Тиімді
цифрлық педагогиканы дамыту
286
беру мекемелері), .co (Біріккен Корольдіктегі коммерциялық орган)
және .org (көбіне коммерциялық емес ұйымдар).
Дұрыс ақпарат алынған соң, ол тиісті қалпына келтірілуі керек.
Таңдалған мәтін кесте, тізім, диаграмма немесе аудио сияқты әртүрлі
жолдармен қайта құрылуы мүмкін. Соңғы дағды – ақпаратты тиімді бе
-
руді үйрену. Бұл аудитория алдында презентация жасау мен хрономет
-
раж, оқытуға қажет дауыс пен қарқынды басқару сияқты суб-дағдылар
-
ды қамтуы мүмкін. Букингем (Buckingham, 2007) «ақпарат» пен басқа
да бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы шекара бұлыңғыр бола
бастаған дәуірде ақпарат іздеуге көп көңіл бөлінеді деп санайды. Бала
-
лар мен жастар анимация жасау, интернет арқылы достарымен сөйле
-
су немесе қауіпсіз ортада онлайн ойындар және т.б. ұсынатын Disney’s
Club Penguin-нің виртуалды ойындарын, компьютерлік ойындар ойнау,
теледидар көрумен қатар басқа да көп тапсырмалар орындай алады.
Цифрлық сауаттылығы қалыптасқан адам осы технологияларды қол
-
данғанда өзін жайлы сезінеді, бірақ ақылға қонымды әрі қауіпсіз әрекет
ете отырып, олардың шектеулерін де біледі.
Оқушылардың цифрлық сауаттылық дағдыларын дамытудағы мұ
-
ғалімнің рөлі контекстке байланысты. Кейбір жағдайларда бұл белгі
-
лі бір оқу нәтижелері бар мұғалімдерге бағытталған міндеттер болуы
мүмкін, ал басқа жағдайда оқушыларға, мысалы, сұрақтар, тақырыптар,
уеб-сайттар немесе нәтижелерді ұсынуда көп таңдау берілуі мүмкін.
Цифрлық тұрғыда сауатты болу – түрлі
контексте технологияларды
қолдануда өзіне сенімі, білімі және түсінігі болу. Дәстүрлі
сауат ашу
мен санау дағдылары сияқты цифрлық сауаттылық жеке пән ретінде
қарастырылмауы керек. «Cambridge Primary Review» атты зерттеулер
-
де (Alexander, 2009: 270) АКТ-ның барлық оқу бағдарламасы аясында
қарастырылуы тиіс болса да, оған ағылшын тілін оқыту бағдарламасы
аясында көбірек назар аударған жөн екені баса айтылады: «Мәтінге на
-
зар аударудың қажеті жоқ, бірақ txt елемеу керек».
Қазіргі кезде балақайлар үшін АКТ-ны мәтінді өңдеу тапсырмала
-
рын орындау, көркем бағдарламалық жасақтама көмегімен сурет салу
және сан мен формаға қатысты негізгі математикалық түсініктерді
меңгеру үшін қолдану қалыпты жағдайға айналды. Көптеген мұғалім
-
дер емлені, сөз құрамын оқыту үшін және оқиға сюжетімен таныстыру
үшін әртүрлі тілдік бағдарламаларды қолданады. Цифрлық және бей
-
некамера технологиялары саласындағы үздіксіз жетістіктер 3–4 жас
аралығындағы балаларға мектепке дейінгі іс-шараларды, соның ішінде
түрлі сапарларды жазып алуға мүмкіндік береді. Мұғалімдердің цифр
-
лық кескіндерді ауызша сөйлеу дағдыларын, сондай-ақ пән бойынша
білімді жетілдіру үшін қолдануын, осы бағыттағы үздік тәжірибе деуге
болады.