Кәсіби білім мен түсінік
187
Бірақ оның мүмкіндігі шектеулі, себебі орта есеппен алғанда ересек адам
20 секунд ішінде алты-жетіден көп ақпарат бірлігін ұстап тұра алмайды.
Әр баланың жұмыс жады әртүрлі болады, бірақ бала өскен сайын жетіле
түседі. Гатеркол мен Аллоуэйдің (2007; 2008) көрсетуінше, бала жұмыс
жадын пайдалану кезінде алаңдаса немесе жұмысына кедергі жасалса,
процесс үзіліп қалады да, бала оны үзілген жерінен қайта жалғастыра
алмайды. Баланың тапсырманы қайтадан басынан бастауына тура ке
-
леді. Зерттеушілер 7–8 жасқа дейінгі 30 баладан тұратын сыныптағы
баланың кем дегенде үшеуі қалыпты 4 жасар баланың, ал қалған үшеуі
ересектер деңгейіне өте жақын 11 жастағы баланың есте сақтау қабі
-
летіне ие болуы мүмкін екенін айтады. (Gathercole and Alloway, 2008).
Жұмыс жады нашар балалар әдетте қатарластарынан қалыс қалады.
Жұмыс жадының маңызы зор, өйткені ол сөйлем жазғанда жеке сөздер
-
ді дұрыс жазу сияқты күрделі ақпаратты есте сақтауға мүмкіндік бере
-
ді. Жұмыс жады нашар балалар тапсырма аспектілерін ұмытып кетеді.
Сондықтан білікті мұғалімдер балалардың
еске сақтауын қадағалап
отырады, қысқа әрі қарапайым нұсқаулар беріп, материалдың маңызды
бөліктерін жиі қайталайды, ілеспе қимылдарды, диаграммаларды және
басқа да көрнекіліктерді қолданады, тапсырмаларды кішігірім компо
-
ненттерге бөледі және балаларды қажет болған жағдайда ақпарат із
-
деуге жетелейді. Сондай-ақ балаларды қабырғаға ілінетін диаграмма
-
лар,
сөздіктер, диктофондар, мұғалім
жазбалары және нөмірленген
жолақтар сияқты есте сақтауға көмектесетін
құралдарды қолдануға
бағыттап отыру керек. Ұзақмерзімді ес
өткен білім өзінің семантикасы
(мағынасы) мен көрнекі бейнесі (суреті) бойынша кодталады. Идеялар
-
ды диаграммалар, кестелер, карталар мен сызбалар арқылы ұсынғанда
оқу жеңіл болады. Мектеп пен колледжге
арналған оқулықтарда мәтін
-
дердің бөліктерге бөлініп берілуінің себебі осында. Ұзақмерзімді естен
алынған білімнің мәні бар. Балалар білімнің мәні болса ғана оқуға ниет
танытады. Сондықтан олар жекелеген дыбыстарды белгілі бір нәрсе
-
мен байланыстыратын мәні болмағандықтан тез ұмытып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: