Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет180/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Ата-аналардың араласуы 
Сауат ашу мен санау дағдылары стандарттарын арттырудағы 
міндеттердің бірі – аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар үшін 
ата-аналардың да араласуын қамтамасыз ету. Көбінде мұндай ата- 
аналардың өздерінің де сауаты төмен болады. Алайда инспекциялар, 
жергілікті билік органдары мен қайырымдылық ұйымдары (мысалы, 
ең жақсы көлік науқаны, білім беру ұйымы) отбасылық сауаттылық
-
ты дамыту бойынша сәтті жобалардың жүргізіліп жатқаны туралы 
айтады да жатады (Brooks 
et al.,
2008). Көптеген мектептерде ата- 
аналарға арналған негізгі дағдылар бойынша ақпараттық кештер мен 
семинарлар өткізіледі. Мектептердің бірінде мұғалімдер оқушыларға 
білім беру мен олардың санау дағдысын сенімді қолдануы үйде нығая 
қоймайды деп те алаңдаушылық білдірді. Сондықтан мұғалімдер ойын 
кітапханасын ойлап тапты, онда балалар үстел ойындарын (санау дағ
-
дыларын дамытатын) ойнай алады, ал ата-аналар апта сайын шақы
-
рылып отырады. Ойындар жас пен қабілетке байланысты түрлі-түсті 
бояумен боялады, ал ата-аналар кітапханашы рөлін сомдайды. Балалар 
мен ата-аналар ойынына негізделген бұл бастама оқушылардың дағ
-
дыларын айтарлықтай жақсартты (OFSTED, 2009). Ата-аналар бала
-
ларының сауат ашу мен санау дағдыларын дамыту үшін контекст ре
-
тінде бағбандық, кескіндеме және спорт сияқты өздерінің ерекше да
-
рындарын да пайдалана алады. Білім беру стандарттары басқармасы
(2011b: 18) «балалар мен ата-аналарға есіктен кірер-кірместен жабыса 
кетіп, алдағы уақытта өздерімен бірге болуы үшін барын салатын» бір 
үлгілі бастауыш мектептің қызметкерлері жайлы айтады. Шотландия 
Ата-аналарды оқыту аймағы (Education Scotland’s Parentzone) ата-ана
-
ларға балаларының оқуына қатысу үшін пайдалы ақпараттар, идея
-
лар мен ресурстар ұсынады (Қараңыз: www.educationscotland.gov.uk/
parentzone). 
Математика профессоры Боалердің (2009) айтуынша, атақты ма
-
тематиктердің өмірбаянына қарасақ, оларды мектеп мұғалімдерінен 
гөрі үйдегі ата-аналары берген қызықты есептер мен жұмбақтар ша
-
быттандырғанын көреміз. Математикаға деген қызығушылықты ояту 
үшін ата-аналар күнделікті тұрмыстағы заттарды, мысалы: түрлі-түсті 
моншақ, жаңғақ, болт, шайба, ойыншық текше, таяқша, өлшеуіш шы
-
ныаяқ, асүй ыдыстары секілді заттарды, сөзжұмбақтар, газет мақа
-
лалары, суреттер, белгілер, хабарламалар, түбіртектер, гүл, жапырақ 
секілді табиғи ресурстарды қолдана алады. Қалтадағы ақшаны есеп
-
теу, көлікпен саяхаттау жоспарын жасау, дүкенге, саябаққа, жағажайға 
бару, сондай-ақ асүйде немесе бақшада көмектесу – бәрі-бәрі матема
-
тикаға оң көзқарас қалыптастыру үшін таптырмас мүмкіндік. 


Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет