Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет462/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

13.10-ҚОСЫМША. ОҚУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА 
БАҒА ҚОЮДАҒЫ ПРИНЦИПТЕР 
„
Жұмысты тапсырмас бұрын, оның құрылымы мен презентациясына реко-
мендация беріңіз.
„
Сабақтың мақсатын орындауда оқушылар қаншалықты жұмыс істегенін 
оларға түсіндіріңіз. 
„
Күтетін нәтижені анықтаңыз. Оқушылардан не күтілетіні анық болу үшін 
кейбір мұғалімдер WILF-ты (What I Look For – Мен қандай нәтиже күтемін) 
қолданады.
„
Прогресті анықтаңыз (бұл істе асықпаған жөн). 
„
Баланы атымен атап, пікірді жекелеп қолданыңыз.
„
Қысқа әрі нақты пікір жазыңыз. 
„
Жақсы жасаған тұстары мен жақсарту керек жақтарына пікір айтыңыз. 
„
Оқушыларға қашан талқылайтыныңыз бен пікір жазатыныңызды айтыңыз. 
„
Деректер мен бастапқы пікірлер. 
Таргеттеу 
Таргет барлық деңгейде жасалады, жеке баладан бастап мұғалім, 
сынып, мектеп, жергілікті билік және ұлттық деңгейде. Тұтастай ал
-
ғанда, таргет қысқа, шынайы әрі мөлшерлі болады, мәселен, «келесі 
әңгімеңізді драматикалық жаңалықпен бастау». Оқушының үлкен тар
-
геттерге қарай жұмыс істейтін кездері де болады, мәселен, «байланыс
-
тарды кеңірек пайдалану». Көптеген мектептер таргет карталарды 
жеке немесе топтық таргеттерді жазуға қолданады (Clarke, 2001). Тар
-
геттерді «Менің қолымнан келеді» мәлімдемесіне айналдырып, жеке 
оқушының тұрақты жетістіктеріне негіз қалыптастырады. Таргеттеу – 
баланың жетістігін күшейтудегі маңызды стратегия. Таргет күрделірек 
болуы керек, бірақ баланың бастапқы оқу деңгейіне сәйкес келуі тиіс. 
Таргеттеудің артындағы көп себептің бірі – өзінің оқуына қатысты оқу
-
шының шешім қабылдай алуын дамыту. Ең үздік тәжірибеде мектептер 
өздерінің Мектеп басқару жоспарын оқушылардың таргетімен тікелей 
байланыстырады (OFSTED, 2004). Сынып таргеттері сабақта көрсетіліп 
ескерілетін болса, жеке оқушы таргеттері көбіне оның кітабының ішін
-
де көрсетіледі. TES Connet уеб-сайтында таргетті тегін жүктеудің мы
-
салдары бар. Мысалы, Мемлекеттік оқу бағдарламасының әр деңгейі – 
көрсетілген жазуға арналған таргеттер. 


Ширату өнері 
544


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет