын мұсылмандарға таңа алмайтындарын түсінді. Халық оларды 
«қабылдамай қойды». Рационализм исламдық ой-танымға орта ғасырдың 
бүкіл кезеңінде ықпал етіп келді, алайда мұсылмандардың көп бөлігі бұған 
күмәнмен қарады. Сондықтан ақылды басшылыққа алғандар әрдайым аз
-
шылық болып қалды.
 
Иудаизм мен Христиандық секілді, ислам да Семит
-
тік тәжірибе негізінде пайда болды. Алайда Таяу Шығыстағы эллиндік ор
-
талықтарда грек рационализмімен қайшылыққа түсті. Кейбір мұсылмандар 
Исламдық Құдайды тамыры терең әрі радикал эллиндик философияның 
негізінде қайта қарауға күш салып, монотеистік үш дінге де жаңаша фи
-
лософиялық қалыптар әкелді. Нәтижесінде Исламда, Яхудилікте және Хри
-
стиандықта Құдайлық тылсымды игеруде философияны маңызды санайтын 
әртүрлі, бірақ таңғажайып көзқарастар қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет