Өзіндік тиімділік
1970 жылы психолог Альберт Бандура өзіндік тиімділік тұжырым
-
дамасын «белгілі бір тапсырманы тиімді орындай алатын адамның
сезімін» сипаттау үшін енгізді (Woolfolk
et al.,
2008: 400). Өзіндік тиім
-
ділік – шартты түрде алғанда адамның өз қабілеттері мен бір нәрсені
жақсы істей алатынына деген сенімі. Ол адамның танымы мен іс-әре
-
кетін, өзі жұмыс істейтін әлеуметтік жүйеде жақсы түсіндірілетінін
атап көрсеткен әлеуметтік когнитивтік теорияға негізделген (Bandura,
1986). Басқаша айтқанда, мұғалімнің ойы мен іс-әрекетін неғұрлым
кең ортада, мәселен, мектепте болып жатқан оқиғаларды зерттеу ар
-
қылы ғана түсінуге болады.
Өзіндік тиімділік жоғары болғанда ол жеке адамдарға фобиясын
жеңіп, тәуелділік пен депрессияға қарсы тұруға көмектеседі. Ештеңе
-
ге жалтақтамайтын, өзіне сенімді адамдар қиын тапсырмадан қорық
-
пайды, қайта оны тезірек еңсеруге ұмтылады. Олар сәтсіздікке ұры
-
нуын жеке кемшіліктерінен көрмейді, бірақ оны сабақ ретінде қабыл
-
дап, келесі жолы барын салуға тырысады. Ал өзіндік тиімділігі төмен
адамдар алдымен өзіне деген сенімін қалыптастыруға күш жұмсайды,
сөйтіп бастапқыда сәтсіздікке ұрынғанда олар өз міндеттемелерін
беріле орындауға бәлендей құлық танытып, табандылықпен кірісе
қоймайды.
Оқытудағы мұғалімнің өзіндік тиімділігі дегеніміз – бұл мұғалім
-
нің оқушыларының оқуға деген құлқы жоқ болса да, оларды оқытуда
немесе оқуға жұмылдыруда қажетті нәтижеге қол жеткізе алатынына
деген сенімі. Яғни мұғалімнің пән бойынша білімі, сабақты жоспар
-
лауы, сыныпты ұйымдастыруы, тәртіп сақтау және оқытудағы мақса
-
тына жетуде қадамдарын ойластыру секілді мәселелерге деген сенімді
қамтиды. Зерттеулерге (Skaalvik and Skaalvik, 2010) қарағанда, мұға
-
лімнің өзіндік тиімділігінің маңызы зор, өйткені бұл олардың жұмы
-
сының басым бөлігіне әсер етеді, мысалы:
мақсат қои�ып, соған саи� нәтижеге қол жеткізуге;
мұғалімдердің өзгерістер мен инновацияларға деген көзқарасына;
оқушыларға қосымша қолдау көрсетуге даи�ын болуына;
осы мамандықтан аи�нымауына.
Өзіндік тиімділігі күшті мұғалімдер, әдетте келеңсіздікке тап бол
-
ған оқушыларға асқан шыдамдылық танытады, ал оқушылар көбінесе
мотивацияның артуынан тек пайда көреді.
Жеке мұғалімнің жалпы кәсібіне немесе мектептегі әріптестеріне
деген сенімі қалыптасуы мүмкін, алайда жеке және ұжымдық өзіндік
Өзіңді таны
63
тиімділіктің арақатынасы әлі де зерттелмей келеді (Goddard and
Goddard, 2001). Мұғалім келесі пікірмен келісуі мүмкін: «Шынтуайтқа
келгенде мұғалімнің қолынан келері аз, өйткені оқушының оқуға де
-
ген ықыласы мен үлгерімі оның үйіндегі жағдайға байланысты». Де
-
генмен дәл сол мұғалім былай да пайымдауы мүмкін: «Егер мен шыны
-
мен барымды салсам, ең қиын немесе мүлде оқымайтын оқушыны да
дұрыс жолға сала аламын».
Өзіндік тиімділік әдетте сұхбат және сауалнамалар арқылы анық
-
талады. Мысалы, Скаальвик пен Скаальвик (2010) норвегиялық мұға
-
лімнің өзіндік тиімділік шкаласын (NTSES) жасады. 2 мыңнан астам мұ
-
ғалім әр нәрсеге қатысты өзіндік сенімділігін бағалау бойынша сауал
-
намаға қатысты. Онда: «Мектеп жұмысына қызығушылығы төмен
оқушыларды ынталандыра алатыныңызға қаншалықты сенімдісіз?»
Жалпы алғанда, NTSES 6 өлшем бойынша топтастырылған 24 нәрсені
қолданады:
нұсқаулық;
білім беруді оқушылардың жеке қажеттіліктеріне беи�імдеу;
оқушыларды ынталандыру;
тәртіп сақтау;
әріптестермен және ата-аналармен ынтымақтастық орнату;
өзгерістер мен қиындықтарды еңсеру деген сынды тармақшалар
болды.
Авторлар норвегиялық мұғалімдердің дербестікті бағалайтынын,
бірақ құжат рәсімдеуге кететін уақыттың көбейетініне және мұғалім
-
дердің сабақтан тыс уақытта да байланыста болуын күтетін ата-ана
-
лардың талабына алаңдайтынын анықтады.
Өзіндік тиімділігі жоғары мұғалім жетістікке жетуге ынталы, әр
-
дайым табандылық танытуға тырысады, өзін әр нәрседе сынап көреді
және болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Олар күйзеліске си
-
рек түседі және өзіндік тиімділігі төмен әріптестеріне қарағанда жоға
-
ры жетістіктерге жетеді. (Day
et al
., 2007). Мұғалімдер өз тиімділіктерін
мынадай жолдармен арттыра алады:
нақты мақсаттар қою қиын болғанымен, мүмкін нәрсе;
үлгілі мұғалімге еліктеу; мысалы, тиімді оқытушыларды бақылау,
сарапшылармен сөи�лесу және осы салада жетістікке жеткендер ту
-
ралы беи�нематериалдарды қарау;
өзіңіз туралы тек жағымды сөи�леу, үнемі «мен мұны істеи� аламын»
деу;
Өзіңді таны
64
өз мүддесі үшін жұмыс істеу, мысалы, музыка тыңдау, саяхаттау,
спортпен шұғылдану;
жетістікке жету күш-жігерге, тәжірибеге және уақытқа баи�ланысты;
басқалармен фидбәк жасау: мұғалімдерден, тәлімгерлерден және
менеджерлерден өзіңіздің мықты жақтарыңыз бен дамытуды қажет
ететін тұстарыңыз жаи�лы сұрау.
Достарыңызбен бөлісу: |