241
табандылық танытты. Әшари, адамдар Құдайы жайлы тек қана символдық
тілмен сөйлей алады деген Құрандағы аргументтерге сүйене отырып, мәтін
-
шілдердің жорамалдарын қабыл алмады. Сонымен қатар рационалды ұста
-
нымды тұтасымен жоққа шығаратын дәстүршілдермен (традиционалист) де
келіспейтін. Оның басты аргументі мынау еді: Мұхаммед мұндай пробле
-
малармен бетпе-бет келмеді, егер бетпе-бет келгенде мұсылмандарға жол
көрсетер еді, ақыры мұндай шешім қалдырмаған екен, Құдай жайлы ақиқат
танымға қол жеткізу үшін барша мұсылмандар аналогия
(қиияс)
арқылы
пайымдаулары қажет.
Әшари табанды түрде ымыраға жеткізетін позицияны таңдады. Ол Құран
-
ды мәңгі және жаратылмаған Құдайы Сөзі екенін дәлелдемек болып тек
қағаз, сия және дыбыстары жаратылған деді. Әшари Мутазиланың адам
-
ның еркі жайлы доктринасын сынға алды. Оның ойынша, тек Құдай ғана
адам әрекеттерінің барлығының «жаратушысы» бола алады. Бір жағынан
ол дәстүршілдердің адам өзін құтқаруда ешқандай да рөл ойнамайды деген
көзқарастарын жоққа шығарды. Әйткенмен Әшаридің ұсынған шешімі қай
-
шылықты көрінді: Құдай адамның бар әрекетін жаратады, әйтсе де адамға
әрекетіне сәйкес сый мен жазаны иеленуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: