Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет90/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

үмбетке 
билік жүргізе алады 
деп мәлімдеді және исламның ішіндегі бөлек бір мәзхабқа айналды. Әли 
Мұхаммедтің немере інісі және күйеу баласы болғаны үшін онымен туы
-
стық байланысы бар еді. Пайғамбардың перзенттерінің бәрі сәби кезінде 
шетінеп кеткендіктен, оның бас көтерер еркек туысы Әли ғана еді. Құранда 
пайғамбарлар Құдайдан ұрпағына нығмет беруін жиі сұраған. Шииттербұл 
ұғымның аясын кеңейтіп, тек Мұхаммедтің Әлиден тараған отбасы нәсілінің 
(
әһлі бәйт
) тікелей иләһи білімге (
ілім
) ие екеніне сене бастады. Олар 
Үм
-
мет
ті
 
тек иләһи нұсқаумен ғана билейтін еді. Әлидің бір ұрпағы билікті 
қолына алса, мұсылмандар әділетті Алтын Заманда тіршілік етер еді және 
үммет 
Құдайдың қалауына сай басқарылар еді деп сенетін. 
Әлидің жеке тұлғасына деген сүйіспеншілік таңғаларлық дәрежеге жет
-
ті. Радикалды шиит топтары Әли мен оның тегін Мұхаммедтен де жоғары 
қойып, оларды тіпті Құдайдай көрді. Бұл үрдіс көркем бір иләһи нәсілден 
өрбіген таңдаулы отбасына қатысты антикалық Иран дәстүріне ұқсайтын. 
Омейядтар кезеңінің соңына қарай кейбір шииттеркемел ілімнің тек Әлидің 
нәсіліне нәсіп болғандығына сене бастады. Мұсылмандар 
үмметтің 
нағыз 
Имамы Құдайдың назары түскен осы отбасынан шығады деп иланды. Билік 
құрсын-құрмасын, мұсылмандар оның жетегіне еруге барынша мұқтаж. Әр 
мұсылман оны іздеп тауып, мойынсұнуға міндетті. Халифтер бұл имамдар
-
ды билікке қарсы оппозиция ошағы ретінде көргендіктен, оларды билік
-
тің дұшпанына балады. Шииттердің сөзіне қарағанда, имамдардың көбісін 
улап өлтірді, біразы жасырынуға мәжбүр болды. Әр имам опат болған кезде 
оның ілімін кейінгілер мирасқа алып қалуға тиіс еді. Таңдау олардың бір 
туысқанына түсіп отырды. Біртіндеп имамдарды иләһи күштің 
аватарына
(бейне) балай бастады. Олардың әрқайсысы Құдайының дүниедегі болмы
-
сының айғағы (
хужжат
) еді және жасырын түрде адам бойында иләһи қа
-
сиетті тірілтеді. Оның сөздері, әмірі мен бұйрықтары Құдайдан келеді. Хри
-
стиандардың Исаны адамдарды Құдайға бастайтын Жол, Хақиқат және Нұр 


236
деп санайтыны сияқты шииттерда имамдарға Құдайдың қақпасы (
баб
), жол 
(
сәбил
) және әр ұрпақтың көсемі ретінде құрмет көрсетеді. 
Шииттік әр ағым осы Құдайлық тізбекті өздерінше жалғады. Мәселен, он 
екі имам шиитлары Әлидің Хүсейіннен тарайтын он екі немересін қабыл
-
дады. 939 жылы соңғы немере имам жасырынып, жоғалып кетті. Кіндігінен 
өрбіген перзенті қалмағандықтан, одан тарайтын тізбек тоқтады. Жетілік 
деген атпен танылған Исмаилиттер осы имамдардың жетінші буынының 
соңғы имам екендігіне сенді. Он екі имам шиитлары арасында мәсіхшіл бір 
түсінік туды. Он екінші немесе Ғайып Имамның «Алтын Заман» орнату үшін 
қайта келетіндігі сенімі тарады. Бұлар ашықтан-ашық қауіпті ойлар еді. Ол 
тек саяси тұрғыдан ғана қауіпті емес еді. Сонымен бірге дөрекі, қарабайыр 
жорамалдардың да көбеюіне жол ашты. Кейбір шектен шыққан шииттерба
-
тини (
ішкі сезім
) жолды дамытып, Құранның символдық тәпсіріне мән бере 
бастады. Бұл туралы келесі тарауда сөз болады. Шииттердің сенім жүйесі 
басқа мұсылмандарға қарағанда шым-шытырық сипатымен ерекшеленетін. 
Мұсылмандар олардың қайта тірілу қағидасын қисынсыз бір сандырақ деп 
санады. Шииттер көбінесе ақсүйектер табы мен зиялылар арасынан шықты. 
Ирандағы төңкерістен кейін Батыс жұрты шиитларды Исламның ескіден 
келе жатқан радикал мәзхабы ретінде қабылдайды, бірақ бұл тұжырым
-
ның өзі дұрыс емес. Шииттік софистикалық дәстүрге жатады. Шындығында 
шииттердің Құранды ақылға сүйеніп (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет