(credo ut intel
-
legam)
. Өйткені саған сенем: иманым болмаса тани алмаймын
332
.
Үзіндісі берілген
credo ut intellegam
интеллектуалды бас тарту емес.
Ансельм танып білсем деген үміті болғанымен, көрсоқыр иманға бет бұру
керек демейтін. Оның насихатын шындығында былай аударуға болады: «ұға
аламын, түсінігімен байланамын». Ол уақытта
credo
сөзінің әлі бүгінгідей
«сену» сөзіндей интеллектуал қыры жоқ еді, сенім білдіру мен шын берілуді
білдіретін. Батыс рационализмініңі алғашқы дүмпуінің өзінде де діни
Құдайы тәжірибесінің негізгі тақырып ретінде көрініс тапқаны, тартыс
немесе логикалық түсініктен де бұрын тұрғанын байқау маңызды.
Мұсылман және яхуди философтары секілді, Ансельм де Құдайдың
барлығы рационалды талқыға тақырып бола алады деп сенетін және көбіне
«онтологиялық» деп танылып кеткен аргументін алға тартқан-тын. Ансельм
Құдайды «бұдан да ұлық ешнәрсе ойға келмейтін Бір нәрсе» деп танытатын
(aliquid quo nihil maius cogitari possit)
333
. Бұл түсінік Құдайды танымның объ
-
ектісі бола алатындығын білдіргендіктен, Оның адам санасы тарапынан
қамтылып ұғыныла алатындығын көрсетеді. Ансельм бұл Бір нәрсенің бар
екенін алға тартатын. Бар болу, бар болмаудан «кемел» болғандықтан, ойы
-
мыздағы кемел болмыс бар болуы керек, әйтпесе кемел бола алмайды. Ан
-
сельмнің аргументі идеялардың алғашқы нұсқасын танытатын Платондық
таным аясында әлем жайлы толғағанда өтімді әрі ықпалды болды. Бірақ
қазіргі күні бір скептикке болсын әсер ете алуы мүмкін емес. Ағылшын тео
-
логы Джон МакКерри айтқандай, 100 стерлингіңіздің бар екенін ойша еле
-
стете аласыз, бірақ бұл ой қалтаңызға ақшаны салып бермейді
334
.
Ансельмнің Құдайы Болмыс болатын, осыған сәйкес Дионисий пен Эриу
-
гена тарапынан анықтамасы берілген «Ешнәрседен» өзгеше-тұғын. Құдайы
332
Прослогион
, I. –
Ансельм
Кентерберийский
.
Цит
.
изд
. –
С
. 128.
333
Прослогион
, II;
комм
.
к
Ис
. 7:9: «
Если
вы
не
верите
,
то
потому
,
что
вы
не
удостоверились
».
334 John Macquarrie, In Search of Deity; An Essay in Dialectical Theism (London, 1984), pp. 201–202.
288
жайында өзінен бұрынғы философтардан көбірек оң мағынадағы термин
-
дермен сөйлегісі келді.
Via negativa
қағидасын ұсынбайтын. Гректер Батыс
теологиясы жайында айтқанда, оларды әрдайым проблемаға ұрындыратын
түсініктері мынау: «ақыл арқылы Құдай жайында мүмкін танымға қол жеткізе
аламыз деген түсініктері» дейтін. Ансельм бір рет Құдайдың барлығын
дәлелдеп шыққанына сенімді болған соң, гректердің әрдайым ақыл мен
ұғым арқылы тануды жоққа шығарып, барынша талқылатпауға тырысқан
Қайта тірілу мен Үштік догматтарын да зерттеуге бас қойды. Төртінші
бөлімде қарастырған «
Құдайы неге адам болды»
трактатында уахидан гөрі
мантық пен ақылға табан тірейді. Інжіл және Шіркеу әкейлерінен алынған
фрагменттерден байқағанымыздай, Құдайдың затына адами белгілер
теліген түсінігін әсерлі ету үшін ғана қолданған.
Батыс христиандары арасынан Құдайдың сырын рационалды
терминдермен ұқтыруға тырысқан тек ол ғана емес еді. Замандасы,
Париждің харизматик философы Пьер Абеляр (1079-1147) иләһи тұтастықты
көрсететін Үштіктің үш қырын ғажап түрде түсіндіретін көзқарас дамытты.
Күнәлардың кешірілуі тақырыбын терең зерттеген және таңғаларлық ой
жүгірткені байқалады: Иса біздің адами сезімдерімізді ояту үшін айқышқа
таңылды және осылай істеу арқылы біздің Құтқарушымыз болды.
Абеляр ең әуелі философ еді, ал теологиялық түсініктері өте дәстүршіл
болатын. Еуропаның он екінші ғасырдағы интеллектуалды өрлеуінде
алдыңғы қатарда келе жатқандардың бірі болды және оның ізбасарлары
өте көп еді. Осы беделі оның Биргундядағы Цистерциум жамағатына тиесілі
Монастырдың харизмалық жетекшісі Бернардпен тартысуына себеп болды.
Бернард сол кездегі Еуропаның ең мықты діндарларының бірі еді. ІІ Евгений
Папа мен Франция королі VІI Людовик оның ықпалында болатын және
насихаты Еуропадағы нағыз монастырь төңкерісі болды: көптеген жастар
оның ізінен еріп, Цистерциум ағымын кұру үшін отбасын тәрк еткен болатын.
Бұл орден бенедикттердің ескі клюник діни тіршілігін реформалауды мақсат
тұтты.
Бернард 1146 жылы екінші крест жорығына үндеу тастағанда, бұдан
бұрын сапарға шығуға құлықсыз болған Франция мен Алмания жұртының
289
бұл жолғы шабытынан қатты әсерленді; әскерге қосылуға келгендердің
саны өте қатты артқаны соншалықты, Бернард Папаға жазған хатында
елді мекендердің босап қалғанын жеткізді. Цистерциум орденінің сенімі
Қасиетті Тас
Достарыңызбен бөлісу: |