269
Ол жерде шынымен де іздегенін тапты. Соңына дейін ақылдың маңызды
екенін ұмытпай – ойшыл сопылықтың түрлі шәлкестіктеріне ешқашан сен
-
бейтін – әл-Ғазали мистикалық ілімнің интуитивті жолмен болса да, «Құдай»
деп аталатын болмысты тікелей тануға септесетініне өз тәжірибесімен көз
жеткізді. Ағылшын зерттеушісі Джон Боукер
вужуд
яғни «тіршілік ету» мағы
-
насындағы араб сөзі
«важада»
- «тапты»
314
деген түбірден шығады, демек,
сөзбе-сөз «табуға болатын нәрсе» дегенді білдіреді. Бұл сөз грек метафи
-
зикасындағы терминдерден гөрі нақтырақ және мұсылмандарға тәпсір
-
леуге кеңірек мүмкіндік сыйлайтын. Құдайдың бар екенін дәлелдеу үшін
араб тілді философқа көптеген объектінің бірі ретінде Құдайды жасап
шығудың қажеті жоқ. Оны табуға болатынын дәлелдей алса жеткілікті.
Ву
-
жуд
– Құдайдың абсолютті бұлтартпас дәлелі, мүмін Онымен өлгеннен соң
жеке жүзбе-жүз кездескеннен соң ғана – мүмкін болмауы да – анықтала
-
ды. Кез келген пайғамбар мен сопының Құдаймен осы жер бетінде жана
-
сқанын айтқан сөздері мұқият қарауды талап етеді. Әрине, сопылар жеке
тәжірибесінде Құдайының
вужуд
ына көз жеткізгендіктерін айтатын. Олар
-
да тіпті Құдайды экстатикалық түйсінудің
(важд)
өзгеше атауы болды. Бұл
олардың осы процесс барысында ақиқатпен шын жанасқандарын көрсетіп,
елес қумағандарын толық сеніммен
(иақин)
айқындайтын термин еді. Әри
-
не, бұл әлгіндей көзқарастарға объективті сенімділік дарытпайды алайда
әл-Ғазали сопылар арасында оншақты жыл өмір сүріп, діни тебіреніс адам
ақылына сыймайтын ақиқаттың барлығына көз жеткізудің жалғыз әдісі де
-
генге тоқтады.
Сопылық Құдай танымы рационалды және метафизикалық
танымнан түбегейлі өзгеше және сөзсіз өткен пайғамбарлардың интуитивті
тәжірибелерімен ұқсастықтары көп болатын. Осылайша сопылар жеке дара
Исламның маңызды шындықтарын
таба
білді және оның маңызды ұғымда
-
рын өз бастарынан өткізді.
Келесі тарауда көрсететініміздей, уақыт өте келе әл-Ғазали діндес мистик
бауырларына аса сақтықпен қарайтын,
Достарыңызбен бөлісу: